Сәлем «Сұрақ –жауап» сайтының қолданушылары. Сіздерді келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тамашаға толтырып тұнық төрді,
Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,
Барша үйге бақыт боп, береке боп,
Жанарынан нұр шашып күліп келді.
Бүгін мен сіздерге Samsung Electronics Kazakhstan және SURAK-ZHAUAP.KZ сайты бірлесе отырып ұйымдастырған "Samsung-тің наурыз көжесі" атты байқауына өз үлесімді қоспақ болып бауырсақ, жент және құймақ әзірлеймін.
1. Алдымен бауырсақтың керек-жарақтарын дайындап аласын:
1) Ұн (жоғары немесе 1 сұрптағы) 500 гр
2) май 200гр
3) бір ас қасық қант түйіршіктері
4) жұмыртқа 1 түйір
5) Ас қасық тұз және ашытқы
Ұнға тұз, ашытқты, май қосып жақсылап араластырамыз. Содан кейін жұмыртқаны жарып салып жылы сумен илейміз. Дайын болған қамыды 30 минуттан кейін қайтара илеп ашығынша жылы жауып қоямыз. Дайын болған қамырды бөлшектеп жайып, кесіп пісіреміз.
2. Бауырсақтың қамыр дайын болғанша келесі тағам жентті жасай береміз.
Керекті заттар:
1) Сөк талқаны 3 кесе
2) 1 кесе қант
3) үгітілген ірімшік
4) маргарин майы
Дайындау тәсілі: Алдымен маргаринді ерітіп аламыз.
Енді талқанға ірімшік, қантты қосып еріген маймен жақсылап араластырамыз. Дайын болған сон дөңгелектендіріп жасаймыз. Дайын жентті салқын жерге сақтап қоямыз.
3. Құймақ. Керек заттар:
1) 0,5 л сүт
2) 1 кесе қант
3) 2 түір жұмыртқа
4) Ұн (жоғары немесе 1 сұрптағы)
4) өсімдік майы (мен бұл жерде маргарин майын қолдандым)
Дайындалу тәсілі: Алдымен сүтті жылытып аламыз. Оған қант, май қосамыз (қалауынша тұз, ас содасында қосуға болады ). Қамыр қою ботқа болғанша ұн себелей араластыра отырамыз.
Бұдан соң оны қызып тұрған таба майға қасықпен құя отырып пісіреміз
Міне дайын болды!
Наурыз мерекесі құтты болсын!