+2 дауыс
5.7k көрілді
Тұз ауыр ма? Қыз ауыр ма? дегеннің мағынасын айтып беріңіздерші? Және сіз үшін тұз ауыр ма? Қыз ауыр ма?

4 жауап

0 дауыс
Смотря қанша кг тұз и конституциясы қандай қыз))))))

Негізсі астарлы мағынасын түсінбедім, бірақ естіліп жүрген тұрақты сөз тіркесі ))
1 тн тұз боса ше?
Онда тұз ауыр да, 1 т қыз болмайд шар))
+5 дауыс

 

«Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалды: «Қазақ <қызым қанымнан туған, келінім бағымнан туған> деп қарап әр екеуін өзіне лайық жосынмен тәрбиелеп, қадыр тұтқан.Сондықтан қыз жолы жіңішке әрі ауыр деп біліп, қыз көңілін қалдырмаған, қалаған, сұрағанын аямаған, қыздың қабағына қарап ой дүниесін ұққан.Бұл мақал осыған орай туған» деп түсіндірген.Қазақ қызды осылай деп бағалайтыны рас, бірақ мақалдағы «Қыз» сөзінің беретін мағанасы бұл емес.Ал аталған сөздікте бұлай түсіндірудегі себеп сөз мағынасын түсінбеуден болып отыр.Бұл арадағы «Қыз» сөзі қызға (қыз балаға) қаратылып айтылып тұрған жоқ, «Қыз» жоқшылық, тапшылық, қымбатшылық мағынасындағы сөз, мысалы:Ақтанберді жыраудың:
  түйе мойнын тұз кесер,
  жігіт мойнын қыз кесер,
  сартылдаған сары аяз,
  жылқының мойнын мұз кесер.
  _ деген шумақтағы «Қыз» жоқшылық мағынасында екені түсінікті болса керек.Махмұт қашқари да «Қыз _ қымбат.Қыз нең _ қымбат нәрсә.Бұ ат қыз алдым _ бұл атты қымбатқа алдым, » (М .Қашқари «Түркі тілдер сөздігі» ұйғұрша, 1 – Том 426 – Бет) деп мысалымен түсіндірген.Өкінішке орай осы:
  түйе мойнын тұз кесер,
  жігіт мойнын қыз кесер,
  сартылдаған сары аяз,
  жылқының мойнын мұз кесер.
  деген өлең жолдарын «Қазақтың қысқаша тарихының» ханзу тіліндегі нұсқасында былай деп аударыпты:
  骆驼断头于盐,
  对付小伙子的是姑娘。
  刺骨的严寒,
  冰天雪地对马形成挑战。
  міне бұл аудармадан не ұғуға болады.Демек сөз мәнін түсінбеуден өлеңнің құдыреті жойылған, Қайран өлеңнің қасиеті қашып, «Бөтен сөзбен былғанып» тұр.

*

"Тұз ауыр ма, қыз ауыр ма?" дейтін қыздың салмағы жеңілдеп жатыр. Ауыр тіршіліктен шайлыққан əйел дертке шалдығып жатады.  Ондайды  "көтеріліп ауырады"  дейді қазақ.  Қазір осындай дертпен ауыратын қазақтың қыз-келіншектері ауылдарда жыртылып-айырылады.  Маңайында өрт шықса,  күйесі кімге болса да жұқпай ма?  Тіпті,  өзі азбағанмен маңайындағы азғындыққа шыдамай жаппай күйзеліске ұшырауда бейбақтар.

Махаббат Әлем құшағында емес, Әлем Махаббат құшағында...

Күнгейге Күн түссе, Теріскей жылынады...

Көрген көріктіден көрмеген көріксіз сүйкімдірек.

...Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Кім біледі, жұмбағы көп болса, қыз ауыр шығар, ылғалы көп болса, тұз ауыр шығар...

0 дауыс

Чатқа кірші....................................

0 дауыс
Қыз деген қыздың еркелігі ал тұз дегенді қандай мақсатта пайдаланғанын білмедім.
...