0 дауыс
893 көрілді
Қайызғақты қандай сусабындар жақсы кетіреді? Клеар сусабыны жақсы ма? Бағасы қанша?

2 жауап

+1 дауыс
Сәлем!

Егер шашыңызға ем болатын бояу немесе шампунь іздесеңіз,қынаны пайдаланған дұрыс деп ойлаймын,қынамен бояу шашқа зиянсыз әрі пайдалы. Оның пайдасы ерте замандардан-ақ белгілі болған. Өзге химиялық бояулардан айырмасы – құрамында аммиак, оксиданттар, басқа да зиянды заттар жоқ. Қынамен боялған шаштың түсі ұзақ табиғи түс берумен қатар оның сыртқы қабыршақты қабатын бекітеді. Басмамен не қынамен боялған шаш сырт қарағанда бірден байқалады. Себебі шаш жылтырап, әдемі түс беріп, жеңіл таралады. Қына құрамындағы А дәрумені шашты бекітіп, терінің тыныстауына жол ашады. Май бездерінің қызметі жүйеге келіп, шаш түсуін тоқтатады. Әдетте қынамен тек қана ашық қоңыр не қоңыр түсті шаштарды ғана бояуға болады. Химиялық зақымдалған, химиялық бұйра жасалған шашты бояуға болмайды. Қына сіз қалаған түсті бермейді не басқа түс шығады. Қынаны екі айда бір рет қолдану қажеттігін мамандар ескертеді. Басманы негізінен шашты қара түске бояуда қолданады. Шашты өсірумен қатар табиғи түс береді.
Табиғи күтім. Әдетте сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жағып, басты жылы орап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. Ішінде аздаған суы бар ыдысқа 1-2 жұмыртқаның ағын араластырып, шашты жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез келген өсімдік майымен майлайды.
Шаштың жылтырап, әдемі болуы сіздің көңіл күйіңізге де байланысты екенін ескертеміз. Адамның жүйке жүйесі титықтап, шаршаса да шашы қуаң тартады, өңсізденіп түседі. Ағзадағы зат алмасу бұзылып, дәрумендер жетіспесе, шаш біршама өзгеріске ұшырайды екен. Жасы ұлғайған адамның шашының ағаруы – қалыпты жағдай. 35-40 жас аралығында шашқа ақ түсе бастайды. Шаштың түсуі дұрыс күте білмеуден болса, енді бірде тұқымқуалаушылық та әсер етеді.
0 дауыс
Клеар жақсы,менің шашым тфәй тфәй 100% қайызғассыз
...