0 дауыс
193k көрілді
Өтініш маган мамандық туралы мақал-мәтелдер тауып бере аласыздарма?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1) Бал ұстаған бармағын жалар

2)Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді

3) Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін

4) Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан
5) Шебердің инесі де алтын,
Cоққан күймесі де алтын
6) Шеберді саусағы асырайды
7) Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды

8) Диқан жерді анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді
9) Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды
10) Малды баға білмеген пайданы таба білмейді
11) Жұмысы жоқтың ырысы жоқ
12) Ата кәсіп балаға нәсіп
13) Күндіз қойын күтерсін,кешке жүнін түтерсің

14) Тігіншіні инесі асырайды
15) Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.

Орақшының жаманы орақ таңдайды
+2 дауыс

Гаухар Необыкновеннаяның жауаптары ұнамады ма? Бар кәсіпке жазыпты ғой тіптен!

маған қатты ұнайтыны мынау:

Алуан-алуан кәсіп бар,

таңдай біл де,талап қыл!

0 дауыс
Бал ұстаған бармағын жалар

Ұстаның бізі сүйкімді,жақсының сөзі сүйкімді

Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін

Алтын менен күмісті,
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны,
Мерген үшін жаратқан.

Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.

Шеберді саусағы асырайды

Бейнет қыл да зейнет қыл.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.

Алуан-алуан кәсіп бар,
таңдай біл де,талап қыл!

Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.

Диқан жерді анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді.

Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды

Малды баға білмеген пайданы таба білмейді

Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек
Гипократ
Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады

Жұмысы жоқтың ырысы жоқ

Ата кәсіп балаға нәсіп.

Күндіз қойын күтерсін,кешке жүнін түтерсің.

Атан түйе жүк астында қартаяр.

Тігіншіні инесі асырайды.

Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.

Орақшының жаманы орақ таңдайды.

Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.

Еріншектің ертеңі бітпес.

Шеберді саусағы асырайды.

Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Түйір нан – тамшы тер.

Сен істі сүйсең, іс саған бас.
0 дауыс

1ұстазы жақсының ұстамы жақсы2мамандықтың бәрі жақсы

0 дауыс
Бал ұстаған бармағын жалар
Орақшаның жаманы орақ таңдайды
Сеністі сүисен іс саған бас
Еріншектің ертеңі бітпес
0 дауыс
Аза,арнур егер

 сендер окысандар ертен Маган  окыдым Деп келындер.мен Адилмин
0 дауыс
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сила
Мектеп білім бұлағы білім өмір шырағы т.б.
...