+6 дауыс
477 көрілді
Сұрақ қоярда сұрағыңыздың нақты бөлігін дұрыс қойсаңыздар, сосын сұрақ болғансоң соңына "сұрақ белгісін <?>" қоюларыңызды сұраймын, таза қазақша жазсаңыздар, кейбір сөздердің бір әріптерін жұтып қойып сақауша жазбасаңыздар екен және сөз басын бас әріппен жазсаңыздар немесе орысша жазып, басқаша "көмек керек халқым!!" , деген сияқтыларды қоймай нақты сұрақты жазсаңыздар! Ең алдымен бұл біздің емес сұрақ қоюшыға қаратылған сын, сол жазғанынан сауаты, білімі көрінеді емеспе?... Міне, мынандай сұрақтар керек емес, не сұрақ екені түсініксіз (негізгі сұрақ) https://surak.baribar.kz/269074/ https://surak.baribar.kz/272689/ Админді көрмейсіздерме, қаншама сұрақты өңдеп, санатын ауыстыратынын! Сенбесеңіздер менің таңдаулым дегенге қосып, жаңартуларға кірсеңіз бәрін түсінесіз... Сосын сайт қолданушыларынан тағы бір өтініш, қайталанған сұрақтарды немесе діни, ер мен әйел арасындағы қарым қатынастарды айқын жазып сұрамасаңыздар,... Себебі сайтта 90% мектеп оқушылары...... Соларды жасырып жауғанымызға бола ренжіп, дау дамай тұрғызбасаңыздар екен... Құрметпен Сұрақ-Жауап сайтының әкімшілігі !!!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сосын осы сайтта кикілжіңдесіп жатпаса екен қолданушылар,әйтпесе кейбірлері жай түсіндірген нәрсенді сарказмдап,көтере алмайды...

+2 дауыс
Және санатқа баса назар аударсаңыздар екен! Сосын сұрағыңыз не жауабыңыз жабылса сiздерге не үшiн жапқан себебiн түсiндiрiп жатуға мiндеттi емес!
...