+3 дауыс
556 көрілді

Қазіргі кезде жастардың, жасөспірімдердің, балалардың да кітапты аз оқитындығы өтірік емес. Әдеби кітаптар, өзіне пайдалы бір нәрсе алу үшін кітап оқу дегенді қоя тұрып, тіпті үйге мына кітапты оқып кел деген тапсырма берілсе де  интернеттен краткое содержание оқи салады.  Кітапханаға кеттім деген сөзді де естімейміз. Сонда кітап өз беделін (авторитетін) жоғалтты ма? Сіз кітап оқисыз ба?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына жерде қарап отырсам бәрі де жақсы жауап беріпті,бірақ айтқандары көбінікі өтірік. Қазір жастар әдеби кітап оқымайды,оқығандарының өзі ауыз толтырып айтуға тұрмайды, оқыса көбінің оқитыны поэзия. Кітап бұрынғы беделін 80 пайызға жоғалтты деп айта аламын. Оның бір дәлелі бұрын әдеби романдар 80000-150000 тиражбен шығатындары болған, соның өзі жетімсіздік жасайтын,ал қазір мықты деген тираждар 5000-6000 шамасында, содан ақ байқауға болады. Бұл кітапқа деген сұраныс күрт азайды деген сөз, ал ол оқырман жоқ, немесе жоқтың қасы  деген сөз. Ал бұған себеп толып жатыр. Мысалы: Интернеттің өмірімізге дендеп енуі, Бұрынғы қарт жазушылардың өзі де,еңбектері де бұл дәуір идеологиясына сай келмеуі, Жас жазушылардың,яғни осы дәуірдің жазушылары қалыптаса қоймауы(өз басым ондай болатынына сенімсізбін), тағы бір үлкен себеп қазіргі балалардың ғаламтор өсегін білім деп қабылдайтындығы(интернетті керекті дәрежеде пайдалана алмайтындығы),т.с.с. Егер осы қалыппен кете берсек біраз жылда біздің ұлт мәңгүрттенеді де, ұрпақ ертеңін білмейтін,келешегі тұман қалыпқа түседі. Бұл қорқынышты.

Гүлжанның қойған сұрағы , бәріміздің басымыз ауырып жүрген сұрақ. Қазір осы қазақша кітап баспасы мәселесіне үкімет тарапыныан түк көмек жоқ. Қазақша аударылған әлем өдебиеттері  ,ғылыми еңбектер өте аз. Осы саладағы аудармашы мамандықтардың қазақ тіліне аударатын мәртебесін көтеріп , мемлекет көңіл бөлсе, балаларды кітапқа қызықпайды деп айта алмаймын. Өз балаларым мектепте қазақша оқығанмен, әдебиетке , тарихқа келгенде орысша оқуға мәжбүр. Мысалы, Гарри Поттер шыға салысымен орысша аударылып,қызыққан орыс тілді білетін баланың бәрі оқып шықты. Ал ауылдық жерде орыс тілінен шорқақтар, киносын көрумен ғана шектелді.Тоқ етері, балаларға арналған  қазақша  әлем әдебиеттерінің басылымы жоқ.
Жақсы, сізбен  келісемін!Аудармалардың аз екендігі шындық, балалар орысша оқуға мәжбүр. Тіпті осы сұрақты қоюға түрткі болған әңгіменің өзін орысша оқыдым)))
Ия мәселенің басы сол қазақ тілінің мәртебесі боп тұр ғой ! Басқа пікірлерімде  қазақ азаматтарының ана тілінен басқа бірнеше тіл меңгергені дұрыс деп айтқанмын. Бірнеше тілді меңгерген , жақсы аудармашылар  дәрежесіне жеткендер, өте аз болып тұр емеспе?
Бірнеше тілді меңгергендер қоғамда баршылық, бірақ олардың көпшілігі аудара алса да аудармайды. (жеке пікірім)
Ия, тағы да дұрыс айттың! Бірақ қаржы мәселесі ғой сол баяғы! Жеке аудармамен айналысатын фирмаларда бар аудармашылар, бірақ көпшілігі жеке бір мамандыққа байланысты аудармашылар., табыстары да жаман емес. Ал әдебиетті аударатындар  аз екен. Қалталылар, оған қаржы бөлгеннен гөрі , шетелдің бизнесіне қаржыларын асырып жіберіп жатыр.Үкімет басындағы қазақсымақтарға бәрі бір болып тұр ғой.
ех(((((((((
+1 дауыс

Актуальный сұрақты табасын әйтеуір)))

Мен үшін кітаптың авторитеті жоғалмайды ешқашан, ондай көп оқымасам да аз оқып жүргем жоқ. Кейінгі жылдары азайтқаным болмаса бұрын бірінен кейін бірін оқитын кездерім болған. Ең алғаш кітапқы қызыққан кезім... 

обшым несіне жазып отырмын, Айтабер сайтына жазғаным бар,мына жазбаны қарай сал

обшым сол сайтқа біраз нәрсе жазып тастаппын)) Ең соңғы оқыған кітабым жылдың басында Сәбит Мұқановтын әйелі Мәриям Мұқонованың кітабы, өзімнің атамды еске түсірді, қызықты кітап сөз жоқ! 

актуалды сұрақ расымен де! Әркімге әрқалай ғой! Менің осы сынды бір сұрағым болған,қателеспесем!8-|
мен ғо))))))))))
Мынау кітапты оқуға советую, қып-қызық http://www.rulit.net/books/pered-vahtoj-read-229552-1.html
оқып көрейін*
+1 дауыс
Иа, маған да кітап оқымағалы көп болды. Компьютерде отырғалы бері, жартыбас болып кеттік, не істейміз енді жұмыс солай.

Кітап электронды кітапқа айналды. Дегенмен, кәдімгі қағаз кітапқа жетпейді.
+2 дауыс
Мен инеттен iздеп оқуға тырысам, кiтап өз беделiн ешқашан жоғалтпайды, ол адамның қолында бiрақ! Рас, жасөспiрiмдердiң басым көпшiлiгi кiтапханаға бармайды, Өкiнiштi-ақ! Кiтап-рухани байлық! Адамды ақылды қылатын кiтап! Сондықтан барынша кiтап оқуға тырысу керек, ертең болашақта өмiр қайық сияқты болса, ал бiлiм ескек деп ойлаймын.
0 дауыс
кітап ақылшы досың дейді ғой,бірақ осы ақылшы достың қадірін қазіргі жастар түсінбейді,кітап күннен күнге ұмытылып барады,,бұл не деген сұмдық кітап ұмытылса заман қоғам не болады,сондықтанда кітапхана орталықтары көптеп ашылса және барлығының кітапқа деген қызығушылығы артса қандай жақсы!!!!
0 дауыс
Кітап өз беделін жоғалқан емес, және жоғалтпақ та емес.
Жоғалтпайды дегенге мен де сенемін, бірақ беделінің түскенін жасыра алмаймыз! Бұған балалардың кітап оқымайтындығы, кітапханаға мүлдем бармай кеткен негіз бола алады.
0 дауыс
Jako мырзаның айтып өткені тек бұл мәселенің бірінші факторы ғана. Бұл дегенім проблема тек бұған ғана тірелмейді. Мәселе материалдық жағдайда. Бірінші, ақын, жазушысының 80000-150000 қылып шығаруға жағдайы жетпейді. Ал мемлекеттен көмек дегенді ұмытқан жөн. Жанашырдың бары шамалы.Екіншіден, Ақын бұл кітаптарды шығару үшін өз қалтасын тауысты. Ал оған күн көру керек. Сондықтан кітаптар да қымбаттай түседі. Ал қымбат кітапты өзі қалтасы шұрық тесік халық алуға қалай шамасы жетсін. Шамасы жетсе де алмайды, себебі тамағы бар, басқасы бар оған да күн көру керек. Сол үшін үздіксіз жұмыс. Ал жұмыстан қолы тимей, шаршап жүрген адам қалай рахаттанып кітап оқысын. Басқаша айтқанда, өмір қиындап кетті ол адамдарға жұмыстан соң немесе выходной-да(қазақшасын еске түсіре алмай жатырмын. кешірерсіздер) жайбарақат қолына кітап алып оқуға мұрсат жермейді. Ал, жастарға келетін болсақ. Біріншіден, барлығы тәрбиеде жатыр. Екіншіден, мектепте де, Теледидарда да, Интернетте кітаптарды қарқынды жарнамалап, қызықтыра білсек, оқитыны сөзсіз.
Дұрыс-ақ, бірақ Jako мырзаға пікір ретінде жазбадың ба?!))))))))))
Нұрболат Өндірбаев,айтқандарыңызға 100 пайыз қосыламын,бұдан басқа да факторлары толып жатыр,сондықтан да себептерін жазғанда аяқ жағына т.с.с.(тағы сол сияқтылар)деген белгі қалдырдым.Ал мемлекет тарапынан қолдау жардымсыз екені де,кітап алу қалтаға ауырлық түсіретіні де өкінішке орай рас.Әдеби кітаптар тұрмақ мектеп оқу құралдары есебінде шығарылған кітаптардың өзі масқара қымбат(нольевойға баратын жеткіншектің бір кітабы базарда 900-1000тг.тұрады,және бұл бір кітап емес қой),бұл ұрпақ біліміне балта шабу дегенмен бірдей. Осыған қарағанда мемлекет оқушыларға қарағанда алыпсатарларға жағдай жасауда ма деген ойда қаласың.
...