Балалардың бәрі бірдей емес,Айтылған сабақты қабылдауы , есте сақтауы,іс қимылы, шапшаңдығы , қызығушылығы әр түрлі . Бір балаға қызық сабақ екінші бала үшін қызық емес. Бір бала бір рет айтқаннан түсінеді, екінші бала ұш рет айтқаннан түсінеді, кейбірі он айтса да ұқпайды!. Оған тек қана қалай мұғалімді кінәлі сабағы қызық емес деуге болады ? Бірінші сыныпта мектепке балалардың көпшілігі бірдей деңгейде келеді , кейін соларың кейбіреуі жақсы оқитын болады, кейбіреуі орташа, кейбірі нашар оқитын болады. Солар бәрі бір кластың ішінде, ал мұғалім біреу және ешкімің құлағына сыбырлап оқытып жатқан жоқ, бәріне бірдей түсіндіреді. Менің балам да өте жақсы оқитын бала, тәртібі де жақсы. Бірақ өзім кей сабақтан білімін тексеріп көргенде көңілім толмайтын кездер болады, сондай кезде барамын мектепке, сөйлесемін мұғаліммен, сабақтарына кіріп көрген кездерім де болды. Математика , ағылшыннан репетитор жалдаймын. Менің балам оқитын мектепте ағылшыннан мұғалімге көңілім толмайды, амал не ағылшынды керемет меңгерген адам мектепте жұмыс істеп қайтсын. сондықтан мұғалім бар екеніне тәуба деймін. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Кейбір ата ана сияқты мұғалімді себепсіз сыртынан жамандамаймын, оқыта алмайды деп. Мұғалімді жамандағанша, баласының сабағына , тәртібіне қарағаны дұрыс емес пе? Өзі қарай алмаса мұғалім жалдап оқытсын. Менің балам оқитын мектепте,бала ұратын,жекіп, балағаттап сөйлейтін мұғалім жоқ. Мұмкін гимназия болғандықтан шығар.Баланың ата анасымен бала тәрбиесі жөнінде жұмыс ол жаңалық емес , атам заманнан қалыптасқан үрдіс. Бірақ соңғы кезде босаңсып кетті, тек бір белгіленген жоспармен, жоғарғы орындарға есеп беру үшін ғана өткізіледі.