0 дауыс
52.4k көрілді
Есімшенің жұрнақтары керек болып тұр?

7 жауап

+4 дауыс
-ған,-ген,-қан,-кен

-ар,-ер,-р

-мақ,-мек,-пақ,-пек,бақ,-бек

-атын,-итын,-етін,-итін

Тағы бір түрін ұмытып қалдым!
Барлығы да осы ғой)
жж)))))))))))))))
Болымсыз жұрнағынан кейін с тұрса онда ол көсемше жұрнағы.
Рахмет, сабаққа керек болып тұрды!
0 дауыс
Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.
0 дауыс

қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады.
2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.
3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.
Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.
4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.
Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.

0 дауыс
Көсемшенің жұрнақтары 1) -ар, -ер,-р. 2)-атын, -етін, -йтін, -йтын. 3)-ған, -ген, -қан, кен. 4)-мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек. 5)-с.
Есімшенің жұрнақтары деңіз...
0 дауыс

Салем сіздерге ракмет коп копsmileyheart

0 дауыс
1)-ған, - ген, - қан, - кен. 2)-ар, - ер, - р, - с. 3) - мақ, - мек, - пақ, - бақ, - бек 4)-атын, - етін, - йтын, - йтін
0 дауыс
Көсемшенің жұрнағы керек болып тұр
...