+3 дауыс
834 көрілді
Сендерден сұрайын дегенім, дәрет алғандағы ережесін кім жақсы біледі? айтыңдаршы?

4 жауап

+5 дауыс
амин..............................................
+5 дауыс
Дәретте ереже жоқ фарз сүннет мұстахаб деген амалдар бар
иа сіз сол амалдарды айтып бере аласызба
+5 дауыс
Дәрет алу тәртібі:

Дәрет ниеттену және «Бисмиллаһ» деумен басталады. Екі қол білекке дейін жуылады. Оң қолмен ауызға үш рет су алынып, шайылады. Мұрынға үш рет оң қолмен су алынып, сол қолмен сіңбіріледі. Бет үш рет толық жуылады. Әуелі сол қолмен оң білек, кейін оң қолмен сол білек шынтақтарымен қоса жуылады. Сулы қолмен бастың төрттен бірі, құлақтың іші-сырты, мойын сипаланады, яғни, мәсих тартылады. Алдымен оң, кейін сол аяқ тобығымен қоса жуылады.

Дәреттің парыздары:

Бетті екі құлақ арасымен, маңдай шаштың шетінен иек астына дейін жуу. Шынтақтармен бірге екі қолды жуу. Бастың төрттен бірін сулы қолмен сипау (мәсих тарту).4. Екі аяқты тобықпен қоса жуу.

Дәреттің сүннеттері:

Дәрет алуға ниет ету. «Бисмиллаһ» деп Аллаһ Тағаланы зікір ету. Екі қолды білекке дейін жуу. Мисуәк қолдану. Ауызды үш рет шаю. Мұрынды үш рет шаю. Қастың, мұрттың түбіне су жеткізу. Қалың сақалды араластырып жуу. Қол-аяқ саусақтарын салалап, бәріне су тигізу. Бастың барлығын су қолмен сипау. Әр мүшені үш рет жуу. Басқа мәсих тартқаннан кейін, құлақтың іші-сыртын сулы қолмен сипау. Мүшелерді тәртіп бойынша жуу. Мүшелерді оңнан бастап жуу.
+4 дауыс
Әумин! Ораза айы ниетіңіз қабыл болсын!!!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+3 дауыс
4 жауап
Белгісіз 1.08.2011 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 1.05.2022 Ораза сұрақтар сұрақ қойды
...