Өз мүмкіншілігін ақшадан жоғары қою деген, өзінің біліміне, сауаттылығына сеніп, адал еңбегімен сапалы өмір сүру деп түсінемін.Қарапайым мысал: егер сен көп тілді білетін, аса дарынды, өте жақсы мамансың. Саған айлығы жоғары жұмысқа тұру үшін пара берудің, тамыр таныстың керегі жоқ. Сен керек адамсың!!! Сені көптеген жұмыс берушілер таласып тұрып,ең жоғарғы айлық беріп жұмысын істеткізеді.Әзіңе ұнайтын жұмыс, табысты айлық, сенің өмірің сапалы, не ішем не кием, бала шағамды немен асыраймын демейсің ! Бәріне жетеді.Сенің адал еңбекпен тапқан ақшаң өзіңе, жақындарыңа қызмет етеді Ал егер сен осы өзіңнің білімділігіңді, дарыныңды ақшадан төмен қойып , дамытпасаң, ізденбесең,сенің кәсіби сапаң да өспейді. Қоғамға қажетсіз адам боласың деген мағынада айтылған сөздер болуы керек.