0 дауыс
4.0k көрілді
Сәлематсыздарма! Маған "Адамның өз еңбегі-балдай тәтті"-, деген мазмұндама керек еді. Қиын болмаса тауып бересіздерме?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл жақта жаз ыстық болады. Қар суымен дымқылданып жататын жер алғашқы ыстықта қызып, өсіп қауырт өседі.Бекеннің бақшасы да солай болды. Бір күні қауын, қияр еккен жеріне келсе, құлаш жайып өскен өсімдіктердің құлағы салпиып, әрі боп-бос болып қалыпты. Солғалы тұр екен деп қорыққан ол күдігін атасына айтты.  
-Шөлдегендікі ғой, суару керек,-деді үлкен кісі.
Күрек алып, сонау көмейге барды. Арыққа су салып, жол бойы былтырдан қалған ескі шөптерін тазалай келді. Бақшаға жіберілген мол су әр түпке шымырлап сіңісімен-ақ, қияр, қауындар құлағын қалқайтып қайта көтеріліп жатыр. Бекен таң қалды. «Шөлі қанып не қарны тойған соң, ширай бастайын жан иесі секілді» деп ойлады ішінен.
Судан кейін өсімдік біткен бір күнде қаулап шыға келді. Әсіресе бүкіл бақшаға арам шөп лап қойды. Бекен екі күн бойы бақшасын тазартты. Атасы «маусым» деп атайтын бұл айдың ыстығы осал емес көрінді.  
Арада бір-екі жұма өткен соң, анада еккен бір түйір дән құлаш-құлаш желі тартып, әуелі сары құлақ гүл ашты да, артынша түйін тастаған-ды. Міне, енді қара көк жапырақтың астынан сопиып-сопиып қияр пайда болды.  
Алғашқы қиярды үзіп алғанды, алып-ұшып атасына жетті. Атасы ораулы бәкісін ашып:-Бекенім өсірген алғашқы көк қой, - десіп, әжесі екеуі жеді. Өзі де күртілдетті.
-Тәп-тәтті,-деді сонан соң.
-Иә, адамның өз еңбегі сіңген қара суы да балдай тәтті болады, балам, - деді үлкендер. (Қ.Жәркенов, 210 сөз.)
0 дауыс
мағанда керек еді, таба алдын ба?
0 дауыс
Шығарма барма маған шығарма керек
0 дауыс
Өте рахмет! Сайттарыныз жасай берсін. Көп мазмұндаманы үнемі жазындар
Рахмет .жақсы болды маған керегі осы мазмұндама еді. Мен сіздерге осы мазмұндаманың жоспарын Ыстықтың əсері. Шөлдеген өсімдіктер Бақшаны Суару Бақшаны тазалау Еңбектің наны тəтті
...