Адамдармен жақсы тіл табысатын, өз сүйгенінен басқаға көз салмайтын, ата-анасын және барлық адамды сыйлайтын, үй жина десең жинайтын, ешкімді жамандыққа қимайтын, әр нәрсені өз орнымен жасайтын, арсыздықтан қашатын, қонақ келсе үйіне күліп есік ашатын, ет ас десе асатын, техниканың бәрін "шашатын", ақылы мен иманы орташадан асатын, ашулы жігітінің (жұбайының) ашуын лезде басатын, басқалар шайын ішкенде үйінен шыққысы келмей қалатын, үйге керек нәрсені айтқызбай-ақ алатын, шақырған жерге баратын, шақырмаса үйінде қалатын, сөйлегенде тілі бал бойды баурап алатын, қылықтары керемет миды тынықтыратын, киіп алып жүретін мен әперген қып-қызыл қоңыр халатын, дәмді қылып жасайтын оливье салатын, айтқаныңды екі етпей сол мезет жасай салатын, кір жуа алатын, бір көзқарастың өзіне үндемей-ақ қалатын.. Қысқасы, қуып кеттім мен :)