+2 дауыс
2.1k көрілді
Осы ерте үйленген жақсыма,әлде асықпай үй салып,жағдайды түзеп 30 ға жақындағанда үйленген жақсы ма?сіз неше жата үйлендіңіз немесе үйленгіңіз келеді?

13 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына Жердегі қыздарымыздың жауабы ұнады. Мадидің айтқанына қосыламын,негізі ұлды үйлендіру,қызды ұзату ата-ана парызы. Бірақ өмірде әртүрлі жағдайлар болады,сондықтан не жағдай болса да мойымау керек. Ал енді үйлену уақытына келсек,қазақта "Өлімнен басқаның ертесі жақсы"-деген тәмсіл сөз бар,сол бос айтылмаса керек. Кісі балиғат жасына (заманауи жағдайда 18 жас)толған соң себепсіз үйленбей жүру дұрыс емес деп ойлаймын. Пайғамбарымыз айтқан "Мұсылмандардың ішіндегі жақсырағы, үй болып мұсылман санын көбейткендері"-деген хадисі бар деп естіген едім,одан артық не айтуға болады. Енді жағдайға келсек "Бас екеу болмай,мал екеу болмайды"-деген дана халқымыз. Ерлі-зайыптылардың бірлесіп жинаған дүниесі хайырлы,жұғымды,қадірлі болады.

Дұрыс айтасың !!!!!!
Дұрыс айтаСЫЗ!
Дұрыс айтасыз.Бірақ,ерте үйленіп бақытты болып жүргендер аз емес,онда неге үйленеді кейін ажырасып отбасы шырқын бұзсса,себебі ерте үйленгеннің кесірі жастық балалық шақпен істейтін істі істеп алып кейін өкінеді,адам басқа өмірді іздейді қалайды,қазіргі жастар көпшілігі солай ғой.
+3 дауыс
Жағдай боп тұрса ерте үйленген жақсы ғой,немере,шөбере,шөпшегіңнің қызығын көресің!Бірақ күйеуім бір бала босанғаннан кейін ажырасайық,жастықта қате жіберіппін десе бәле ғой)))хихи)) Жигиттерге кеш,қыздарға ерте үйленген дұрыс.Қыз үйленетін жастан асып кетсе отырып қалуы мүмкін.
Соңгы сұраққа жауап бермеппін ғой.20 жасымда тұрмысқа шыққым келеді бірақ,болмайды.20 жасымда колледж бітірем 1 жыл жұмыс істеуім керек,а то дипломым күйіп кетет.Сонымен 21 жасымда тұрмысқа шығам)
Жауабыңа рахмет,бағың жансын дейміз )))
Оқасы жоқ,айтқаның келсін!
Жауап ұнады.
Ұнаса+1  қойсаң риза болар ем)))
қойсаҢЫЗ де
Мен қояын +1
+3 дауыс

Әр нәрсенің ақ қарасы болады! Сондықтан бір жақты тұжырымдама жасау қашан да қате!!!!

мәселен ерте үйленудің артықшылығы: ата-анасына немере қуанышынсыйласа,ал өздері ата-анасының қадіріне жете бастайды,өйткені өздері де ата-ана болады. ол бала дүниеге келген соң, өзінің болашақ өмірі,отбасын асырау сынды ойлармен жүріп,мына өмірде "тірішілік етуді" ерте үйрене бастайды... т.б.

ал енді кемшілігі кей тұстарда байқаймыз жастай отбасын құрып алып,оны игере алмай,ата-анасына масыл болып отыратындар яки қаржылық қиындықтар немесе басқа да болмашы нәрселерден отбасының ойраны шығып жататыны. Ойлы да ойсыз да жастар бар міне кейде жеңіл ойлап, жанұяның қадіріне жете білмейтіндер бұған тікелей себепкерлер!!!!!!! міне

ал екінші нұсқадағы сұраққа жауап берсек,

30жас деген тым кеш! дегенмен ес тоқтатып қалған шақ! дегенмен әркімге-әрқалай. себеп-30ға кеп те мұның біріне де қол жеткізбегендер де бар....... қысқасы "әркімге әрқалай,Алла Тағала бұйыртқан күні бұйыртқан адаммен жанұя құрасың!" 

жеке өз басыма келсек,тұрмысқа шығып үлгермедім! Құдай қаласа дипломымды қолға алып,жұмысқа кірген соң,көре жатармыз!!!!!!!!!!!!!!!!!

Ерте де емес кеште емес 25те уйленсем қалай болады
Болады...жақсы жар алуыңа тілектеспін!
Рахмет !!!!!!!!!
+1 дауыс
ерте үйленген дұрыс деп ойлаймын өз басым... күйеуіңмен бар жетістікке бірге жетіп, бірге қартайғанға не жетсін? қазіргі заман ақшаны ойлайтын заман болдығой. қыздар жағдайы жақсы, астында көлігі бар жігіт кездессе деп отырады . мен өз басым дайын асқа қасық болудан аулақпын. 13-те отау иесі деген сөз бар.. көзбен көрмесекте құлақпен естіп жүрміз, ақ босағаны ақ, пәк күйінде аттайтын қыздардың саны қызыл кітапқа енген гүлдер сияқты сиреп бара жатыр. бұл жағдайға не себеп? нәпсісін тия алмаған жастар... атам қазақ осы жағдайдың алдын алу үшін ерте қоспады ма жастарды.. шариғатта бар нәрсе. жақсы отбасы, үлгілі отбасы атану сенің ақшаңа немесе жинаған дүниеңе ешқандай қатысы жоқ. барлығы бір ата-ананың берген тәрбиесіне байланысты.
+1 дауыс
Негізі, шариғат бойынша жастарды олардың ата-аналары үйлендірген дұрыс екен.

P.S.Жай, жазғым келді.
0 дауыс
21-22 лерде үйленген жақсы емеспа, бірақ қазір адамның жағдайы басып кетіп тұр ғо
–1 дауыс
Бүгінгі таңда 14-15 жасар ұл-қыздар үйленіп жатыр. Бұл қоғамды ойландыратын мәселе. Енді олардың болашағы не болады. Тамырына балта шапқан жағдаймен тең ғой. Өмірдің қызығы мен шыжығын көрмей қыз ерте жүкті болады. Ол оқу оқып, диплом алмайды ма. Белгілі маман иесі боп шықпайды ма? Үйленерін үйленді-ау! Кім асырайды оларды. Жігіттің жұмыс жасауына жасы да, тәжірибесі де жетпейді. Ата-аналарының алақанына қарап отырады ма. Көңілді күндер оларды өте сирек күтеді. Міне ерте үйленгеннің кемшіліктері мен қиындықтары.

Менің ойымша жалындаған 25 жасында үйленген жақсы.
0 дауыс
Еркектерге 25-27 жаста, қыздарға 22-25 жас аралығында отбасы құрғандары дұрыс.
+2 дауыс
Ерте үйленген жақсы, диплом алып, жұмысқа кiргесiн бiрден үйленiп алу керек, зато бала-шағаңның көбеюiне септiгiн тигiзедi)))) казiр қыздар 25 ке толмай тұрып ұзатылғаны дұрыс.
0 дауыс
Асықпай үйлену (тұрмысқа шығу)  керек,барлық жақты таразыға салып.Әр адамның санасына берсін.
0 дауыс

Ерте үйленіп қажеті жоқ.Алдағы уақыттарда өкініп қаласыз.Бірақта ата-анаңыз солай шешім қабылдаса үйленіңіз.

0 дауыс
Қазіргі таңда ерте үйленгісі келетіндер бар шығар, бірақ көпшілік бөлігі асықпай, жағдайын түзеп алғасын үйленуді жөн санайды.
0 дауыс
жағдай жасау да дұрыс бірақ жағдай жасауым керек екен деп кеш қалуға да болмайды. ерте үйленген дұрыс өз басым ерте үйленер едім
...