Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температура көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ол қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас, әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).
Белгілері:
Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.
Емдеу жолдары:
Антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз.
Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады.
Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп берңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б.) көп бермеуді кеңес етеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін. Ауырғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы ішімдік ішпеңіз.