+3 дауыс
6.6k көрілді
Негізі қарап отырссаң, бір жылда 12 ай бар, мысалы соғымды 12 мүшеге бөледі, тіпті жыл басында 12 мүшел, гороскопта 12 знак бар деп бөледі, ал содан кейін 13 мүшел жасы өте қауіпті сан дейді, 13-і күні қауіп қатер көп болады үнемі, тіпті өзім де көп байқағанмын... Осы санның сыры қандай екен а? Неге көбіне авария, өлім-жітім осы 13 санына тіреледі екен?

5 жауап

+2 дауыс

Орыстарда 13 санын жайсыз деп есептейтіндер бар. 13-тің оларды не үшін ұнатпайтыны белгісіз. Ал аңыз әр түрлі. Дегенмен әлемнің бірқатар елдерінде, әсіресе, христиан дініне сенетін жұрт аптаның әсіресе жұмасы айдың 13-іне тап келгенін ұнатпайды. Өйткені бұдан екі мың жыл бұрын қасіретті бір оқиғаның дәл осы күні жүзеге асқаны тарихта жазылып қалғандықтан да аптаның айтулы күні осы санға сәйкес келсе, жақсылыққа жорымайды. Бірақ 13 санының не үшін қатерлі екенін ешкім де тап басып айта алмайды.

Британдық Ллойда фирмасы жұманың 13-не сәйкес келген күні түрлі қасірет жиі кездесетіні туралы деректерді іздестіріп көріпті. Нәтижесінде олар бір ғасырдан астам уақыттан бері мұхиттағы кемелердің апаты көбіне айдың 13-і, жұма күніне тура келгенін анықтаған.

Ал енді кейбір елдің сенім-нанымында жұма күнге тап келген айдың 13-і жын-шайтандардың ел кезетін күні деп саналады екен. Сондықтан да болар, Батыс елдерінде 13 санын қолданбайтындар баршылық. Яғни осы нанымға сенетіндер 13-ші пәтерді, 13-ші үйді қаламайды, кезекке 13-ші болып тұруды да қатерлі деп санайды. Германия, Швефцария, Скандинавия мен Австрияда сондықтан үйлер мен пәтерлерде бұл сан мүлде жазылмайды, яғни 12-ден кейін бірден 14-ші нөмір көрсетіледі. Тіпті ұшақ салондарында, жолаушылар автобусында, кинотеатрларда, пойыз вагондарында, ауруханада 13 деген орын болмайды. Себебі – жұма айдың 13-не тап келген күні «қара мысық» кірпік қақпай, аяқтан шалатын адам аңдитын көрінеді.

Британияда айдың 13-і күні жедел болмаса, дәрігерлер мүмкіндігінше операция жасамауға тырысады екен. Ал егер айдың 13-і жұма күнге тура келсе, онда тағдыр осылай деп шешті деген сеніммен өлім аузындағы адамға да операция жасалмайды.  

 Бірақ балығы  адамның ниетіне байланысты!  Мысалға мен бұларға сенбеймін! Ең бастысы Ниетің Түзу болсын!!!!!

http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/1266-13.html

мен бұны оқып қоғанмын, рахмет ізденгеніңе..))
13- саны мұсылмандар үшін ешқандай қатері жоқ қалыпты сан. Пайғамбарымыздың туған жылының (571-жыл ) сандарын өзара қосқанда 13- саны шығады екен. Константинопольды ( қазіргі Стамбул )мұсылмандар жаулап алған1453- жылдың да өзара сандарын қосқанда 13- саны шығады екен. Бұл санды содан христиандар жаманға жорып, бірінші соларда осындай сенім пайда болған. Ал бізге,  қазақтарға орыстардан( провославные христиане) келген сенім,біз солардың боданында болдық емес пе? Өз басым, бұл санды жақсы көремін.  Өмірімдегі бірнеше бақытты сөттер осы 13-і  күні болды.
+2 дауыс
Орыстар үшiнғо жаман сан, бiзге еш қатысы жоқ! Қытайда 4 саны жаман мысалы, үшiн! Бiзде ондай сандар жоқ, Құдайға шүкiр! Болғаннан болмағаны артық"
+1 дауыс
Жалпы,христиандар үшін 13 саны жақсы сан емес,ал мұсылмандар үшін бұл санның айтарлықтай маңызы жоқ.Тек математикада жай сан деп қабылдаймыз.Бұл саннның өзіндік тарихы бар.Сол тарихтан білгенімді айтып берейін: Иисус Христос (Иса пайғамбар) қасындағы сенімді адамдары көп болған.Бір күні  сол сенімді адамдарың ішіндегі 13-ші адамы Иса пайғамбарға сатқындық жасап,жауларына ұстап береді.Сондықтан христиандарда 13 санын қатерлі сан болады,Әсіресе олар жұма күні 13 санға тура келсе,жол жүру немесе өздерінің жоспарлап қойған тапсырмаларын кейінге қалдырады.
0 дауыс
Мен өз басым сенбеймін!!!!Сандардан қорқу қателік сияқты!
0 дауыс
13 саны ешқандай қатерлі сан емес
...