+5 дауыс
1.4k көрілді
Қазақтың ұлттық ойындары ұнайды ма?Ұнаса қандай ойындары ұнайды?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны . Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке , түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы,алшы, хан ( хан ату ), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы,не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда,жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықтысол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғанаалады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар. Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынғансексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
+3 дауыс
Кішкентай кезімізде асық ойнайтынбыз таңертеңнен кешке дейін.Асық ойындары ұнайды өзіме...
Асық ойнасаңыз жақсы екен.Қазіргінің жастары асықты фишкаға айырбастады ғой((((
+4 дауыс
Қазақтың ұлттық ойындары ұнайды.көкпар,қазақша күрес,асық т.с.с ойындарын тамашалаған ұнайды.ал ақ сүйек ойынын сүйем)))
Иә ақсүйек мен үшін ең жақсы ойын...
сендер сонда Ақсүйек ойынын ойнайсыздар ма?
+1 дауыс
Ұйқыашар мен селтеткізер ұнап жүр)))
:D Ойын ойынмен, ұйқың тәтті болғай)
0 дауыс
Тоғыз құмалақ пен Сақина тастау ойындарын ғана біледі екенмін. Жалпы,қазақтың ұлттық ойындары ұнайды.
0 дауыс
0 дауыс
Бәрі ұнайды ұлттық ойындардыңәсіресе ақсүйек пен асық ойыны
...