+1 дауыс
1.2k көрілді
Сәлем достар! Бұл сұрағым тым орынсыз шығар бірақ білгім келеді.

Бар десе жоқ деп ,жоқ десе бар деп кейде өтірік айтатын орнымыз болады.Меніңше қазіргі заманда өтірік сөйлеу,өтірік жауап беру,өтірік алдау деген сияқты жат қылықтар жанымызды жаулап алған секілді.Тәнімізді жалған сөзден арылту үшін ,бойымызды қалай  ұстаған жөн?Жалпы өтірік сөйлегенге қалай қарайсыз? Өміріңізде жалған сөйлеппедіңіз? Түбінде тесіп шықты-ау  деген кезіңіз болды ма? өз ойларыңыз...........

10 жауап

0 дауыс
Өз өзімді алдып нем бар, өтірікті көп айтушылардың бірімін)) Өтірікті екіге бөліп қарастырамын,

1 зиянды өтірік, тойыс, сол өтірігінің кесірінен өзге адамның жапа шегуі.

2. Жәй өтірік)) Просто қазір мен саған "менің салмағым 100 кг" десем, өтіріқ қо әрине)) бірақ ешкімге зияны жоқ ол сөзімнің))

3. Пайдалы өтірік. Көбіне жүкті әйелдерде аяқтары маймиып, бетте пигментация пайда болып, әбіржіп тұрғандай көрінеді, еще сонда сұрайда ғо "қандай болып тұрмын" деп, сол кезде "әдемі, сенен асқан сұлу жоқ, сүп-сүйкімді болып тұрсын" десе мяааааз болып қалад)) оның көніл күйіне де әсер етеді жағымды сөздер. Но ол өтірік, әбіржіп тұрған адам қалай сүп-сүйкімді болад)))
2-ге бөлем деп 3-ке бөліп жібердің ғой)))
Адамдар үшке бөлінеді: санай алатын және санай алмайтын (с) )))
да уж с мудростью не поспоришь ))))))))))
ОРЫС АУЛАҚ КЕТ )))
S.A.K ары ойнаш
ахахах не боган на жерде
қатырасың жүкті әйел сонысымен әдемі ғо
0 дауыс
Өтiрiк сөйлемейтiн адам кемде кем, бәрiнiң де өтiрiк сөйлеген кездерi бары анық! Өтiрiк сөйлеудiң пайдасы да бар, бiр жағынан зияны да аз емес, Өтiрiк айтуды әдетке айналдырывалған адамдардың шын сөздерiне де ешкiм сенбейд)) сондықтан өтiрiктi орынды айта бiлген адам ғана ақылды!
+1 дауыс
Өтірік айту, айтпау адамның өзіне байланысты ол белгілі бір амалдар қолданудың қажеті жоқ
0 дауыс
Өтіріктің 2 түрі бар,меніңше,бірі табыстыру үшін,енді бірі шағылыстыру үшін.Мысалы,бір-біріне ренжіскен достардың біріншісіне ренжісіп қалыпсың ол сені ренжіткені үшін өкініп жүр деп айтып,келесісіне де осындай өтірікті құрастырып берсең,ренжіскен достардың бір-бірінд деген реніштері ұмытылып,қайтадан дос болады.Осындай өтірікті айтудың айыбы жоқ,өзім осындай өтірікті көп айтам)))екінші өтірік шағылыстыру,яғни адам сыртынан ғайбат сөздер айту.Бұндай өтірікті пайдаланбаймын)
Алдар көсені н/е Ертегілерді көп оқып және қарайтын адамға ұқсайсыз.
Аха,кішкентай кезімде ертегіні көп оқыдым, Алдар көсені де жақсы көрем.
+1 дауыс

Өтірік-деген алты әріптен тұратын сөз,оның жақсысы да,жаманы да сол әріптерден құралып,солай дыбысталумен айтылады айырмасы жоқ. Сондықтан өтіріктің аты өтірік,одан аулақ болған жақсы,десекте ол өте қиын.

Сіздердің пікірлеріңізге қарап ешкімге сене алмай қалам ба деп қорқам! Мұхаммед Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) 63 жасына дейін өтірік сөйлемеген және адамдарды өтірік сөйлеуден аулақ болуды ескерткен! Бұған не дейсіз???? Меніңше жарылып бара жатсаңыздарда тура сөйлеуге тырысайық пікірлеріңізге рахмет! Егер осы сұрақты ашып қараған қолданушылар болса өз пікірін жазар деп ойлаймын! Аз да болса сіздерді толғандырмай қоймас!
йа ол солайғо онда  бәріміз пайғамбар болып кетемізғо өтірік сөйлеп тұрғанын сезе тұра індемеген онда сен де өтірік айтқанмен парапарсың негізі өтірік айтқан адам қандай жағдайда айтты соны ажрата білу керек  жалпы мен өтірік айтқанды өте жақсы көрем
0 дауыс
өтірік айту керек кездерде болад мысалы пайғамбарымыз адамдарды татуластыру үшін өтірік айтуға болад деген
0 дауыс
Қазақ болып аз жүрдікпе көп жүрдік. Қазақ болып туылғалы күн көрдік. Қанша заман жатса дағы арқада, Қалмайдекен еш уақытта қулық сұмдық ӨТІРІК.
0 дауыс
Біз періште емеспіз,пендеміз,сондықтан өмірде өтірік айтпайтын адам бар дегенге сену қиын.Өтірік айтпайын десеңде бір күні айтуға тура келетін кездер болады,адам болғасын.Сүйкімді қыздың өзі өмірінде өтірік айтып көрмеген бе екен,соны білгім келеді.
–1 дауыс
Өтіріктің пайдалы кездерін пайдалануға тырысам !  Былай өтірік сөйлейтін болсаң адамдар сенен безіп кетеді ғой !
+1 дауыс
Шындығы азайғанның досы азаяды.
Ғұламалар өтірікті үлкен күнәлар қатарына қосады. Алла тағала мен Пайғамбарымызға қатысты өтірік айту аса күпірлік. Қасиетті Құранның 167 жерінде өтірік айтудың күнә екендігі ескертілген. Басқа үлкен күнәларға мұншалықты көңіл бөлінбеген. Осының өзі-ақ өтіріктің қаншалықты ауыр екендігіне кепіл. Өтірік айту – кәпір немесе мұнапық екі жүзді адамның ісі.
Қасиетті Құранда: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне солар өтірікшілер» делінген («Наһл» сүресі, 105-аят). Араб тілінде өтірікші адамды «кәззәп» дейді. Ислам білгірі ибн Хажар: «Өтірік – бір оқиға туралы біле тұрып, оны теріс түсірдіру» дейді. Өтірік шындыққа қарама-қайшы жаман әдет. Өтірік айту тек сөзбен емес іс-әрекетпен де болады.
Құрани Кәримнің «Наһл» сүресі, 116-аятында:
«Мынау адал, мынау арам» деп ауыздарыңа келген өтірікті айта бермеңдер. Әйтпесе Алланың атынан өтірік айтқан боласыңдар» делінсе, «Зүмәр» сүресінің 60-аятында: «(Мұхамед с.ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің» делінген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім менің атымнан өтірік айтса, өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген. Біреулер өзі білмей тұрып пәтуа беруді әдетке айналдырған. Басқаларды һидаятқа саламын деп Алла және оның елшісінің сөздеріне ижтиһад жасайды. Білімсіз ижтиһад жоқ. Бұл үлкен күнә. Ижтиһад жасайтын адамға ғана пәту беру рұқсат етілген. Расулулла (с.ғ.с.): «Егер адам өтірік сөйлесе күнәға батады. Күнәға батса, кәпір болады. Кәпір болса, тозаққа кіреді» деген.
Ғұлама ибн Қайим: «Өтірік айту арсыз, жағымсыз қылық екеніне ешқандай күмән жоқ. Ол нифақтың (екіжүзділіктің) белгілеріне және күпірліктің тармағына жатады. Күпірліктің өзі сол өтіріктің бір көрінісі» дейді.

Өтірік айту адамды иманнан бездіреді
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өтіріктен сақтаныңдар! Себебі ол бұзықтыққа апарады. Ал бұзықтық тозаққа апарады. Адам өтірікті әдетке айналдырса Алланың алдында өтірікші болады» дейді.
Ислам ғалымдарының бірі әл-Маудари: «Өтірік – барлық жамандықтың жиынтығы, барлық әдепсіздіктің негізі. Оның нәтижесі өте жаман. Себебі ол өсек таратады. Өсек жек көрушілікке апарады. Жек көрушілік дұшпандыққа апарады. Дұшпандық адам баласынан тыныштықты кетіреді, бейбіт тірліктің берекесін қашырады. Кімнің шындығы азайса, оның дос азаяды» депті.
Имам Маликтен риуаят етілген хадисте: «Алланың Елшісі, мүмин қорқақ бола ма?» деп сұралды. Пайғамбарымыз: «иә» деді. «Алланың Елшісі, мүмин сараң бола ма?» деп сұралды. Тағы да «иә» деп жауап қатты. «О, Алланың Елшісі, мүмин өтірікші бола ма?» деп сұралды. Ол кісі: «жоқ» деп жауап берді» делінген. (Сафуан ибн Сулайм)
Осы хадисте өтірік өте жаман күнә екенін, өтірікші адам мүмин-мұсылман бола алмайтынын ескертіп тұр. Имам Байһақи Әбу Бәкірден риуаят еткен хадисте: «Өтірік айту адамды иманнан бездіреді» деген.
Исламда өтірік айту қорқақтық пен сараңдықтан да жаман. Демек, өтірік айтудың қоғамға зияны көп.

Жалған сөйлеу – рухани қылмыс
Ислам дінінде «рухани қылмыс» деген түсінік бар. Ислам діні рухани қылмысты өте қауіпті деп санайды. Өйткені, рухани қылмыс үлкен күнәларға жол ашады. Сондықтан да кез келген рухани қылмыс қоғамға қатер. Бірақ қазіргі заңдарда рухани қылмыс жасаған адамға жаза жоқ. Мысалы, өтірік сөйлеу – рухани қылмыс. Оған қылмыстық һәм азаматтық кодексте жаза қарастырылмаған.
Ал ислам дінінде балиғат жасына жеткен әрбір адамның титтей өтірік айтуы жазасыз қалмайды. Әрбір күнә амал дәптерге жазылады. Сосын қиямет күні міндетті түрде әрбір лайықты жазасы беріледі. Ислам діні өтірікті әдетке айналдырған адамды Алланың дұшпаны санайды. Қияметте ең ауыр азаппен Алланың дұшпандары жазаланады.
Өтірік сөз бен іс-әрекет адамдардың жүрегіне дақ түсіреді. Өтірік айтушы – адамдардың сенімінен айырылады. Адамдар оның сөзіне, ісіне сенбейтін болады. Оны орталарына араластырғысы келмейді. Атамыз қазақ айтқандай: «Өтірікшінің шын сөзі заяа кетеді».
Жалпы алғанда, иманды қоғамда, ақиреттен үміті бар адамдар арасында өтірікке орын жоқ. Керісінше, имансыз дінсіз қоғамда бірін-бірі алдау-арбау өтірік айту әдетке айналады. Мұндай да өтірік айтпасаң жұмысың бітпейді. Өтірік сөйлей алмаған адам бейшара саналады. Ондай қоғамда өмір сүрген халық азғындап, түбі құрып тынады.
Кешегі Кеңес одағы дінсіз еді. Сол себепті өтірік көп айтылды. Адамдардың еті өтірікке әбден үйренді. Бір-біріне сенбейтін әдет қалыптасты. Өйткені, имансыз пенделер бір-бірін кез келген сәтте алдап кете беретін. Ақпарат саласындағы жалған марапаттаулар өлшеусіз рухани қылмысқа жол ашты. Ақыры өтірік қоғам құлап тынды.

Ең үлкен қиянат сенген досыңды алдау
Қарапайым адамдар өтірік айтқан адамның өзіне ғана зиян деп ойлайды. Өтірік барлық нәрсені жалын сияқты күйдіріп өтеді. Имам Ахмад ибн Ханбал Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте: «Кімде кім сәби балаға «мынаны ал деп» шақырып алып, оған ештеме бермесе, ол адам өтірікші болады» дейді.
Имам Әбу Дауд риуаят еткен хадис шәріпте Әбдулла ибн Әмір (р.а.) былай дейді: «Мен кішкентай бала болатынмын. Анам: «Әй, Әбдулла бері кел бір нәрсе беремін» деп шақырды. Пайғамбарымыз анама: «не берейін деген едің?» деп сұрады. Анам: «құрма берем» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Егер шақырып алып ешнәрсе бермесең, саған бір күнә жазылатын еді» деді.
Осы хадиске амал етіп көрсек, бала-шағамызға қандай тәрбие беріп жатқанымызды, қаншалықты исламға сай өмір сүріп жүргенімізді аңдауға болады.
Тағы сол сияқты Имам Ахмад ибн Ханбал (р.а.) риуаят еткен хадисте Айша анамыз: «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) үшін өтірік сөйлеуден жаман құлық жоқ еді. Егер бір адамның азғантай болса да өтірік сөйлегенін біліп қалса, сол адам тәубе қылмайынша қарамайтын» дейді.
Екінші бір хадисте: «Ең үлкен қиянат сенген досыңа өтірік айтуың» дейді. (Имам Ахмад ибн Ханбал)

Мұнапық болу кәпірден де жаман
Пайғамбарымыздың хадистерінде: мұнапықтың үш белгісі болады: сөйлесе өтірік айтады, уәде берсе орындамайды, аманатқа қиянат жасайды, деген. Демек, өтірік айту – мұнапықтың бірінші сипаты. Ол екіжүзділіктің үштен бірі. Әрине, өтірікке бой алдырған адам соңынан уәдесінде тұрмайтын болады, аманатқа қиянат жасайтын болады. Ақыры толық мұнапыққа айналады. Мұнапық болу кәпір болудан да жаман. Екіжүзді адам Құранның үкімі бойынша тозақтың ең төрінен орын алады.
Имам Термизи Ибн Ұмардан (р.а.) жеткізген хадисте: «Егер пенде өтірік сөйлесе, бұл қылығынан періштелер одан бір мил арыға ұзақтайды» дейді. Демек, пендені қорып жүретін періштелер де өтірікшінің қылығынан жиіркеніп, одан қашады екен.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үнемі: «Ей, Жаратқан ием, жүрегiмдi екi жүздiлiктен және тiлiмдi өтiрiк сөйлеуден сақтай гөр!» дұға ететін болған.

Өтірік айту – ризықты азайтады
Асбиханий Әбу һурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ата-анаға жақсылық қылу – өмірді ұзартады. Өтірік айту – ризық-несібені қысқартады. Дұға – қазаны қайтарады» депті. Осы хадисте өтіріктің бұл дүниедегі зияны – ризық-несібені азайтатындығы айтылады.
Демек, өтірік сөйлегені үшін адамның жеке басының, кәсіпкердің кәсібінің, мекеме бастығының мекемесінің берекесі кетеді, ризық-несібесі шашылады.
Адамдар көбінесе пайда табу үшін өтірік айтады. Бұндай жағдайда адам пайда емес зиян табады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пайда табу үшін өтірік ант ішіп, тауарын сатқан һәм саудасына өтірік қосқанның кәсібі құрыйды» деген.
Басқаларға ұнау үшін немесе оларды күлдіру үшін өтірік сөйлейтіндер бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл туралы: «Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтқан адамға нендей өкініш. Оның соры құрысын, соры құрысын» деп үкім айтқан.
Исламда тек бір жағдайда ғана өтірік айтуға рұқсат берген. Ренжісіп қалған ерлі-зайыпты адамдардың арасын жарастыру үшін айтылған өтірік сөз зиян емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жақсы сөз айтып, жақсылықты көбейтіп, адамдардың арасын жарастырған адам өтірікші емес» деген.
Нақты жазылған екен. Мынадай дәлелдерден кейін жауап жазып, пікір білдіру артықтық болар.
...