Jako мырзаның айтып өткені тек бұл мәселенің бірінші факторы ғана. Бұл дегенім проблема тек бұған ғана тірелмейді. Мәселе материалдық жағдайда. Бірінші, ақын, жазушысының 80000-150000 қылып шығаруға жағдайы жетпейді. Ал мемлекеттен көмек дегенді ұмытқан жөн. Жанашырдың бары шамалы.Екіншіден, Ақын бұл кітаптарды шығару үшін өз қалтасын тауысты. Ал оған күн көру керек. Сондықтан кітаптар да қымбаттай түседі. Ал қымбат кітапты өзі қалтасы шұрық тесік халық алуға қалай шамасы жетсін. Шамасы жетсе де алмайды, себебі тамағы бар, басқасы бар оған да күн көру керек. Сол үшін үздіксіз жұмыс. Ал жұмыстан қолы тимей, шаршап жүрген адам қалай рахаттанып кітап оқысын. Басқаша айтқанда, өмір қиындап кетті ол адамдарға жұмыстан соң немесе выходной-да(қазақшасын еске түсіре алмай жатырмын. кешірерсіздер) жайбарақат қолына кітап алып оқуға мұрсат жермейді. Ал, жастарға келетін болсақ. Біріншіден, барлығы тәрбиеде жатыр. Екіншіден, мектепте де, Теледидарда да, Интернетте кітаптарды қарқынды жарнамалап, қызықтыра білсек, оқитыны сөзсіз.