+1 дауыс
519 көрілді
Сайтта соңғы кезде сайт ережесіне бағынбай сұрақтар дұрыс қойылмай жатыр. Тағы да ескертемін, сайтта Қазақша әріптермен, БАС ӘРІППЕН емес, Санатын дұрыс таңдар, Тегтерге дұрыс тег жазып сұрақ қоямыз. Сайтта дұрыс емес сұрақтар, Адамның атын жазып істеп берші, Өтініш маған  керек деген, Сәлем сұрақ ішінде деген жазулардың қажеті жоқ. Оны сұрақ туралы толық ішінде жазамыз. Сайтта есеп туралы шығарып берші дегенді тоқтатайық, тек түсінбеген есептердің шығару жолын ғана сұрауға рұқсат. Ал дайын есеп шығарып беретін сайт емес бұл. Сондықтан https://surak.baribar.kz/faq пен https://surak.baribar.kz/Сайт-ережесі қайтадан толық оқып шығамыз.

4 жауап

+1 дауыс
Дұрыс есеп шығару деген көбейіп кетті. Есеп-жауап деген сайт ашып қою керек-ау деймін шамасы
–1 дауыс
Сосын админ болмайтын сурактарды алып тастайык...............................
Егер сұрақ дұрыс қойылатын болса ешқандай сұрақты алып тастамаймыз. Жауапбы алынған сұрақты, ертең басқа қолданушының басына түссе, сол сұрақты іздеп келіп, жауап алып кетеді. Сондықтан дұрыс сұрақ қойып үйренейік. Ескерте кетейін, сайтта қазақша әріптерді оқиды. Қазақша әріптермен жазсаң, риза болатын едім. Болашақта егер латын әріпіне көшетін болсақ, сайтты дамытып осы жазған ақпараттар автоматты түрде латын әріпіне көшетіндей етіп жіберуге болады. Ал Қ орнына К жазатын болсаң, ертеңгі күні сайттың механизімі ол Қ мен К ажырата алмайды. Сол кезде автоматтытүрде ақпаратты латынға ауыстырсақ, дұрыс өзгермей оқылуы қиындауым мүмкін.
Ренжімеңіз орысшаға бауыр басып кеткенмін
0 дауыс
Дұрыс айтасыз сізбен қосылам! Қазіргі таңда сұрақтардың көпшілігі есеп шығару туралы болып кетті жәнеде көптеген сұрақтар бас әріппен және қате жазылған.(қазақтың әріптері (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,) көп кездеспейді, сондықтанда кейбір сұрақтарды түсіну қиын)
Жаным өзіңіз қате жазып тұрсыз Кәзіргі емес Қазіргі
Маған жаным деп жазбайақ қойынызшы.. қазір дұрыстаймын
Қазір )))
)))))))))
)) негізі мен кәзір деп айтып үйреніп қалғанмын сондықтанда қазір деп дұрыс жаза алуым екі талай))) Сізде Сурактарды емес Сұрақтарды деп дұрыстап жазсаңыз
Ең соңғы сөзiңiз қате! Қыйын емес, қиын! Сiздi әуреге салмай, өзiм дұрыстай салайын))
–2 дауыс
Дұрыс айтасыз Админ, сөзсіз қолдаймын. Қолданушылар арасынан боқтайтын,ғайбаттайтын,адамның ар-ұят-ұждан, намысына тиетін сөздер жазатындары біртіндеп көбейіп келеді. Және сұрағына нақты жауап жазылған сұрақтың сілтемесін қойып жаусаңда риза болмайды, ІЗДЕУ МҮМКІНШІЛІГІН пайдаланбайды! Сұрағын жасырсаң жекеге шығып боқтап кететіндеріде бар)))) бәріңізге сәттілік тілеймін, сайтты жандандырып, кең аудиториялы етіп жіберейік, ИншАллах еңбегіміз зая кетпейді деп ойламын! Сайтымыз рейтингтердің жоғарғы сатыларынан көрінсін, бәріміз Админ, Модератор, Редактор, Маман, және сайтымыздағы баға жетпес құнды жазбалармен байытып, біреуге көмегін тигізетін қолданушылар болып бәріміз осы жолда тер төгейік! сөзімді қорытындылай келе "Байсалды, сабырлы, қатал, әділ модератор" болуға тырсытанымды айтқым келеді !!!
...