0 дауыс
4.8k көрілді
менің бір таныс кішкентай қыздар бар еді. Қазір 5 сынып оқиды. Сабақтары өте жақсы. Бірақ сларды көрсем болды тұла бойым шымырланып кетеді. Ол екі қыз кекештеніп сөйлейтін. Бұрын ондайы жоқ еді. Өсе келе пайда болды. Мен осы кекештік деген не жәге одан қалай құтылуға болады деген сұраұтың жауабын білгім келеді

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Бірінші жақсылап ойланып ал, сосын сөйле.
Сөйлер алдында терең тыныс ал.
Асықпай, саспай, бірқалыпты сөйлеуге тырыс.
Батыл бол.
Егер сөйлеуге қиналсаң, іштей 5-ке дейін сана, содан кейін барып қажетті ережелерді сақтай отырып сөйле.
Қол боста ән айтқан артықтық етпейді.
Теледидарға көп қарама, ол жүйкеге артық салмақ түсіреді.
Сөйлемдерді қысқа қолдан.
Өлеңдер оқып тұр.
Жүгіріп келген соң бірден сөйлеме, ентігіңді басып ал.
Ішке дем сорып, бірденнен 5-ке, 10-ға, 12-ге дейін сана, аптаның күндерін, айды, жылды ата.
Сөйлеп тұрғанда өзіңе саусақ қимылдары арқылы көмектесуге тырыс.
Доппен көбірек ойна, ойын кезінде соққыларды дұрыстап сана.
Бірқалыпты әуендер тыңда.
толық осы жерде http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/954-tutikpa.html
Мен сақауланып сөйлеймін р,ш,с,ж,з әріптеріне тілім келмейді.Маған ата-анам сен сосканы көп қолданып қойғасың,үнемі мойныңда соска іліп алып соны сорып жүретінсің содан сақауланып сөйлейсің дейді.Сол сақаулықтан қалай құтыламын ,ауылда тұрамын біздің ауылда логопед дәрігері жоқ. Үй жағдайында сақаулықтан қалай айығамын
0 дауыс
Менің ойым кекештік адам сөйлер сөзін айта алмауы, бұл тікелей миға қатысы бар сияқты! Мидың синхронды жұмыс жасамауы компьютерлік сөзбен айтқанда.
меніңше ол қорқыныштан секілді, ол айтатын сөз айта алмай қаламын -ау деген қорқыныштан пайда болатын сияқты.
0 дауыс
Дұрысы дәрігерге көрінгені жөн, кекештікті логопед және психиатр қарайды.
Невропатологтар да қарайды. Логоневроз болуы мүмкін. Қиын жазылатын науқас, бірақ жазылады.Кейбір осындай балаларды дәрігер мамандар өлең айтуға( вокал)үйретуге кеңес береді  екен,ән айтқанда кекештенбейді,кейін жүйкесі шынығып, жәй сөйлескенде де кекештенуден айығады деп естідім.
0 дауыс
салеметсиздерме,менин 5жаста кызым 2жылдай болды кекештенип калды,бармаган жеримиз калмады,кейде кояд сосын тагы кайталайд,даригерге апардым пайдасы болмады енди кайда каратсап болады,айтынздаршы отиниш
0 дауыс
Кекештену менің басымнан да өтіп жатыр.Жасым 16 да 13 жасымнан бастап кекештеніп сөйлеймін бірақ всегда емес кейде ғана болады.Үлкен кісідердін айтуынша бір нəрседен қатты қорқып қалған жағдайда немесе кішкентайдан еркелеп сөйлеу кезінде болады екен.Кекештеніп сөйлейтін адамдарға жаңылпаш айту қажет көп жəне тез,асықпай сөйлеу керек

Ұқсас сұрақтар

...