Сол қылмыс жасайтындардың не үшін сондайға баратынын ойлап көргендер бар ма?Мен әрине бәрін жақтап тұрған жоқпын.Бірақ солардың көбі күн көріс үшін,ақша үшін сондайға барады.Күннен күнге қымбатшылық жайласа,жұмыс табылмаса не істейді басқа халық.Мысалы ең бірінші ұрлыққа барған адам басында ойлауы мүмкін:1-2 рет жағдайым дұрысталғанша жасаймын деп.Одан әрі дәнігіп кетеді дүниеге,жаман әдеттерге де баруы мүмкін.Осының себебі жоғарыдағы жазғанымдай.Заңды күшейтсе керісінше адамдардың ызасын тудырады.Қазірдің өзінде бір сотталып шыққан адамның адам қатарына қосылуы қиынның қиыны.Ешқандай мүмкіндік жасалмаған.Бізде әділетсіздік шегіне жеткен.Ең кемі тауық,қой ұрлағандар 5 жылдан кем емес мерзімде сотталады.Ал жемқорлыққа белшесінен батқан,ақшаны түгімен жұтқан лауазымды,бастық сымақтар бәке,сәкенің арқасында жәй ғана жұмысынан шеттетіліп немесе басқа қызметке жіберіледі.