+1 дауыс
57.9k көрілді
Ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өткір сұрақтардың бірі – алимент төлеу. Алимент деп біз көп жағдайда тек ажырасқан әкенің өз баласына төлуге міндетті ақысы деп білеміз. Алайда, алименттің басқа да түрлері бар. Бұл төлем тек әкеге ғана емес, сонымен қарат анаға да жүктелетіні көпшілікке жаңалық болуы мүмкін. Сондықтан Comode редакциясы сіздерге алимент туралы маңызды ақпарат ұсынуда.
Алимент – «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексіне» сәйкес, бір адамның оны алуға құқығы бар басқа адамға ұсынылатын міндетті ақшалай немесе материалдық асырау. Яғни, заң жүзінде бекітілген төлем. Көп адамдар отбасы кодексінің бар екенін біле бермейді. Дегенімен, маңызды тараптарды біліп жүрген артық болмайды.
Баланы асырау – ата-анасының заңмен бекітілген міндеті, бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиедегі балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы.

Алименттің түрлері

1. Кәмелетке толмаған балаларға төленетің алименттер.
Жоғарыда айтылғандай, алименттің бұл түріне ерлі-зайыптылардың ажырасқан болуы міндетті емес. Мысалы, егер күйеуі баланың оқуына, тұрмыс-тіршілігіне ақша бермесе, әйелі оны сот арқылы алимент төлеуге міндетті ете алады. Бірақ, баланы асырауда ананың да міндетті екенін ұмытпаған жөн. Я  Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар сондай-ақ баланы асырауға Кодекстің 79-бабына сәйкес алименттер төлеуге міндетті.

2. Ерлі-зайыптылардың біріне және бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріне төленетін алименттер.

Баланы асырауға керек қаржыдан басқа, Кодексте ерін не зайыбын немесе бұрынғы ерін не болмаса зайыбын асырауға қаржы талап етілетін бірқатар жағдайлар бар.

Мысалы:
еңбекке жарамсыз мұқтаж ерлі-зайыптының бірі;
жүктілік кезінде зайыбына және ортақ бала туғаннан бастап 3 жыл ішінде;
18 жасқа толғанға дейін ортақ мүгедек-баланың күтімін жүзеге асыратын        мұқтаж зайыбы;
Егер келісушілік немесе келісім болмаса, онда алименттерді төлетуге сотқа талап-арыз беруге болады. Алимент мөлшерін сот шешеді.

3. Кәмелетке толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларға алименттер.

Еңбекке жарамды ата-аналар көмекке мұқтаж өздерінің кәмелетке толған. бірақ еңбекке жарамсыз балаларын асырауға міндетті. Бұл жағдайда ата-ана арасында келісім болмағанда, алименттер мөлшерін сот отбасының материалдық жағдайына байланысты анықтайды.

4. Кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауына алименттер.

Балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарын келісім бойынша ерікті асырай алмаса, онда ата-аналар сотқа алименттерді талап етуге өтініш бере алады. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар осындай алименттерге үміткер бола алмайды.

Алимент қандай мөлшерде төленуі тиіс?

Ажырасу барысында ерлі-зайыпталыр баланы асырау туралы өздері келісу керек.  Алименттер сол келісім бойынша төленеді. Егер ондай келісім болмаса, онда Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алиментті ата-анасы сотпен төлетеді.

Алименттер ай сайын ата-анасының еңбекақысынан және/немесе өзге табысынан мынадай мөлшерде төленуі тиіс:

1 балаға – табысының төрттен бір бөлігі;
2 балаға – табысының үштен бір бөлігі;
3 және одан да көп балаларға – табысының жартысы.

Кейбір жағдайларда осы үлестер мөлшері тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа балалар және өзге де назар аударатын жағдайларды ескерумен азайтылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін.

Жұмыс істемейтің борышкердің төлеуге міндетті алимент мөлшері ҚР орта жалақы мөлшерімен есептеледі (шамамен 120 000 тенге)!

Алиментті төлеушінің жалақысынан ұстап қалуын талап етуге болады. Ол түралы сотта бөлек арыз жазу керек. Бірақ, Заңға сәкес  борышкерде қалатын жалақысының  немесе өзге де табысының мөлшері  50% кем  болмауы тиіс.

Жалақының қандай түрлерінен алимент ұсталуы мүмкін?

Кәмелетке толмаған балаларды асырауға алименттерді ұстау жалақының барлық түрлерінен (ақшалай сыйақы, асырау) және ата-анасы алатын өзге де табыс түрлерінен жүргізіледі.  Ол ұлттық немене шетелдік валюта болуы мүмкін. Бұл еш  маңызды емес. Алименттер келесі кіріс түрлерінен ұсталады:

үстемеақылар және қосымша ақылар;
демалыс уақытындағы сақталатын еңбекақы;
комиссиялық сыйақы;
авторлық сыйақы;
зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері;
мүлікті жалға беруден түскен табыстар;
бағалы қағаздар бойынша табыстар;
қосымша еңбек төлемі (Семей ядролық полигон, Арал маңындағы экологиялық аймақтар, т.б.).
Сот шешімі бойынша алимент төлеуге  міндетті төлеуші еңбекақысын алғаннан кейін 3 жұмыс күнннің ішінде алимен төлеуге тиіс. Алимен төлемін түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады. Бірақ ең оңай әрі ыңғайлы шешім – сот шешімін борышкердің жұмыс орнындаға есеп бөліміне тапсырып, алимент түсіп тұратын арнайы банк карточкасын жасатып алу. Сол кезде әр ай сайын алимент төлеушіден ақша сұрап тұрмайсыз.

Кодекстің 75-бабына сәйкес, егер ата-анасы алименттерді төлеуден  бас тартса, онда олар ата-ана құқықтарынан айрылады.

*Алимент төлеуден бас тарту Заңмен қудаланады.*

20 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер жубайларынын арасында келысым жок болса? Неке жане Отбасы занын 125 бабына сайкес 1 балага берылетын алименттын молшеры алимент берушы тулга жалакысынын 1/4 берыледы. Бул молжер сотпен азайтылып кобейтылуы мумкын.
+2 дауыс
Әлимент әр түрлі жағдайда төленеді. Мүгедектігіне,асыраушысынан айрылғанда, және ата-анасының екеуі жұмыссыз жағдайда.бұл мемлекет тарапынан 2010ж қаңтардан бастап 4 және оданда көп бала үшін бір жолғы жәрдем 70650теңгені құрады. Бұдан басқа бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін айсайынғы жәрдем алғашқы балаға 5.5 АЕК(айлық есептік көрсеткіш)(7773тг) екінші балаға 6.5 АЕК(9185тг) үшінші балаға 7.5 АЕК (10598тг) 4 және одан көп балаға 6.5тен 8.5 АЕК тең (12011тг)
0 дауыс
Алимент - деген бірақ жерде,егер қатыныңмен ажырасып кетсең,балаларының кімнің қолында қалуына байланысты әкесінен яки болмаса шешесінен балалалардың пайдасына төленетін ақы.Оны әкесінің болмаса шешесінің жалақысынан белгілі бір мөлшерде сот тағайындайды.Мөлшері бала саны мен жалақы көлеміне байланысты болады.
0 дауыс
Салеметсіздерме. Алымның тегін ауыстыргым келеді. Ал куйеуім буган руксат бермей жатыр. Негізінде заңды турде ажырасканбыз. Отініш комек берсеңіздер ?
0 дауыс
Салеметсиз бе! Биз некеге турмаганбыз менин аягым ауыр калай кандай жагдайда туылатын нарестеге акесинен комек корсетилу керек
0 дауыс
Мен айелиммен заңды турде ажыраспадык бирак айелим менен алимент толеуди талап етип отыр арыз жазып арамызда бала бар енди мен казир жумыссызбын иштей окып жатрмн енди калай толеймын аке шешемнен алмайма айтеуир алиментти маган осы жайында толык акпарат бериндерш нестеуге болады ????
0 дауыс
Саламатсызба менде сурагымбар менде 1бала алиментты енды алам... кужатка жазыпты 1/2 болыгы деп ол неше процент 50% или 25% соны тусыне алмаи журм
0 дауыс
Амансыздарма?!

Имени мазалап жургенсурак!

Мен туберкулезбен ауырдым келеси ай толык емим битеди отадан Кейн.енди куйеуим балдарымды алып коям дейди мен не истей аламын балаларымды менен сотта тартып алама озимде калдыруым ушин не истей аламын акыл кенестериниз оте кажет боп тур дал казир алимент толете аламынба???
0 дауыс
Ассалаумағалейкум! Мазалап жүрген бір сұрағым бар еді. Менім əйелім жүкті болып маған сенен жүктімің деп келіп еді. Мен баладан бас тартпайын деп алып едім. Бір ақ менімен ұзақ тұрмады 5.6 ай ғана тұрды еңді кəзір бір жарім жылдан асты бөлек тұрамыз. Бір жыл бойы алимент толеп келдім бір ақ менең 50% ұстайды əлі ажырасқан емеспіз. Д.Н.К-ға тапсырайын десем ақшам жоқ. Арада бір ғана бала. Мені сотқа шақырмады. Менсіз сот болып кеткен
0 дауыс
Тагы бир сурагым бар куиеуим меним атымнан кредит алгызды жане ол акша уи саламын деп алдыртты меним атымда болып тур 1ши балам тоже акесиз еки баламды мен калаи асыраимын басымда уимде жок данный момент жумысымда жок кредитти калаи толетсем болады онын басында уиде машинада малда бар
0 дауыс
Салеметсиздерма менимде сурагым бар енди куиеуиммен 1аи болды болек турамын кызым 9аилык массаж жасату керек деп аитканына 5аи болды куиеуме аитканыма сондаи уакыт болды ол жумыс жасаиды табады бирак бермеиди массажга акша сурасам постоянно жоктан баска аитпаиды уже 5аи отти не истесем болады
0 дауыс
Салеметсиздерме меним сурагым мынандаи мен куиеуиммен 3аи болды бирге турмагалы жане арамызда бала бар занды жузде некеде бармыз арыз жазаиын десем меним атымнан кредит алган еди осы жазда битед толеп жатыр ози мен декретте отырганда алганмын енди арыз жазаиын десем сол киедитти толемеи коимаима калаи истесем болады оз атында уии бар соны болисе аламба ол уи али битпеген калаи истесем болады
0 дауыс
Егер айлык 25.000 тг болса сонда бир балаға берилетин алимент 6000тг болама?
0 дауыс
Салеметсизбе жумыс жасамаганда ен аз толитин 1 балага алименти неше тенгеге дейин барад жане жумыска киргенде жумыс орнынан айлыгынан акша устап калган жагдайда борышкер бухгалтеримен подленый есеп корсеткишин корсету мумкун бе жане де жумыс жасап жургенин калай билемиз мумкун ол безоаботны мен акша кунделикти толеп журип за одно жумыс жасап журсе оган кандай шара колдануга болад
0 дауыс
Салематсыздарма егер уй куйеуимнин шешесинин атында болса менин 3 кызым бар осы 3 кызыма уйден не болинеди ажыраскым келеди уй 1 ком кв и 3 кызыма канша алимент аламын куйеуим жумыссыз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
Сайлаубек 24.10.2016 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...