Наурыз туралы сұрақтарға жауап бересіз бе?

+3 дауыс
50.6k қаралым
1. Наурыз дегеніміз не?
2. Наурыз туралы қандай мақал-мәтел білесің?
3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
4. Жеті қазынаны ата.
5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
6. Үш алысты ата.
7. Үш арсыз не?
8. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
9. Төрт-түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
10. Наурыз көже дегеніміз не?
11. Байғазы дегеніміз не?
12. Көрімдік дегеніміз не?
13. Ерулік дегеніміз не?
14. Асар дегеніміз не?
15. Сүйінші дегеніміз не?
16. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
17. Қызға байланысты тыйым сөздерді ата.
18. Дүниеде не тәтті?
19. Дүниеде не жұмсақ?
20. Дүниеде не қатты?
21. Жеті байлық дегеніміз не?
22. Жеті қазына дегеніміз не?
23. Мұсылманның парызы.
24. Қазақтың ұлттық ойындары.
25. Қыз бен ұлға байланысты мақал-мәтел.
• Санаты: Жалпы сұрақ
қайта ілмектеді | 50.6k қаралым

4 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
1) Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

2) Ақ мол болсын,ұлыс оң болсын,қайда барсаң жол болсын.

3) Наурыз

Наурыз келді далама,
Нұр төгілді ғалама.
Көктем келіп көңілге,
Қуаныш берді бар адамға.

Ақ мол болсын әр үйде,
Бақ қонсын деп елінде.
Ұлыстың ұлы күні бұл –
Береке бар төрінде.

Күн мен түн теңеледі,
Жер беті гүлденеді.
Наурыз келсе баршаға,
Жаңа өмір беріледі.

4) Қазақтың жеті қазынасы деп халқымыз аса қадірлейтін жеті құндылықты айтады. Олар:

Ер жігіт – елін, жерін қорғайтын батыр азамат.

Сұлу әйел – отбасының көркі, берекесі.

Ақыл-білім – адамның ең үлкен байлығы.

Жүйрік ат – ер азаматтың серігі, көлік.

Қыран бүркіт – аңшылықта қолданылатын қасиетті құс.

Құмай тазы – аң аулайтын жүйрік ит.

Берік қару (мылтық, садақ) – елді қорғауға арналған қару.

5) Жеті ата – қазақ халқының туыстық жүйесіндегі маңызды ұғым. Ол адамның өзінен бастап жоғары қарай тарайтын жеті буын ата-бабасын білдіреді. Қазақ дәстүрінде жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беруге болмайды, яғни олар жақын туыс болып саналады.

Жеті ата реті:

Бала (өзi)

Әке

Ата

Арғы ата

Баба

Түп ата

Тек ата

6) Қазақ халқының ұғымында «Үш алыс» деген түсінік бар. Ол адам үшін қол жетуі қиын немесе сирек болатын үш нәрсені білдіреді.

Үш алыс:

Көк пен жер алыс

Жақсы мен жаман алыс

Жас пен кәрі алыс

7) Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.

8) Шұбат – түйе сүтінен дайындалатын ұлттық сусын. Ол өте құнарлы, дәмі қышқылтым, қою келеді және денсаулыққа пайдалы. Шұбатта көптеген дәрумендер мен пайдалы заттар болады.

9) Жылқы. Қой. Ешкі. Түйе.

10) Наурыз көже – қазақ халқының Наурыз мейрамы кезінде дайындалатын дәстүрлі тағам. Ол жаңа жылдың, молшылықтың және берекенің белгісі болып саналады.

Наурыз көжені әдетте жеті түрлі тағамнан дайындайды. Бұл жеті саны – молшылық пен ырыстың нышаны.

Наурыз көжеге көбіне мыналар қосылады:

Су

Ет

Тұз

Сүт немесе айран

Май

Ұн немесе кеспе

Тары, күріш немесе бидай

11) Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.

12) Көрімдік– қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі. Нәрестелі болғанда, келін түскенде құтты болсын айтып, ұсынады.

13) Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді де көздейді. ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қарта, жал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

14) Асар – қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Ол – адамдардың бір-біріне көмектесу үшін жиналып, бірге жұмыс істеуі.

15) Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.

16) Қазақтың ұлттық тағамдары – қазақ халқының дәстүрлі ас-тағамдары. Негізінен олар еттен, сүттен және қамырдан дайындалады.

Негізгі ұлттық тағамдар:

Бешбармақ – қазақтың ең басты тағамы, ет пен қамырдан дайындалады.

Қазы – жылқы етінен жасалатын ұлттық шұжық.

Қарта – жылқының ішегінен дайындалатын тағам.

Жал-жая – жылқы етінің ерекше дәмді бөліктері.

Бауырсақ – майға қуырылған қамыр тағамы.

Құрт – кептірілген сүт тағамы.

Айран, қымыз, шұбат – ұлттық сусындар.

17) Қазақ халқында қыз балаға қатысты көптеген тыйым сөздер бар. Олар қызды әдепті, ибалы, ұқыпты болуға тәрбиелеу үшін айтылған.

Қызға байланысты тыйым сөздер:

Қыз балаға жүгіріп жүруге болмайды.

Қыз бала қатты күлмеу керек.

Қыз бала босағаға сүйенбеу керек.

Қыз бала тізесін айқара ашып отырмау керек.

Қыз бала үлкендердің сөзін бөлмеу керек.

Қыз бала шашын жайып жүрмеу керек.

Қыз бала әдепсіз сөз айтпау керек.

Қыз бала ұятты сақтауы керек.

18) Ананың сүті тәтті.(Дүнеде бал тәтті,Бала балдан да тәтті)

19) Ананың қолы жұмсақ

20) Әкенің жүрегі қатты.

23) https://surak.baribar.kz/23391/

24) Қазақтың ұлттық ойындары – қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлі ойындары. Олар халықтың өмір салтына, батылдыққа, ептілікке және ақылдылыққа тәрбиелейді.

Кең тараған ұлттық ойындар:

Көкпар – ат үстінде серкені тартып ойнайтын ойын.

Асық ату – асықпен ойналатын балалар ойыны.

Қыз қуу – атпен шабатын жігіт пен қыздың жарыс ойыны.

Тоғызқұмалақ – ойлау қабілетін дамытатын ұлттық үстел ойыны.

Алтыбақан – жастар ойнайтын, ән айтып көңіл көтеретін ойын.

Арқан тартыс – күш сынасатын топтық ойын.

Ақ сүйек – түнде сүйек іздеп ойнайтын ойын.

өңдеді
РАХМЕТ ™
+1 дауыс
Наурыз мейрамы қашан болады?

в) 22 наурызда

Бұл қандай мереке ?

с) Жаңа жыл

Бұл күні табиғатта қандай өзгеріс болады ?

а) күн мен түн теңеледі

Наурыз мейрамының басты асы не ?

д) наурыз көже

Бұл тағам неше дәмнен тұрады ?

е) 7

Наурыз сөзі қандай тілден енген ?

с) парсы

Наурыз сөзі нені білдіреді?

д) жаңа күн

Наурыз күні аңыз бойынша кім келеді ?

а) Қыдыр ата

«Наурыз келсе, ақ мол болады.» сөйлемнің түрін анықтаңдар

е) сабақтас

10.Наурыз мейрамы қандай елдердің Жаңа жылы ?

а) Шығыс

өңдеді
+1 дауыс
1. Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
2. Бұрынғы қариялар 22 наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен (Қызылбас — Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). «Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген.
3. Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.
4. Наурыз мерекесі 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар. Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі.
5. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео.
Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
6. Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
7. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.
Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді.
Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
8. Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз.
9. Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті, ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
10. Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы.
11. Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Наурыздың нақты тарихы тереңде жатыр, ол өзінің бастауын мұсылмандыққа дейінгі заманнан алады. Кейбір ғалымдар бұны зороастризм мен шаманизм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр.
12. Атырау және Маңғыстау облыстарында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталып, «Амал» деп аталады, осы мейрамның дәстүрлі элменті — «Көрісу». Бұл күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» деп амандасады.
13. 1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
14. Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді.
15. Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелдің елдері (Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей) Наурыз мерекесін қарсы алады! Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді.
16. Бұрын Наурыз мейрамын тойлау таң атуды қарсы алудан басталды. Бұл ежелгі ғұрыптардың біріне «Бұлақ көрсең, көзің аш!» деген мәтелге байланысты болды.
17. Наурыздың алғашқы күндерінің бірінде қазақ халқының нанымы бойынша жердің бетінде ерекше бір гуіл жүреді. Білетін адамдар мұны жұмақтан шыққан қойлар бірінші болып сезеді, оларды баққан қойшы да байқайды дейді. Мұндай күні бүкіл табиғат, жан-жануарлар, адамдар жандана түседі. Бұл күні шаш алуға, тырнақ алуға болмайды, әйтпесе сал болып қаласың дейді. Айналадағы жан иесінің бәрі «әзден» кейін ғана ерекше күш-қуатқа ие болады. Халықта мынадай қанатты сөз бар: «әз болмай, мәз болма».
18. Бұл мереке Ислам дәуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болып келеді. Шығыс елдерінің (шәмси) күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал — Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады.
19. Наурыздың мағынасы — наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.
20. Шығыс жыл санағы бойынша, мереке ирандықтардың жаңа жылы Наврузбен жанасады. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені «Бәйшешек», «Гүлгардон» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалықтар «Су мейрамы», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.
21. Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Бұл таңғажайып жайт емес, өйткені наурыздағы қар әдетте жұмсақ, ерекше аппақ болады.
22. Наурыз айы туғанда өтетін «Көрісу» бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

өңдеді
0 дауыс

Наурызға қатысты сұрақтар мен жауаптар. Викториналық сұрақ-жауапқа жақсы.

1. Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады? Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште

2. Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды? Қызыр

3. Не себепті осы түні қос шырақ жағылады? «Жалғыз шала сәуле болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық болсын деген ұғымынан. Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің белгісі. 

4. Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» деген сенімге байланысты.

5. Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не? Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты. 

6. «Ұйқыашар» деген не? Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.

7. « Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары 

8. Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса, неге жарыған ? Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» деп қуанған.

9. Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар? « Өмір тірегім - төсім, тіршілік көзім екі қолым аман -сау болсын !» дегенді білдіреді.

10. Отпен алыстау себебі не ? От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас!» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.

11. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады? Оларды атаңдар. 7 түрлі зат қосылады. ( соғымнан қалған сүр ет, сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы. 

12. « Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не білесің? Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа, не өзенге барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты бұлда тазарудың белгісі .

13. « Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді. Наурызға болжау жасатуды білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі рет мөңіресе керісінше болады деген ұғым бар. 

14. Наурыз тілек - Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту. 

15. Наурыз төл - Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады. 

16. Наурызша - Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай қыраулап жауған жұқа қар . 

17. Наурызшешек - Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік . 

18. Наурыз жыры - Жаңа жыл - Наурызға арнап айтылатын тұрмыс -салт жырының бір түрі . 

19. Наурыз бата - Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата . 

20. «Самалық» деген не? (Самалық - самал деген мағынаны білдіреді. ) Наурыз күні даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітеді деген адамдар самалық айтады.

Самалық, самалық, 

Қан тауының көк құсы 

Ұйқыдан көзін ашты ма? 

Самалық, самалық, 

Самарқанның көк тасы 

Жібіді ме, көрдің бе? 

21. « Қабақ сындыру» дегенді қалай түсінесің?

Сүт көп, көмір аз. 

Жаңа жыл жарылқа, 

Ескі жыл есірке, - деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті деп ырым жасаған .

22. Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді - Жаңа күн деген сөз. 

23. Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын . Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты. 

24. Наурыз көжені тоя ішу -қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты. 

25. Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан. ) 

26. « Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым нені білдіреді ? (Реніш болған, адамдарды, ағайын, дос- жараңды татуластыту. ) 

27. Тоқым қағар - Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі . 

28. Бастаңғы - Шесесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары жиналады. 

29. Ата - бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал - жан аман ба ?»деп сұрайтын. Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік - тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,804 жауап
153,171 пікір
72,927 қолданушы