0 дауыс
3.0k көрілді

осы өмірде шайтандар елестер бар ма қалай ойлайсыздар?болса фотоларын көрсетесіздер ме

 

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ібіліс, Иблис ( грекше «албасты», «шайтан») - діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Аллаһтың ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімІбіліс Ібілісті басқаша - шайтан (шайтандардың - барлық қара ниеттердің басшысы), «Аллаһтың жауы» немесе жай ғана «дұшпан» деп атайды. Ал "елес" елестету мағынасында деп ойлаймын!
мммммммм(bandit)
0 дауыс

Өз басым ондайды көрген емеспін, бірақ бар дейдіғой 

0 дауыс
ондайлар бар !Шайтандар адамдарды азғырады ! Сондай-ақ елестердің барына менн сенемін !
+1 дауыс

Бар,бірақ фотосы жоқ!!! кім шайтанның алдында камера ұстап тұрды дейсың !!!

ха ха ха,дұрыс жауап(rofl)
уа ха ха
Белгісіз
шайтандар фотогеничный емес,сондықтан фотоға түсуден қашады(rofl)
+4 дауыс
Шайтан

Шайтан— діни танымда Құдайдың қаһарына ұшыраған, адамды азғырып аздыратын, өзімен бірге тозаққа әкетуді мақсат ететін пері. Шайтан оттан жаратылған, Ібілістің бұйрығын орындаушылар. Басты сипаттары тәкаппарлық, өзімшілдік, көре алмаушылық, менмендік. Құдайға көп құлшылық етуінің арқасында о баста періштелік дәрежеге жеткен, еткен тағат-ғибадатының қарымына орасан зор ғылым мен білімді иеленіп, періштелерге сабақ берген. Соңында осынша терең біліміне мастанып, топырақтан жаратылған Адам атаға сәжде жасамаймын деп Алла әмірінен бас тартып, лағнет қамытын киген, тозақ отына күю жазасына кесілген. Адам баласына тек дұшпандық ойлайды, бірақ оның дұшпандығының өзі Рахымды Құдайдың құдіретімен адамның рухани толысуына қызмет етуі мүмкін. Яғни, адам баласы Шайтанның әрекетіне қарсы күресудің арқасында рухани дамиды. Ібіліс Құдайдан бұл дүниеде мәңгі өмір сүруді, адам баласының ойына араласып, аздыру мүмкіндігін сұрап алған. Құран Кәрімнің Исра сүресінің 62-аятында Шайтан «Адам ұрпақтарын хақ жолдан тайдырып, түп-тамырымен құртамын. Тек біраз құлдарыңды ғана азғыра алмаймын» дейді. Әрбір адамның бойында періштесімен қатар өзінің Шайтаны болады. Шайтан адамның бойындағы нәпсілік құштарлықтарын қоздыру арқылы әрекет жасайды, күнәлі істерге бастап, құлшылығына кедергі жасайды, адамды түзу жолдан тайдыруға, сөйтіп, түбінде тозаққа түсуге итермелейді. «Мен адам ұрпақтарын алдынан, артынан, оңынан, солынан келіп, азғырамын. Ей, Раббым, сен өзіңнің құлдарыңның көбін, берген нығметтеріңнің қадірін біліп, шүкіршілігін қылатындардың қатарынан таппайсың» (әл-Ағраф сүресі, 17-аят) деген Шайтаннан пана табудың жолы Алла есімін көп еске алып, зікір ету.

                                                                  Елес

Елес — фантом, кумир, сиынушы заты. Фрэнсис Бэкон елес деп адамның танымдық мүмкіндерін шектейтін қате пікірлерді, ұғымдарды, біреулердің беделіне табынуды айтады
Мәссаған, крутой  айбек емес мына жерде " крутой теолог" сияқтысың ғой!!! жазғандарың ұнап қалды. Бірақ, көзге елес немесе құбыжық көрінсе психиатрлар ол шизофренияның бір белгісі дейді. Кейбіреулер ұрысып жатады ғой"Не ,көзіңе бірдеңе көрінді ме?"деп. Бұл со" жын соқты ма" немесе "есіңнен ауыстың ба " деген мағынада айтылатын сөз.Ден ісау адамға  елес те, шайтан да көрінбеуі, керек тек реальный нәрселер ,яғни біздің сезім мүшелеріміз сезетін ,көзіміз көретін нәрселер көріну керек. Қалғаны адамның ұшқыр ойынан пайда болған фантазиялар! Құдай көзге бірдеңе көрінгеннен сақтасын!!!!
0 дауыс
Жер әлемде аламдардан басқа да тұрғындар бар.Олар жындар әлемі.Олар да мусылман кафирлер болып бөлінеді.Мусылмандары мешітке барып намаз оқиды.Пайғамбарымыз кезінде жындарға исламды уағыздаған.Шайтан-бұл кафир жындар.Жындар адамнан 10 есе мықты болатын көрінеді.
+1 дауыс
шайтандар бар,әрине.Шайтан туралы айтқанда оны" шайтан" деп дауыстап атауға болмайды дейді,негізі,"малғұн" деу керек.олар көбіне ескі жерлерде,ескі,иесіз қалған үйлерде болады,ондай жерлерді қазақта күркелі жер дейді
0 дауыс
МЕКТЕПТЕ ОКЫП ЖУРГЕНИМДЕ ШАЙТААННЫН БИР СУРЕТИ БОЛГАН 15 ШаКТЫ ЖИГИТТЕР ПИКНИККЕ ШЫККАН КЕЗИНДЕ ЖИГИТТЕР ОРТАГА ОТ ЖАГЫП АЙНАЛА ТУРЫП СУРЕТКЕ ТУСКЕН СОЛ КЕЗДЕ ШЕТИНДЕ ТУРГАН ЖИГИТТИН КАСЫНДЫ КЫСТЫРЫЛЫП ТУСКЕН СУРЕТИ БАР ОНЫ СЕНСОР СОТКАМЕН  1Секунд БОЛМАЙ АШЫП ЖАБЫЛЫп КАЛАД КОРИП УЛГЕРЕ АЛМАЙСЫН,БИРАК МЕН КОРИП УЛГЕРГЕМ
0 дауыс
Шайтан мен елестің барына сенемін. Шайтан адамды азғырады. Ал елес ол жай ғана бұрыңғы өлген адамның бейнесі. Ол адамға тиіспейді деп ойлаймын.
...