0 дауыс
көсемсөз дегеніміз не? алдын ала рахмет.
12.03.2013 5.8k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Көсемсөз, публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) – әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады.

12.03.2013
Түсіндіре алдым деп ойлаймын?
0 дауыс
Көсемсөз әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғайтын саласы болғандықтан, ол келелі мәселелерді ортаға салып, халыққа ой салуды мақсат етеді. Сондай- ақ көсемсөзді кез келген баспасөз құралдары бетінен көре аламыз бүгінде. Атап айтсақ, көгілдір экранда айтыс, газет беттерінде публицистикалық шығармалар, тіпті, ғаламторда да жалпыға арналған көсемсөздер көптеп кездеседі. Көсемсөзшілер өз ойларын анық жеткізуі үшін ертеректе памфлет, ашық хат, фельетондар жазса, бүгінде мақала, эссе ретінде жазған құнды дүниелері газет- журнал беттерінде жарық көріп жүр.
25.02.2015
0 дауыс
көсемсөз..........
24.10.2016
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,995Қолданушы