+1 дауыс
76.0k көрілді
сарғыштықты қалай кетіреді және неден пайда болады.

5 жауап

+2 дауыс
Қаннның резус факторы деген бар . ОЛ кейбіреуде оң, кейбір адамда теріс.Егер анасының резус факторы теріс  ,ал іштегі баланың резусуы оң болса,бала туыла салысымен сарғаяды.Бұл жаңа туылған шақалақ ұшін,өте қауіпті.себебі қан сәйкестік болмағандықтан антиген, антитела дегендердің әсерінен,баланың қанындағы эритроциттер ыдырап, биллирубин түзіліп денесі сарғайып кетеді.Мен фармацевтпін, осында Эгоист№1 деген,фельдшерлікті бітіріп жатқан жігіт бар.Содан сұрасаң қалай кетіреді , неге сарғаяды, алдын алу шараларын күшті етіп түсіндіріп береді.
)))) Мейрамыңызбен!
Барлықтарыңды Наурыз мерекесімен құттықтаймын ! Барлықтарыңа  денсаулық , амандық, осы өмірде адамды бақытты ететін барлық ізгіліктерді тілеймін. Егер, пікірлерімде артық айтып ренжіткен кездерім болса, менен кіші болсаңдарда кешірім сұраймын.Эгоист№1 бауырым сенің де мерекеңмен, болашақта ЖОО ға түсіп, халқыңа қадірлі жақсы дәрігер болуыңа тілектеспін.
аумин рахмет!!!
+1 дауыс
Жаңа туылған баланың сарғаюы жиі кездеседі. Оған физиологиялық және патологиялық себептері бар. Физиологиялық, яғни қалыпты жағдайдағы сарғаю  жаңа туылып жатқан балалардыың шамамен 70 пайызында кездеседі және ол 3-4 күннен ( кейде 1-1,5 апта) кейін өздігінен кетеді. Ал патологиялық сарғаю ауыр жағдайда өтеді және дәрігерлердің қатаң бақылауында болады.

Оның этиологиясына келер болсақққққ, жоғарыда айтылғандай резус сәйкеспеушілігі, анасының қан тобы І ал әкесі басқа қан тобынан болған жағдайда, және іште жатқан баланың билирубин түзілу жүйесінің дұрыс жетілмеуінен пайда болады. Мен де туылғанымда сондай физиологиялық сарғаю болған екен, уайымдайтын ештенесі жоқ, өте жиі жағдайда физиологиялық сарғаю кездеседі.

Негізі үйленер алдында қан тобына көп мән беру керек. Резус сәйкес келмеуінен бала туа пайда болған сал ауруына шалдығуы да мүмкін, ондай балаларды скрининг бойынша ерте анқтау тиісінше массаш ЛФК жасап қатарынан қалдырмай жүріп кетуіне жағдай жасауға болады.

Ал қан тобы сәйкес келмеуінен, яғни, көбіне І және ІҮ қан топтарының арасында балалы болу ықтималдығы төмен болады. Ерте түсік те қан тобының сәйкес келмеуінен болады. Себебі мысалы анасы 2 топ ал әкесі 4 топ болса бала 4 қан тобы болып ол балағы анасының организімі антиген бөледі, Олардың бірінші балалары болуы мүмкін, себебі антигендер жинақталғанша бала іште дамып туылып үлгереді. Ал екінші балаға жүкті болғанда уже организм антигенді тез бөліп түсік болады.

Мынай жағдайда болған, балалары болмаған жұбайлар дәрігерге қаралады, тексеріледі, екеуінді де бедеулік жоқ, екеуі де дендері сау. Бала болмай ажырасады, әйел басқа күйеуден балалаы болады, ау бұрынғы күйеуі басқа әйелден бала сүйеді. Яғни, екеуі де бедеу емес, тек қан топтары сәйкес келмеген...

Обшым, тақырыптан ауытқыыыып кеттім білем)) Жастар оқыса дегенім ғой, қан тобына да мән беру керек..
танысқанда міндетті түрде қан тобын сұрау керек екен)))) Сіз дәрігерсіз ба сонда???
Жоғарыдағы Жақсының жауабын оқысан білесін)))))
әлі біткен жоқсыз ия?))
2 ай 25 күндей ғана қалд дипломыма.... қимайм((((((
хехе күн санап жүрсіз бе))))))))))
Kupidonchik* мен гинеколог окуын окысам калай болад айтып жберш
оқи бер.......... Я не против)
+1 дауыс
Интернеттен тауып алған ақпаратым. :)

Сарғыштық (icterus) — өт нілдерінің жиналуынан терінің, шырышты қабықтардың, көз ағының сарғыш түске боялуымен көрінетін синдром.
Даму жолдарына қарай сарғыштықтың үш түрін бөледі:
1. Бауырлық — бауыр жасушаларының бірінші бүлінулерінен өт өндірілуі мен оның ішекке шығарылуының бұзылуынан, өт ұзақ мерзімде бауырда жиналып қалуынан немесе өт түзілуге қажетті ферменттердің гендік ақаулары болуы нәтижелерінде дамиды;
2. Механикалық немесе бауыр асты сарғыштық — жалпы өт өзегінің ішінен бітеліп немесе сыртынан қысылып қалғанында дамиды;
3. Гемолиздік немесе бауыр үсті сарғыштық — эритроциттердің артық ыдырауынан өт нілдерінң түзілуі көбейуден дамиды.

Механикалық сарғыштану.
Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, қанга тікелей немесе лимфамен түседі. адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.
Өт қышқылдары орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді. Осыдан организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, артынан көңіл-күйдің тұнжырауы, түнде үйқы қашып, күндіз ұйқы басуы, бас ауыруы және адамның тез қалжырауы байқалады. Өт қышқылдары терідегі сезімтал нервтердің аяқшаларын қоздырып, қатты қышынуға әкеледі. Олардың қанда көбейуі эритроциттердің, лейкоциттердің ыдырауына, қан ұюының әлсіреуіне, түйіскен жерінде жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, тіндердің бүліністеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан өт қышқылдарының тікелей бүліндіруші әсерлерінен гепатит, цирроз дамиды. Өт тікелей іш қуысына түсуінен іш пердесінің, ұйқы безіне түсуінен оның тез дамитын қабынулары дамиды.
Бауырлық сарғыштану.

Этиологиясы. 1. жұқпалардың (вирустық гепатит А, В, С, Е, В, сепсис, іш сүзегі), уланулардың (саңырауқұлақтармен, химиялық улы заттармен, алкогөлмен, кейбір дәрі-дәрмектермен) әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністерінде;
2. ұзақ мерзімде өттің бауырда іркіліп қалуында;
3. ферменттердің гекетикалық ақаулары нәтижелерінде бауырлық сарғыштану дамуы мүмкін.
өттің бір бөлшегі өт шығаратын өзектерге, екінші бөлшегі қанға түседі. Қабынудың нәтижесінде ісінген бауыр жасушалары өт өзектерін қысып, оның ішекке қарай өтуін бұзып, қанға кері сорылуын ұлғайтуы мүмкін.
Бауырлық сарғыштану үш сатыда өтеді:
         1. Сарғыштану алды сатысы. Бауыр жасушалары бөліністерінің ең бірінші көрінісі болып қанда және зәрде уробилиногеннің пайда болуы есептеледі.
          2. Сарғыштану сатысы. сау жасушаларда өндірілген өт қан тамырларына түсіп, қанда өт қышқылдарының, тура билирубиннің деңгейін көтереді. Тура билирубин бүйрек арқылы зәрге шығады, содан зәрдің түсі қою қоңыр болады.
          3. Кома алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі, тура билирубин азайады, уробилиноген толық жоғалады. Артынан бауырлық кома дамиды (жоғары қараңыз).
Гемолиздік сарғыштану.
Гемолиздік сарғыштықтың себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі. Эритроциттердің ыдырауының артуы химиялық заттармен (фенилгидразинмен, мышьяк. сутегімен), биологиялық улармен (жылан, ара улары) уланғанда, тобы бойынша немесе резус сәйкессіздігі бар қан құйғанда, күйіктік, үсіктік аурулары, тұқым қуалайтын гемолиздік анемиялар ж. б. жағдайлар кездерінде болуы мүмкін.
Біз строго жаңа туылған баланың сарғаюын талқылып кетіппіз ғо))) Мүмкін жалпы сұраған шығар шынымен)))
Көзіме бірдеңе көрінді дейін десем , ойым анық ,   айналамда көрінетін нәрселердің бәрі кәдімгідей көрініп тұр білмеймін. (rofl)Ең бірінші  осы сұрақты оқығанда" жаңа туған нәрестедегі сарығыштық "деп тұр еді...
0 дауыс
дәрігерге көрінгенің абзал, нақты диагноз қойдырып, өзің әрекет етемін деп асқындырып алма
0 дауыс
Қандай дəрі берген жөн
...