Досым,
Негізі, сенің жасыңда ондай нәрселерге қызыға бастау - әсте айып емес. Шынын айту керек, ол тіпті табиғаттың заңдылығы, қажеттілігі. Мәселе басқада, мәселе - сенің одан қандай қорытынды шығаратындығыңда. Сол порно, болмаса өзге де сексуалды қажеттіліктерді өтеуге итермелейтін видеоларды көруге құмарлығыңды сол тек видео көру құмарлығы деңгейінде қалдырасың ба, жоқ тәжірибеге көшіресің бе - сонда.
Яғни, ол тек үйретуші және қалай жасауға болатынын нұсқаушы құрал ғана. Олармен қатты қызығуға болмайды. Оны өмірдің жалғыз қуанышына айналдыруға да болмайды.
Бірақ, одан бас тарта да алмайсың. Жеке өз басым, порно материалдарды отбасы құрып, не жұбыңмен өмір сүріп жүрген адамдардың тұрақты көруін құптаймын.