Әрине бар.Футбол болу үшін мемлекет керек.Бізде бәрі бар.Ақша да жетеді.Дұрыс дайындай білсе талантты ойыншыларды да шығаруға болады.Өйткені біз қазақ халқы текті халықпыз.Тарихтан білсеңіздер қазақ болғалы(Қазақ хандығы құрылғаннан бастап) бізден небір ұлы,аңыз адамдар шыққан(Өнер саласынан,спорттан,саясаттан т.б)шыға да береді.Ал осындай елде футболдың болашағы жоқ дегенге келіспеймін.Басқа футболы нашар,футбол ойнай алмайтын,футболы жоқ елдерді біздің елмен салыстырмаймын.Олардың жөні бөлек.Бізде тек федерацияны ауыстыру керек басшысынан бастап.Орнына қазақша білетін,қазақша ойлайтын ұлтшыл азаматтар отыруы керек.Егер сөздің шынына келсек қазіргі билік басындағыларды (НАН-нан бастап) кетіру керек,тазалау керек.Қазір елді басқарып отырғандар орысша сөйлеп,орысша ойлайтын бір топ адамдар.Бәріміз де жауыр болғанша айта береміз:Неге футбол дамымайды,неге анау мынадай,мынау мынадай деп.Осы мәселелердің барлығы "жоғарыдан қарап отырған" №1 адамға тірелетінін түсінбейміз әлде түсінгіміз келмейді.