+7 дауыс
Жаза кетiңшi...ең азы 2-еу ең көбi 10жазыңшы
10.03.2013 8.8k қаралым

8 жауап

+8 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді. Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады. Есек семірсе иесін тебеді. Тауықтың түсіне тары кіреді. Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа. Жығылып жатып қисайғанға күлме. Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы. Қатын қысылса шағынады, Ер қысылса сабылады. Қатын ұшынса қағынады, Ер ұшынса шабылады. Бұқаны көрген бұзау оңа ма?! Байлауы жоқ шешеннен, Үндемеген есті артық. Бәйге алмаған жүйріктен, Белі жуан бесті артық. Соқыр тауыққа бәрі бидай. Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды. Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді. Құнажын көзін сүзбесе, Бұқа бұйдасын үзбейді. Бүркіттің сайрағаны өлгені. Есенің де есесі, есектің де шешесі бар. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты. Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді. Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар, Жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар. Еріншек қатынның етегі жыртық, Ерке қатынның ерні тыртық.
10.03.2013
+3 дауыс
Құтырған ит иесін қабат,

Құтырған тышқан бүркітке шабат.

Ет сасыса тұз себет,

Тұз сасыса не себет?
10.03.2013
ЕТ ТҰЗДАҒАН САЙЫН СІЗДІҢ МАҚАЛЫҢЫЗДЫ АЙТАТЫН БОЛЫППЫН
+1 дауыс
әкесін сабағанды көрдім,арбаға байлап қойып сабағанды бірінші көруім,Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады,Кәрі қыз бала тапса,қоярға жер таппайды
10.03.2013
–1 дауыс

Сасқан уйрек артымен жузеді     . . .  .. . . . . .  .. .  . 

10.03.2013
Жоқ, олай емес! Сасқан үйрек- Майкл Джексон:D
+1 дауыс
Жұрттың байы айды айналып ұшып жүр менің байым үйді айналып құсып жүр.
Тілеп алған байымды ешкі теуіп өлтірді.
11.03.2013
уа хахаха!міне нағыз прикольный мақал-бірінші мақалыңды айтам.әлі күлкімді тыйа алмай отырмын,жарайсың! Ал,енді екінші мақалыңда "Тілеп"алған емес,"Еңіреп тапқан"байымды десең...
БҰЛ ШЫНЫМЕН БОЛҒАН УАҚИҒА КҮЙЕУІМ ҚАТАРЫНАН БЕС КҮНДЕЙ ЖУМЫСҚА БАРМАСТАН ІШІП ТЕЛЕВИЗОРДЫҢ АЛДЫНДА ЖАТАД ШЫДАМЫМ ТАУСЫЛЫП СӨЙЛЕП БАСТАДЫМ АНАНЫҢ БАЙЫ ӘЙТІП АТЫР МЫНАНЫҢ БАЙЫ БИТІП АТЫР СЕНИҢ ЖАТЫСЫҢ НЕ ЖАТЫС СОНДАҒЫ КУЙЕУІМНІҢ АЙТҚАНЫҒО ӨЗІМДЕ ӨЛГЕНШЕ КҮЛДІМ,СӨЙТСЕМ ТЕЛЕВИЗОРДАН ГАГАРИНДІ КӨРСЕТІП ЖАТЫР ЕКЕН
куйеуин жамандауга боламекен::::::::::;;:??,
жамандағаным емес сөз тапқанға қолқа жоқ дегеннің дәлелі ғо жалпы әйелдер сондай халықпызғо осы сен неге ішесің деген сөзден бастайтын
0 дауыс
Жаман ешкі сақалшыл,

Жаман қатын мақалшыл
16.03.2013
хэхэ бир кисилерге тиип кетти ау димда)))
0 дауыс
акылды іс тындырады

ақымақ тіс сындырады
16.03.2013
0 дауыс
құтырған ит иесін қабады
22.11.2015
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,996Қолданушы