+1 дауыс
26.0k көрілді
Ұлытың ұлы күні әз Наурыз тақырыбында шығарма керек.тез арада керек болып тұр

2 жауап

+1 дауыс
Наурыз — әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді.

Саясаттың өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне де салқынын тигізіп келді. Мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келген Наурыз мейрамы, кеңес өкіметі тұсында 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды әрі сүреңсіз тартты. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен тәуелсіздік алған түркі елдерінде ХХ ғасырдың 1988 жылдан бастап қана ресми түрде қолға алына бастады. Алайда, Наурыздың Қазақстандағы мерекеленуіне қарап, оның этностық мейрамнан ұлттық, мемлекеттік мерекеге айналғанына көңіл сенбейді.

Мемлекеттік мерекеге айналған Наурыз мейрамын ресми мерекелеу жөнінде соңғы кездері біршама сыни пікір қалыптасты. Соның бірі – «Наурыздың мерекеленуі Жаңа жылдың аталып өту деңгейіндей емес, тар ауқымда және жұпыны» дегендей уәж. Бұған қоса, «Наурыз мерекесі бұқаралық сыйпаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда» деген де пікір бар. Қысқасы, Наурыз мерекесі уақыт талабы мен егемен елдің өміріне сәйкес бүкілхалықтық идеологиялық көз қуанышқа айналды деуге ертерек.

Шынында да, Наурыз жалпыхалықтық мерекеден гөрі, этнографиялық еске алу күніне айналып барады. Сондықтан да аталмыш мерекені мұндай қарабайырлықтан құтқаратын уақыт келді. Оның өзіне сәйкес атрибуттарын қалпына келтіріп, мерекелік ұғымдары мен мағынасын орнықтыратындай шаралар қажет. Ол үшін оған заман талабына сәйкес оның тарихи нышандары мен атрибуттарын лайықтап, кәзіргі адам санасы қабылдайтындай, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпықазақстандық мереке дәрежесіне жеткізген жөн, уақыттас әшекеймен, мүмкіндіктермен байыту керек.Ең бастысы — Наурыздың қайнар көзін тауып, басқы кейпін қалпына келтіруге тырысқан абзал.

Ресми атап өту дәстүріне 20 жыл толған Наурыз мейрамын мерекелеу үрдісін талдағанда, екі жайтқа тап боламыз:
— Наурыз мерекесін сағына қолға алған қазақ халқы, өзінің бірнеше мыңдық тарихы бар мейрамының негізгі көріністері мен мәнінен ажырағандықтан, оның орнын бірыңғай ұлттық фольклормен сахналауды (театрландыруды) толтырды;
— мерекені фольклорлық сахналау оның бүкіхалықтық мәніне кедергі болып, таптаурынға ұшырап, кәзіргі кезде тоқырауға түскен сыңайы бар.
Аталған жайттар Наурыз мерекемізді қайта қырынан қарауға мәжбүр етуге тиіс. Егер біз Наурыздың этностық мағанадан бүкілелдік сыйпатқа тарауын қаласақ, оған нағыз ұлттық мазмұнмен бірге азаматтық мерекелік тұрпат беруге мәжбүрміз.
Бүгінгі отырық өмір салтын меңгере бастаған қазаққа көшпелі өмір үрдісінен туындаған фольклорлық тұрпаттағы дәстүрдің барлығы бірдей сіңісе алмайтындығын ескеретін уақыт жетті. Оның үстіне, Наурызды тек қана қазақтар үшін мерекелеу де, елдік саяси ахуалға сыйымсыз. Кәзіргі ұлттық идеологияның маңызы сол – егер де оған өзге жұрттар да тартылып, өздеріне сіңіріп жатса.
Мерекенің жалпыхалықтық сийпаты барын ескеріп, оны жұрттың бәріне бірдей, тіпті, ұлты мен тегіне қарамастан жатырқамай, қабылдайтындай, жарқын өмірдің үлгісіне айналатындай шаралар мен істер қажет-ақ. Мереке дегеніміз – адамдардың қызықтай жүріп, демалуына қажетті атқарылатын шаралар жыйынтығы; мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы. Ал, фольклор белгілі бір этностық топқа ғана тән, сол топтың ғана қатысып, солардың игілігіне жарататын шаралары болып табылады.
Енді Наурызды жарқылдата мейрамдауға кедергі боларлық жайттарға көңіл аударалық. Наурызды о баста көшеге шерулетіп, шығару көрінісі көпті қызықтырғанымен, оған көпшіліктің қатысуы қарастырылмады және ол көп шығын мен ұйымдастыру күшін қажет етті де, ол шаралардың аяғы құрдымға айналды. Содан кейін, әрбір мекемені міндеттеп жүріп, қарүй тігуді шығардық та, наурыз көже пісіруді қолға алдық, сол маңда сахна жасақталып, жұрттың санаулы өнерпаздардың өнерін қызықтаумен қол қусыруы ғана жүзеге аса бастады.
Алайда, тігілген қарүйлеріміз санаулы адамдардың рахаты мен ішіп-жеу ордасына айналып тынды да, сырттан бақылайтын қарапайым жұрттың әлгі «наурызотауларға» деген алакөздігін тудыра бастады. Отауларды тігу мен күйелеш-күйелеш болып көшеде көже пісірудің де, ешкімге рахат сыйламайтынына көзіміз жетуде. Оған өзге этностар түгелі қазақтардың өздері жатсына, мысқылдай қарауда. Алайда, мерекені ұйымдастырудың басқа ешбір нұсқасы ұсынылмағандықтан, қалыптасқан жағдай сарапталмағандықтан, ұшыраған тоқыраудан шығу жағы барған сайын тұйыққа тірелуде. Ақырында, басты ұлттық мерекеміз болып табылатын Наурыз мейрамы қарабайырланып, тартымсыз күйге ұшырауда. Бөлінген қаржы ішіп-жеуге кетіп, не рухани байуымызға болмаса құмарта тынығуымызға септік болмауда.

Бұл жағдайға бірнеше себеп бар. Біреуі ұйымдастырудағы мереке мен фольклорды шатастыруымыздан, ұлттық келбетімізді тек қана ескі дәстүрге байлауымызда, оны жаңғыртуға шорқақтығымызда, өткенімізді театрландырумен шектелуімізде. Мәдениет пен руханият саласындағы ізденістің жоқтығы мен сол саладағы ұйымдастыруда қолдағы мол әлеуетті шебер пайдалана алмай, үйлестіре білмеуден туындауда. Бұған этнографиялық зерттеменің белгілі бір деңгейде тоқырап, оны жаңа заманға лайықтау ниетінің жоқтығы да қосылады.
Наурызды мерекелеудің бірнеше нұсқалық жолдары бар екенін оны жөнге салу мен қоғамға енгізудің жолдары қарастырылған емес. Бар болғаны аудандық, қалалық деңгейлердегі мәдениет басқармаларының бөлінген азын-аулақ қаржыға ірілі-ұсақты өнерпаздарды дірдеңдетіп көшеге шығарумен шектелуі жүзеге асып жатыр. Ал, жаппай жұртты, ұжымдарды, жанұяларды өз алдына мерекелеуге тартатындай дәстүр мен атрибуттар қалыптаспаған.
Басында жаңажылдық сипаты бар Наурыз бүгінде күн мен түннің теңелу сәтін, көктемнің келуін атап өтумен ғана шектелуде. Өйткені, жаңа жылдық сипатты күнтізбелік жылдың басы болып табылатын 1 қаңтар өзінің мықты да бүкілхалықтық сипатымен, идеологиясымен, жасанды жолмен толыққан атрибуттарымен, қалыптасқан индустриясымен Наурыздан «тартып алды». Сөйтіп, Наурыздың әуелгі жылды айырбастау мәні быт-шыт болды да, ескі жылдың қысы жаңа жылға телініп шыға келді. Әрбір жылға айуандық астрологиялық сипат берген Наурыздың о бастағы мазмұны тәрк етілді. Қысқасы, Наурыз мерекесі шаралар тұрғысынан ғана емес, мазмұндық жағынан да жұрдай етілуде.
Бай мазмұн мен мәннен жұрдай бола бастаған, ұлы да айтулы Наурыз секілді мерекені арашалау, ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғыртудың, оларға жаңа тыныс берудің ізденісі нәтижесінде ғана жүзеге асатынын ұққанымыз жөн. Сондықтан да Наурызға араша боларлық іргелі ізденістер мен әрі тарихи, әрі уақыттас шаралар керек. Ең бастысы, шектеулі топтың сахналаған көрінісін қызықтаумен емес, жұртшылық болып жанұямызда мейрамдайтын мерекелік дәстүр мен атрибуттарды қалыптастыратын мезгіл жетті.

Наурыздың түркілік тұрғысы
Наурыз тарихын саралай отырып, отырық өркениеттер шаруашылыққа қолайлы оның күнтізбелік қана мәніне назар аударып, ал көшпелі түркілер Наурыздың теологиялық-мифологиялық мазмұнын барынша маңыз еткен. Оған дәлел, ежелгі парсылық жазбалардағы Наурыздың күнтізбелік шежіресінің ғана хатталуы болса, ал көшегендердің Наурызды мерекелеуі сол отырық өркениет өкілдерінің таңданысын жасыруға мұрша бермей, олардың барлық ғұрыптық, жоралғылық рәсімдерінің қағазға түсуі еді. Және де отырық жұрттар күнтізбені шаруаға қолайлы болу болмауына барынша мұқият болса, көшегендердегі наурызға деген көзқарас ғұрыптық, жоралғылық рәсімдермен айшықталған. Бұл — олардың Наурыз мерекесіне деген теологиялық мәнді жоғары қоюының дәйегі еді. Осындай жазбаны А.Сейдімбекұлы былай келтіреді: «… Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс тойын қалай тойлайтынын тамсана жазады. Ұлыстың ұлы күні таң шапақ шашып, күн шығар сәтте қаған ордасының үстіне күн бейнелі жалау көтеріліп, қотанғ
+3 дауыс
Әз Наурыз. Ұлыс Наурыз, ұлыстың ұлы күні атанған ұлықНаурыз. Аузымызды аққа толтырған, бір төлімізді екеу, екеуін бесеу қылып, қорамыздымалға, төрімізді жанға толтырған құт Наурыз да міне, биыл ресми түрде жиырмасыншы рет тойланып отыр. Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық. Мәселен, наурыз көже дайындалады, көңілінде кірбіңі барлар татуласады, адамдар бір-бірінің үйіне кіріп, құтты болсын айтады, бұлақ көзін ашады, алдын-ала үйін, ауласын кір-қоқыстан тазартады, Жер иесі - Қыдыр ата елді, үйді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген сенім-наным және бар. Осының бәрі адамдардың өзара сыйластығын, түсіністіктерін бекіте түсу үшін қажет. Демек, Наурыз мейрамы мемлекеттілікті сақтаудың басты шартын ғана көрсетіп қана қоймайды, мемлекеттілігінқалыптастырған халықтардың болашаққа ұмтылысын да бейнелейді. Толықтай көргiгiң келсе http://www.sgma.kz/kz/about/news/detail.php?ID=8139 осыған өт.
...