Сайты ашылған жоқ! Елбасының тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде жиырма зияткерлік мектебін салу жоспарланған болса, оның екеуі Оңтүстіктің еншісінебұйырып отыр. Әлемдік үлгіні тәжірибеге енгізген оқу ордасыжастардың сапалы білім алуына ықпал етері сөзсіз. Мұның бәрі де жастарға деген қамқорлықтың, ел болашағына бағытталған қолдаудың қаншалықты деңгейде орындалып жатқанын көрсетеді, – деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов.
Шымкент қаласында ашылған физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» оқушыларды конкурстық іріктеу - қазақ және орыс топтарының 7, 8, 9 сынып оқушылары үшін 2013 жылдың 6-14 қаңтары аралығында өтті. Жалпы конкурсқа қатысу үшін 2226 өтініш келіп түскен.
Конкурстық іріктеудің екі кезеңібойынша 530 үміткер «Өркен» грантын иеленуге лайық деп ұсынылды. Ал, химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» оқушыларды іріктеу конкурсына 1802 өтінішкеліп түскен. Конкурстық іріктеудің екі кезең-інің қорытындысы бойынша 360 үміткер «Өркен» грантын иеленуге лайық деп танылған.
Білім шаңырағының құрылысын «Отау Строй» ЖШС-гі жүргізіпті. Нысанды деркезінде пайдалануға берген мердігер мекеменің директоры Әлімқұл Молдасеитов мектептің алғашқы тәрбиеленушілеріне сәт-сапар тілеп, өзінің ізгі тілегін жеткізді.
Толығырақ...