+2 дауыс
150k көрілді
Достар!!! Маған тез арада өмір туралы шығарма қажет!!!! Алдын - ала рахмет!!!

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмір - театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны поезбен теңестіреді. Онда кездескен жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты поездан түсетін жерлері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді.
Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең.
Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе?
Jan жазады "Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр." Бұл сөздің де жаны бар. Осы сайттың күрделілігі де сол болар.
+1 дауыс
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?

"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?

 Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

"Бақыт" түсінігі.Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
+1 дауыс

Өмір – сырға толы, қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір – теңдесі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет. «ӨМІР -КҮРЕС» дейді ең бастысы «Дүние алма кезек» дегендей, жалғандағы БАРША қиындықтың уақытша екендігін ұғынып,«ӨМІР» атты кемеде қатарыңнан қалмай жолыңда кездескен қиындықтардың барлығын да жеңе білу керек. Сонда ғана біз өмірдің ғажайыптылығын сезіне аламыз. Мен туғанымнан бері тағдырдың сан түрлі соқпақтарында кездескен қиындық атаулының барлығын дерлік, шынайы сенімділікпен «Тек алға!» деген өмірлік ұстанымым арқылы ШАМАМНЫҢ КЕЛГЕНІНШЕ, жеңіп келемін. Кейде ойлаймын, «Менің осыншалықты сәттілігім мүмкін менің дүние есігін ЖЕҢІС КҮНІ АШҚАНДЫҒЫМНАН болар», – деп.Бәлкім, мұндай себептен емес те шығар… Қалай десек те, менің өзімнің басқа жай күндерде емес, дәл осы күні, яғни халқымыз үшін ерекше маңызды Жеңіс күнінде тууымды «жай кездейсоқтық» деп қарамаймын. Мені мұндай байланыс қатты толғандырды. Сол себептен болар, жас жүрегімде мынадай жауқазын жыр… тұнды: (Кейбір кездерде осылай жыр жазатыным бар)

Жеңіс күні келіппін жер бетіне,
Күн күлімдеп қарапты келбетіме.
Тыңдаумен бесік жырын, жеңіс жырын,
Бесігімде жатыппын тербетіле…

Өмір деген күрес қой түсінгенге.
Жаралғанмын күресу үшін мен де.
Жеңіс күні туған соң жеңістерге,
Талпынамын көрсетіп ісімді елге.
Нақты ой жүзі өткір семсердейін,

Өмірде ЖЕҢІМПАЗ болып жүрсем деймін.

Ұлы Абай, Шәкәрім іздерімен,

Болашаққа жол бастап ерсем деймін.
Жырларым жүдеп, ауырған емен,
Ықпайды, қара дауылдан келем. …
Арқалап жырды, арқам жауыр боп,
Ақындық атты ауылдан келем.

Өстім мен арманшыл болып бала жастан,
Анамдай күліп маған қарады аспан.
Жас сырын жүрегімнің сан ұқтырып,
Қол создым асқар тауға «жанып тұрып»…

Р.S. Өмір – өзен тоқтамайды ағысы…

0 дауыс

Өмір деген үлкен күрес

Адам баласы дүниеге келгеннен кейін, қызықтап бұл дүниені тани бастады. Қыр сырын, тау тасын зерттеп, дәм-тұзын көріп жүрген балалық шаққа не жетсін. Өсе келе сол айналаға қарап, бақылау, зерттеу сезімі азайып кететінін байқадым. Өмірлік құндылықтар өзгеріп кетеді ме, әлде адам әсте шаруашыл болып кетеді ме, түсінбей қойдым. Әйтеуір, бос уақыт таппай, ахілеп-ухілеп күнделікті жоспарланған істеріңді әзер жасап жүресің. 

Дегенмен, сол балалық шақтағы жан дүниеңде өмір сүрген Ғалым адамды жоғалтып алмау керек екен. Уақыты келгенде, жан-жағына қарап, табиғатқа көз тастай, одан сабақ шығару да өнерлі адамның ісі. Алайда, ондай адамдардың барлығы дерлік ғалым, хакім бола бермейді. Адамдар сан алуан, ішкі жан дүниелері жан жақты болатыны хақ емес пе? Сол секілді, әрбір тұлға жеке алдына бір әлем.

Інімнің күресу шебері ой салды

Туған жерім – алтын бесігім» деп келген болсам да, жазда шаруаға беріліп, жұмыс жасап кетінің қалыпты жағдай. Жаз мезгіліне әйтеуір біршама істердің жиналып қалатыны бар ғой. Сондай жұмыстардан кішкене басымды демалтып, бақшаға шықсам, Бектас інім көшенің кіші балаларын жинап алып күрес ұйымдастырып жатыр екен. Тыраштанып барлығы күресіңсіп жатыр. Араларында кіші інім Асқарды байқап қалдым. Жығылып қалса да, көзіне жас келіп, намыстанып бойға алдырмай қайтадан күреседі. 

Кіші кезе қандай өнерлі болады екенбіз. Неткен қайрат пен жігерлік дейсің ғой. Ұтылса да, берілмей намысқа тырысып жатады. Құндылықтар деген жатыр дейсің. Кім біледі, мүмкін ортаға қойылған сникерске бола ма, әлде ағаларының алдында беделі түспесін дей ма, білмеймін. Дегенмен, қиындыққа берілмей, басын салбыратпай сол мақсатына жету үшін тырысқаны жеткілікті болды. 

Үлкен өмірге қадам басқан адамдардың жігерлері кейде сол кішкентай балалардың намыстануына да жетпей қалып жатады. Жарты жолдан беріліп, үлкен жеңіске қадам қалғанда бас тартып жатады. Шынында, өмір деген өте қызық. 

0 дауыс
Өмір адамға бір ақ рет берілетінін бәріміз де білеміз. Бірақ осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? \"Адам болып қалу үшін ғаламда,үлкен арман керек екен адамға\"- деп,Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай, адамға қанат бітіретін ол әрине ой-қиялы,мақсат мүддесі.Мақсаты жоқ адам қанаты қайырылған құспен тең. Өмірге келгесін артымызға өшпестей із қалдымасақ та,адамгершілік пен рухани құндылықтарды ұмытуымызға болмайды.Шекспирдің болжамы бойынша,адамдардың жақсы немесе жаман болуы - бір затқа екі түрлі көзқараспен қарайтындығында.Менің бұл өмірде білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз екендігін өте жақсы білем, және де бұл өмірден бәрін біліп кеттім деген адамды әлі кездестірмедім бәлкім жоқ та шығар... Өмірден өз түйгенім бойынша өлең жолдарын швғарған едім сіздермен бөліскім келеді.
Ей, адамзат өтіп жатыр,
Өмірдің уақыт кемесі
Тоқтата алмас ешбір себеп
Уақыт құрғыр шіркінді.
Көзіңді аш,еңсенді көтер
Өмірге қара оң көзбен,
Мұңға батып,басыңды иіп,
Әлсіздік әлек танытпа
Жалқау боп алмай,
Жер жастанбай,
Еңбек қыл ел қатарлы.
Өмірді сүй,жан тәніңмен
Пайдалан мүмкіндігіңді
Бәріміз қонақ,
Бұл өмір сұраұ
Шешімін тапсақ,болармыз зор-ақ.
+1 дауыс

Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ.

Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.

Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.

0 дауыс
Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.
0 дауыс
Өмірдің өзі жұмбақ бір,өмірдің өзі қызық- ақ,

Жап- жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.

Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық- ақ,

Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап...

Қадыр Мырза- Әли осы өлең шумақты бекерден бекер жазбаған. Әр адам баласы өз өміріне өзі жауап. Адам өз жолымен барып оның дұрыс не бұрыс екенін білмей тұрып, оны түзеумен жүреді. Егер адам өмірдің қызығы неде?- деп, сұрақ коя отырып, сол сұраққа жауап таба білсе сонда ғана өзінің жолын таба алады. Кейбір адамдар өмірін өзенмен теңиді. Неге десеңіз? Өйткені өмір өзен сияқты тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жандар өз аранасын тапса, ал кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып өз жолын таба алмай жатады. Адам баласы қандай да бір қиыншылықты ақыл- оймен, сабырлықпен, жеңе білу керек. Қоғамдағы жат, жаман әдеттерден арылып, аулақ ұстап, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстап, әр нәрсенің қадірін білсе сонда ғана қызықты әрі қуанышты өмірді өткізеді. Сондықтын менің ойымша Қадыр Мырза Әлидің өлең шумақтарындағы оқырманына айтылған ойы өмірдің қызық екенін, болашақ күндеріңді білмей тұра сол күндерді қайғы- мұңсыз қуанышпен өткізу керек екенін жеткізген. Өйткені өмір- адамға бір-ак рет берілетін үлкен сый.
0 дауыс
Өмір барлық адамдарға тиесілі өмірде кейде күлеміз,кейде жылаймыз өмірге адам бір-ақрез келеді сол өмірін жақсы және ыңғайлы сүру қажет кейбір адамдардың ең басты қателігі өмірді ойыншық сияақты көруі немесе бір адам бір адамның өмірін ойыншық көруі жиі кездеседі  . Өмірде сен қиналсаң жаныңнан табылатын ата-анаң және бауырларың,туыстарың көмектеседі сен бір титтай  қиыншылыққа тап болсаң ата-анаң жүгіреді сол себепті ата-анамызға қамқор болайық және қасыңнан табылатын досың достыңда жаманы, жақсысы, адалы, адал емес болып келеді досың адал болса бірге  биік шыңға шығамыз ал досың адал болмаса биік шыңға шыға алмаймыз  досың жоқ болса адал емес доста болғаны жақсы өтірік болсада сенің көңіл күйіңді көтереді өтірік болсада жаныңда жүреді өмірде  адал адамдарда бар  өмір болған соң  өмірдің қатал екенін білеміз  біресе жылаймыз бір есе күлеміз өмірді бағалайық өмірді қазынадай көрейік ц

Ұқсас сұрақтар

...