0 дауыс
7.0k көрілді

Қыз балаға неге кәрі жілікті жегізбейді?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кәрі жілікті тек қарияларға ғана тартады, аты айтып тұрғандай кәрі яғни кәрілердің ризығын алу үшін тартылады

Мәселен: қазақтың қарияларына кәрі жілік асып берсе қатты қуанады. Егер табаққа екі кәрі жілік қатар салынса, шалдар таласа-тармаса кәрі жілікті әбден тақырлап мұжып болған соң үйлеріне алып кетеді де, оны тұмар орнында сандыққа салып сақтайды. «Үйіне ұры түспейді, қораға, малыма қасқыр шаппайды» деп ырым етеді. Қазақта кәрі жілікке қатысты ауздан-ауызға тарап келген мынандай бір аңыз болған. Бұрынғы заманда мыңғырған малы бар бір бай қайтыс болғанда үйіндегі жалғыз ұлына: «Балам сен қанша мал сойсаң да кәрі жілігін далаға тастама, тіс тигізбей тақырлап мұжы да, кесте тоқыр біз сүйегіне ши қыстырып қораны айналдырып іле бер?!» деп өсиет айтады.
Досбол, менің білуімде бір табаққа екі жілік қатар салынып тартылмайды.
+1 дауыс
Кәрі жілікті ұстатпаған себебі-кәрі жілік ұстаса куйеуге шықпай,кәрі қыз атанады -деп,ұстатпаған.
+1 дауыс
Қазақта кейбір мүшелердің өз реті бар. Қыз балаға сыбағасы деп құйымшақ жегізген. Кәрі жілікті "кәрі қыз болып, отырып қаласың" деп қыз балаға ұстатпаған.
+1 дауыс
Ет мүшелерінің атаулары.
№ Мүше атауы. Төрт түлікте аталуы.
1. Бас. Ірі қарада екі шеке
2. Жақ. Қой ешкіде тілмен тұтас жүреді, ірі малдың жағы
екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.
3. Жақ ет, ұрт ет. Ірі қараларда бөлек алынады, көбінесе қуырдаққа
пайдалынылады.
4. Мойын. Алты буын. Бұл қонаққа, сыйлы адамдарға
арналған табаққа салынбайды.
5. Мойын ет. Ірі қарада бөлек салынып алынатын ет, көбінесе
қуырдақ қуырылады.
6. Бұғана. Екі жақта үш талдан алты тал. Мүше орнына
салынады.
7. Қара қабырға. Алты тал. Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа
салына береді.
8. Сүбе. Етіменен алынған алты қабырға. Таңдаулы
мүшелердің бірі.
9. Қазы. Семіз жылқыдан 20-ға жуық қазы айналдырады,
кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне
айналдырады.
10. Төс. Қыз – күйеулер үшін таңдаулы мүше.
11. Төс ет. Жылқы, сиырда осылайша айтылады. Көбінесе
қуырдақ жасалады.
12. Төстік. Қойда осылай аталады. Терісеімен істікке шаншып
отқа қақатап құйқасымен жейді.
13. Ауыз омыртқа. Соғым сойған күні табаққа салынады немесе мал
сойған кісіге шикідей беріледі.
14. Кәрі жілік. Қолда болады,жілік мүшелеріне кіреді. Қыз балаға
берілмейді.
15. Ортан жілік. Жұмыр жілік деп те аталады.Қолда болады
мүшелік жілік.
16. Асық жілік. Санда болады, соңғы таңдаулы мүше.
17. Тоқпан жілік. Санда болады, ең етті жілік.
18. Жамбас. Ірі малдың әр жамбасын міндетті түрде екіге бөліп
асады. Қойдың ешкінің, жамбасы тұтас асылады.
Ең таңдаулы мүше.
19. Жая. Жылқының жауыр еті, оны сүрлейді қақтап
кептіруге болады.
20. Белдеме. Қой, ешкіде бел омыртқа, ірі қарада жалпақ
омыртқа деп аталады, таңдаулы мүше қатарына
жатады.
21. Мойын омыртқа. Отбасының өзі жейді.
22. Ұзын омыртқа. Арқа омыртқа деп те аталады, сүрленеді, қонаққа
салынады.
23. Жүрек. Көбінесе қыз баланың сыбағасы.
24. Үлпершек. Жүрек қабына толтырылған, шұжық тәрізді май,
кесек ет.
25. Бауыр. Майлы өкпеге қосып жеуге жақсы. Оны қатырмай
пісіреді, қуырады.
26. Көк бауыр. Талақ деп те аталады. Асып та, қуырып та жейді.
27. Бауыр ет. Ірі малда бөлек салынып алынады. Асып қақтап
жеуге қуыруға, --------- қосуға пайдаланады.
28. Бүйрек. Балалар сыбағасы саналады.
29. Ұлтабар. Ұсақ малдың таңдаулы, ең майлы мүшесі.
30. Қата. Жылқы малының ең таңдаулы мүшесінің бірі.
31. Қима. Сиырдың майымен айналдырып, шумақтаған тоқ
ішегі.
32. Тоқ ішек. Тоқ ішектің соңғы ұшы майлы болады, бірақ
қонақтың табағына салынбайды.
33. Ащы шек. Өкпе – бауырға қосып қуырылады.
34. Желін. Шап майымен бірге алынап сүрленеді.
35. Қарын. Қойдың етімен бірге табаққа түседі, қуырылады да,
жылқы қарны қарта орныныа да жүреді.
36. Өкпе. Қуырдаққа жарамды, оны пісірерде көп қайнатады,
қонақтың табағына салынбайды.
37. Жал. Жылқы етінің таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе
сүрленеді.
38. Сирақ. Қой – ешкінің (кейде тайыншаның)сирағын үйтеді.
Балалар сыбағасы.
39. Бүйен. Ертеректе май, ет тығып өсіп, түйрек, жұмыр
дейтін тағамдар жасаған.
Қыз – келіншектер сыбағасы.
осындайй толық жауапты неге жж таңдамасқа?!
Әр қолданушы өзіне ұнағанын таңдайды да.(hi)
Досболдың бірінші жауабы сұраққаНақты жауап беріп тұр,ал екіншісі толық толық болғанымен жанама жауап,әрі қай жерден алғанына сілтеме жасамаған))))
+1 дауыс
Біріншіден кәрі жілік дейтін сүйек жоқ, қолдың қар жілігі деп айтылады

Екіншіден тек қыз бала ға емес жастарға көп беріле бермейді, себебі ол басқа сүйектерге қарағанда  еті  жұмсақтау, былжырап  піседі
Мәке,ол адам мүшесінде қар жілік делінгенімен мал мүшелерінда кәрі жілік деп аталады, ал басқаларына келісемін.
...