0 дауыс
4.7k көрілді
Сіз пайдаланған жақсы деп қуанған кезіңіз,сол крем аты қандай,қанша тұрады,түрі қандай(суреті),сосын майлы бетке,қандай жағдайда болсын шыққан қара дақты,сол қара дақты 1 немесе 2 аптада кетіреді?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Беттегі қара дақтар май бездерінің шаң, өлген жасушалармен бітелуінен пайда болады. Нәтижесінде, бет терісіндегі ұсақ тесіктер бітеліп, қара дақтар пайда болады. Әдетте, қара дақтар беттің Т – бөлігінде, яғни, мұрын, маңдай және иекте пайда болады. Қара дақтардың пайда болуының негізгі себептері:
1. Бет терісіне дұрыс күтім жасамау қара дақтардың пайда болуына алып келеді. Соның ішінде: жатар алдында бет терісін тазаламау немесе дұрыс тазаламау. Егер сіз косметикалық құралдарды дұрыс қолданбасаңыз немесе косметиканың сапасы нашар болса, егер де бетіңізге пилинг жасамасаңыз, сіз бетіңізде қара дақтардың пайда болуына себепкер боласыз.
2. Дұрыс тамақтанбау, денсаулықтың нашар болуы да, қара дақтардың пайда болуна себеп болады. Сондықтан, тәтті, майлы тағамды аз жеуге, алкоголь мен кофені аз қолдануға тырысып, темекі шегуден бас тартыңыз. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануға көшіңіз.
3. Бетте қара дақтардың үшінші себебі гормоналды өзгерістерге байланысты болуы мүмкін.
Бет терісінде қара дақтардың пайда болуының нақты себептерін білу үшін дерматологқа барған жөн.
Қара дақтардан құтылу үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерінен арылу қажет. Сонымен бірге, бет терісін тереңінен тазарту үшін косметологқа баруға болады. Ал үй жағдайында қара дақтардан құтылу үшін, алуан түрлі бетті тегістейтін скрабтар, тазартушы гельдермен бет теісін тазартып тұру керек.
Одан бөлек саз балшықтан жасалған маскаларды қолдансаңыз болады. Мұндай маскалар дәріханаларда сатылады. Саз балшықты жылы сумен араластырып, қоймалжың күйге жеткен кезде, бетіңізге жағып, 10 – 15 минутқа қалдырасыз. Одан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Қара дақтардан айранның көмегі арқылы құтылуға да болады. Ол үшін майсыз айранды бетіңізне 20 минутқа жағып қойып, жылы сумен жуып тастаңыз.
0 дауыс
Қара дақ деген черные точки, угри ма?
черные точки - қара дақ, угри - безеу.
аа түсіндім)) бірақ безеу деген прыщ емес па?
прыщ - сепкіл (қателеспесем)
"Кара дақ" деген "черное пятно", секпіл деген  "конопатая" или "конопатый", безеу деген " угри" или "акне".Егер бетте үлкен қара дақ пайда болса ,онда бауырды тексеріп, ішкі ағзаларды тазату керек шығар!
Секпіл  жеген нәрсені білмеймін)))
0 дауыс
Гарнердің три в одном маскасы дақсы кетіреді деп естігем қыздардан, өзім пайдаланбаған сон нақты білмеймін(
мыло твердое глицериновоеручной работы ромашка деген сабын алып едім,Сол қара дақты кетіруге көмектесе ме
0 дауыс
дәрігерден кеңес ал,маз,крем жазып береді,өздігіңнен жаға берсең жағдайды ушықтырыпалуың мүмкін
...