+1 дауыс
569 көрілді

Қазіргі кезде 7 жастан 70 жасқа дейінгі жандар, барлығы да сериал көреді. Уақыттары болмаса да әйтеуір сериал көруге асығады. Сол жандарға қарап ойланамын " неге адамдар сериал көруге осыншама құмар деп?" Олар өз уақыттарын өздері алып жатыр ғой, қаншама жүйкесін тоздырып.Ал, мен болсам сериал көруге қызықпаймын. Мен қазір квартирада қыздармен бірге тұрып жатырмын.Менің достарым үнемі кино көреді де отырады.Мен де олармен бірге отырып көрмегесін кейде келіспей бір-бірімізге ренжіп те қаламыз. Мен не үшін ТВ аз көремін және сериалдарды?

10 жауап

+1 дауыс

"Мен не үшін ТВ аз көремін және сериалдарды?" бүны бізге емес өзіңізге қоясыз.Сізге сұрақ қойғым келеді сіз шынымен де теледидарға қызығасыз ба?

Мен өз уақытымды ТВ көргенше өзіме пайдалы жұмыстармен айналысқанды ұнатам.Және өз қызығушылықтарым мен қасиет,қабілеттерімді дамыта отырамын
+2 дауыс
Шынында, сериалдар мен фильмдерге шамадан тыс қызығушылық адамның көп уақытын ұрлайды. Алайда олардың барлығын бір шыбықпен айдауға да келмейді. Ішінде адамға берері мол сериалдарды да кездестіруге болады. Әйткенмен де қазіргі кезде саны бар, сапасы жоқ фильмдердің көбейіп кеткені рас. Сенің теледидар көрмеуің біріншіден, жан дүниеңнің рахатын кітаптан, болмаса басқа нәрседен іздейтіндігіңнен шығар. Ең бастысы, көріп отырған нәрсеңнің өзіңнің жан дүниеңе әсері барын ұмытпаған дұрыс деп ойлаймын.
+1 дауыс
Адамдарды мәңгүртендірудің заманауи таңдалған формасы,осы сериалдардың көрсетілу мақсаты.
+1 дауыс
Дұрыс айтасыз. Сериал көргенше басқа іспен айналысқан дұрыс. Кейде ойлаймын осы , интернет, теледидар, ұялы телефон адамдардың өзгеруіне әкелуде деп.

Мен де қарындасыма айтам: қайтесің сол бір бітпейтін түрік сериалдарын деп? Неге біз қайдағы бір түріктердің түсірген сериалын көруіміз керек?

Білесіз бе, мысалы кейбір елдерде Түрік сериалдарын көрсетуге тыйым салынған. Түрік сериалдарын көруге кеткен уақытымыз - Түріктер киноматографиясының ақшасына айналады.
+1 дауыс
Кешкі аста отырып сериал көргеннің рахаты ай ! бірақ бұл менің 2 жылғы бұрынғы өмірім ! Сериалдың пайдалысы бар соларды көру керек және қазақтікін
+1 дауыс
Менде сериалдарды көп көретiн едiм кешкi 6дан 11дейiн кезек кезегiмен, азартына кiрп кеткенмнғо)) каз қойдм, шынында да телесериал қараудың түк пайдасы жоқ екенiн ұқтым ол ТЕК АЛТЫН УАҚЫТТЫ ӨТКIЗУ үшiн ғана арналған нәрсе! Айтарым осы ғана, босқа уақыттарыңды сарп еткенше пайдалы iспен айналысқан жақсыыы, все!
+2 дауыс
Сериалдар адамдарды ауыш қылып қояды мысалыға адамдар 1 сериясын көрсе көргісі келеді себебі мысалыға сериалда ұсталайын деп жатқан кезінен бітіп қалады тағыда не болатынын көргісі келіп тағы көреді сосын ол бұны күнде көреді,
0 дауыс
Сериал не үшін қажет десеңіз:

Біріншіден, сол сериалды түсірген адамдардың пайда көзі!

Екіншіден, сол телеарнаның барынша көп көрермендерді өз арнасына жинаудың амалы!

Үшншіден, үйдегі іші пысқан әйелдерге де бір іс керек қой!

Жалпы сералдар өзі солай жасалады, адам соны бітірмей кете алмайтында етіп, әрбір серия әдейі қызық жерінен бітіріледі себебі адам бойында қызығушылық пайда болып келесі серияны міндетті түрде коретіндей еіледі!

Айтарым бағалы уақыттарыңызды болмашы нәрселерге құртпаңыздар! Өмір онсыз да қысқа ғой)
0 дауыс

Народ смотреть Сериалы онлайн можно на serialtime.kz 

0 дауыс

Үйде не істейсің  Сериал көріп отырасың

...