Көсемсөз әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғайтын саласы болғандықтан, ол келелі мәселелерді ортаға салып, халыққа ой салуды мақсат етеді. Сондай- ақ көсемсөзді кез келген баспасөз құралдары бетінен көре аламыз бүгінде. Атап айтсақ, көгілдір экранда айтыс, газет беттерінде публицистикалық шығармалар, тіпті, ғаламторда да жалпыға арналған көсемсөздер көптеп кездеседі. Көсемсөзшілер өз ойларын анық жеткізуі үшін ертеректе памфлет, ашық хат, фельетондар жазса, бүгінде мақала, эссе ретінде жазған құнды дүниелері газет- журнал беттерінде жарық көріп жүр.