Мексикада әлемдегі ең ұзын көпір ашылды, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Ашылу салтанатына Мексика президенті Фелипе Кальдерон қатысты. Биіктігі 403 метрге жететін «Балуарте Бисентенарио» көпірі Мексиканың солтүстігіндегі Синалоа мен Дуранго штаттарын жалғайды.
Көпір Мацатланнан Дурагноға дейін тартылып жатқан жаңа жылдамдықты автомобиль тасжолының бір бөлігіне айналды.
Кальдеронның сөзіне қарағанда, бұл магистраль елдің солтүстігінде тұратын халықты бір-бірімен әлдеқайда жақындата түседі.
«Вантты көпірдің биік болғаны сонша, Эйфель мұнарасы оның ортанғы қуысына оп-оңай сыйып кетеді», - деп ескерді ол.