0 дауыс
6.4k көрілді
Мұқағалидің қызы Майгүлдің өмір-баянын қай сайттан алсам болады???

2 жауап

+2 дауыс

Мұқағали Мақатаев өмірі жайлы.Немесе мына жерден.Ұрпақтары.Ал Майгүл жайында өлең осы жерде.

img src="http://fotohost.kz/images/2013/03/26/5HUWM.th.jpg

Кешіріңіз маған Майгүлдің өмірі керек еді. Ал қалғандарына көп РАХМЕТ!
көп РАХМЕТ!
+1 дауыс

Мұқағали ақынның екі ұл, төрт қызы бол­ған. Бірақ Ләззат атты тұңғыш қызы кіш­кентай кезінде шетінеп кеткен. Екінші қызы Майгүл Алматыда 6-сыныпта оқып жүрген кезінде көлік қағып, қайтыс болған. Одан кейінгі Жұлдыз де­ген ұлы – заңгер. Қазір Алматы қаласында жауап­ты қызмет ат­қа­рады. Оның жұбайы Ба­қыт­­күлдің ма­ман­дығы – құрылысшы-ин­же­нер. Жұлдыз бен Бақыткүлдің тұңғышы Айман Ал­ма­тыдағы Басқару академиясын үздік бітіріп, сол оқу орнында ұстаз болып жүргенде аяқ ас­ты­нан ауырып, қайтыс болған. Одан кейінгі Ай­жан мен Әсел екеуі де – экономист.

Мұқағалидың екінші ұлы Айбар да – Ал­ма­ты­да, мамандығы – құрылысшы. Ақын­ның қы­зы Алмагүлдің мамандығы – кітап­ха­нашы, қа­зір шағын кәсіпкерлікпен шұғыл­да­нады. Оның қызы Роза – компьютер бағ­дар­ламасын жа­сау­шы. Мұқағалидың кіші қызы Шолпан – шет ті­лінің маманы, әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлт­тық уни­верситетінде ұстаз. Оның ұлы Болат кол­леджде оқиды.

02.08.2011

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 16.01.2022 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...