0 дауыс
9.4k көрілді
Салем достар. Кекештіктен қалай құтылуға болады? Оны емдеу жолдары бар ма? Басқалардың еркін сөйлесіп жатқанына қарап қызығасың, мен үшін ең жаманы өз ойыңдағыны басқаларға айта алмау екен...

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өз ойынды айта алмау қиын екенін түсінемін. Саған сөйлеген кезде ойынды жинақтап, бір қалыпты, асықпай сөйлеу керек.  Ата- анамен бірге  логопедке,  невропатологқа немесе  психиатрға көрінгенің жөн болады. Және төмендегі кеңестерді есте ұстау керек.
*Бірінші жақсылап ойланып ал, сосын сөйле.
 Сөйлер алдында терең тыныс ал.
Асықпай, саспай, бірқалыпты сөйлеуге тырыс.
Батыл бол.
Егер сөйлеуге қиналсаң, іштей 5-ке дейін сана, содан кейін барып қажетті ережелерді сақтай отырып сөйле.
Қол боста ән айтқан артықтық етпейді.
Теледидарға көп қарама, ол жүйкеге артық салмақ түсіреді.
Сөйлемдерді қысқа қолдан.
Өлеңдер оқып тұр.
Жүгіріп келген соң бірден сөйлеме, ентігіңді басып ал.
Ішке дем сорып, бірденнен 5-ке, 10-ға, 12-ге дейін сана, аптаның күндерін, айды, жылды ата.
Сөйлеп тұрғанда өзіңе саусақ қимылдары арқылы көмектесуге тырыс.
Доппен көбірек ойна, ойын кезінде соққыларды дұрыстап сана.
Бірқалыпты әуендер тыңда.*
толық осы жерде http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/954-tutikpa.html
0 дауыс
Кекештік
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
 Мында өту: шарлау, іздеу

Кекештік, тұтығу (лат. balbutіes) – сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. Кекештіктің жедел (эволюциялық) және созылмалы (невротикалық) түрлері ажыратылады. Жедел түрінде – кекештік біртіндеп дамиды. Әдетте, 2 – 5 жас аралығындағы балаларда (көбіне ер балаларда) кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесі орнықтылығын төмендеуін туғызатын факторлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық, т.б.) салдары үлкен. Сондай-ақ, баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі, баланың туған-туыстарының тез сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуына әкеледі. Созылмалы түрі – қатты шошынудан, әр түрлі жарақаттардың әсерінен орт. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан, отбасындағы келіспеушілік жағдайлардың салдарынан пайда болады. Мұндай балаларда сөз сөйлегенде бірте-бірте тілдің дірілдеп, қалтырауы, сіресуі байқалады. Сөйтіп, баланың мінезінде өзгеріс (ашуланшақтық, әлсіздік) пайда бола бастайды. Кейде неврозға ұқсас кекештікті байқауға болады. Мұндай кезде баланың қозғалысы баяулап, денесінің сіресіп қатып қалуы жиі қайталанады. Мінезінде селқостық пайда болады. Бірақ сөйлеу алдында оларда қорқыныш болмайды. Мұндай балалардың жүйке жүйесін тексергенде, онда күрделі өзгерістердің бар екендігі анық байқалады. Баланың сөйлеу кезінде тұтығуына байланысты кекештіктің ерте басталатын жеңіл формасы – дыбыс немесе буынды бірнеше рет қайталауы (па – па – па – паровоз), ауыр формасы – сөйлегенде сөздің басында не аяғында тұтығуы (авт----обус) және аралас формасы ажыратылады. Кейде тілі кешігіп шыққан балалар да кекештенеді. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорқақтау, ұялшақ, көңілсіз болады. Өзінің бойындағы кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады. Сөйлегенде беті қызарып, терлеп кетеді, бір сөзді бірнеше рет қайталауы мүмкін (мыс., “керек болса”, “міне осындай”, т.б.). 11 – 13 жаста қиын сөздерден қашып, мүдіріс кезінде басқа бір сөзді қосып жіберу арқылы кемістігін байқатпауға тырысады. Бірақ бұлай істеудің де зиянды жағы бар. Қосымша сөз қосып сөйлеу әдетке айналып кетсе, бала өмір бойы таза сөйлей алмай қалуы мүмкін. 25 – 30 жасқа келгенде, әдетте, кекештікбасыла бастайды, ал жасы ұлғайған адамда өте сирек кездеседі. Баланың тілінде мүкістік білінісімен дәрігер-логопедке көріну керек. Кекештікті дәрі-дәрмекпен (миорелаксант, транквилизаторлар), физиотерапиямен және психотерапиямен емдейді. [1][2]
Осы кекештіктің яғни тұттығудың қандай ем шарасы бар . Оган колдануга болатын емдік дәрілер барма айтыныздаршы
мен кекештенип сойлеймин оны калай кетируге болады жасым 16 да
0 дауыс
Мен 33темин бала кезимнен тез сойлеймин тез сойлегениме коп адамдар не дедин деп кайта сурайды тез сойлесем кекештенбеймин асыкпай жай сойлесем кекештенемин кекештенбейин деп тез сойлеп адет боп кетти енди создерим тусиниксиз боп кетеди 3 перзентим балаларым да мама не дединиз неге булай сойлейсиз деп жатады
...