0 дауыс
Ақ дидарың ай сенің ақ дидарың ай маған осы өлеңнің сөзі керек еді тауып беріңіздерші
14.03.2013 1.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс

Ақ дидарың-ай сенің,ақ дидарың-ай

Көңіліңе сенемін,от күйін барын

Ерекем-ай, (жүрегімді сен неге көп қинадың)2

Ақ дидарың-ай

Қас қабағың-ай сенің, қас қабағың-ай

Жанарыңа қарауға жасқанамын

Ерекем-ай, (ару қызы сен бе едің Астананың-ай)2

Қас қабағың-ай

Назды күлкің-ай сенің, назды күлкің-ай

Назды күлкің кеудемнің жазды бұлтын

Ерекем-ай, (сүйем деген айтармын сөзді бір күні-ай)2

Назды күлкің-ай

Қыпша белің-ай сенің, қыпша белің-ай

Көжегіне қоянның ұқсап едің

Ерекем-ай, (екі тілек бір жерден шықса деп едім-ай)2

Қыпша белің-ай

Көз қарасың-ай сенің, көз қарасың-ай

Көрмедің бе қазақтың боз баласын

Ерекем-ай, неге сонша жымиып назданасың-ай

Қайтем енді маңдайға жазбағасын-ай

Көз қарасың-ай , мәз боласың-ай, назданасың-аййй.

26.03.2013
Айдана сізге көп рахмет
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы