+5 дауыс
805 көрілді

"Қазпошта" компаниясының твиттердегі ресми аккаунты қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап беруден бас тартып, оны суахили тілімен салыстырды.

 

 

 

Сәйкесінше, бұндай күтпеген жауапқа қазақ тілді қолданушылар твиттер және фейсбук сияқты әлеуметтік желілерде қарсылық білдіріп жатыр. Қарсылық шарасы ретінде олар осы ақпаратпен әлеуметтік желідегі өз беттерінде жаппай бөлісу жолын таңдап алды. 

 

 

Суреттегі мәтін:

„ҚазПочта“ АҚ мемлекеттік тілде коммуникациядан бас тартты!

Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы ретінде „Қазпошта“ АҚ конституциялық құқықтарымды бұзды. Менің туиттердегі @kazpost аккаунтына жазған мәлімдемеме мемлекеттік тілде ешқандай ақпарат берілмеді. Есесіне құлақтандыру орыс тілінде жазылды. Мемлекеттік тілде ақпарат беру өтінішіме қарамастан, коммуникация басқа тілде жүргізілді, қазақ тілі тіпті суахили тілімен салыстырылып МАЗАҚ етілді!

Осы жайтты елеусіз қалдырмайық, әлеуметтік желілердегі қауыммен бөлісейік. (C) Arystan Patsha

http://www.facebook.com/photo.php?fbid=619353191424773&set=a.297401940286568.91424.100000502939669&type=1

Біздің сайттың қолданушылары да осы үрдістен шет қалмауы үшін осы ақпаратпен бөлісіп отырмыз. Сіздің ойыңызша "Қазпошта" компаниясының бұл әрекеті әрекеті дұрыс па? Бұған кім кінәлі?

Осы ақпаратты кеңінен тарату үшін сұрақтың астындағы бөлісу батырмалары арқылы өз беттеріңізде жариялауға болады. Қазақ тілінің тағдырына немқұрайлы қарамайық. 

8 жауап

+2 дауыс
Менің ойымша, дұрыс емес. Қазақ тілін менсінбегендер бір күні өкінер әлі...
+2 дауыс

Бұнысы несі,өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте деген бар емес па,қазақ тілін қалайша қорлайды,ондайларды сотқа беру керек

+2 дауыс
бұл барып тұрған бассыздық деп ойлаймын,қазпоштаның:"нам теперь каждый твить переводить"дегені несі,мемлекеттік тіл біреу,ол ҚАЗАҚ тілі,қазақ тілін сыйламаса ҚАЗПОШТА деген атынан садаға ....
–2 дауыс
Қарға  қарғаның көзін шұқымайды................................................................................
мұнымен не айтпақ болдыңыз,түсіндіріп өтсеңіз?
ұмытып қалдым
ааахаха Эгоист №1, лишьбы мақалдатқың келді ма? )))
солай сияқты,өзі де мақалдың мағынасын түсінбей қалды-ау дим
ММ)) бар екенсіндер ғо)) Сайттың оң жағында тұрған белсенділердің өздері  кірмейді деп митинг ұйымдастырвацам, ахаха)) Аман болсан болар Бып-бро!
+1 дауыс
Халық қазақша сөйлеседе, орысша сөйлеседе Мемлекеттік органдар сол елдің мемлекеттік тілінде сөйлеуі тейіс! Өйткені ол Мемлекеттікі ғой! Бұндай қорлықты қалай көтереміз?!
+1 дауыс
жаңа ғана 31арнадан қазпошта басшысының кешегі әрекеті үшін кешірім сұрағанын көрсетті,бірақ кешірімді тағы өзі айтқандай "көпке танымал"тілде сұрады,өзі қазақ,қазақ тілін білмейтін қазақтарды кім екен сондай жерлерге басшы қылып қоятын
Кешірім берудің керегі жоқ! Бұл баланың ойыны емес !
Белгісіз
+1 дауыс
Пролетариаттың ұлы көсемі В.И.ЛЕНИН  өз еңбектерінде  қазақтарды  "аборигендер" деп масқара кемсітіп еді, ЕНді тәуелсіздік  алып,20- жыл өткенде өзіміздің шалақазақ  тілімізді суахили деп6 бәрмізді тірідей көрге тығып тастады ғой !!!
Жақсы аға оқытушы, жаман айтып тастапсыз ғой?))
+1 дауыс
Ел бастаған көсемсымақтар қайда?
...