+1 дауыс
860 көрілді
Бұл әуенді,кішкентай сінілімді ұйықтатқанда көп айтамын...ыңылдап әрине) бірақ толық білмеймін,естіп те көрген емеспін толығымен...бірақ әні сондай керемет...вообщем мынандай сөздері бар: сағыныштаааан,сағыныштан..или қаздар ұшыыыып,қаздар ұшып..деген қыз бен ұл айтады...өтінемін көмектесіңіздерші,,,Админ..сен жақсы табушы едіңғооой))))))

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл әнді Ақылбек Жеменей мен Айгүл есімді әнші қыз айтады. ЖАст19-дың сілтемесі бойынша өтіп әнді тыңдап тауып алдым. Толықтыра кетейін. Егер ол жерден жүктелмесе мына жерден жүктеп алсаң болады. http://files.gw.kz/tkasm8mbhd.html немесе мынау http://files.gw.kz/5d9hfr8ft3.html

Сөзі мынау, мына жерден алдынды. http://www.olen.kz/content/view/362/6/

Қаздар қайтқанда
 
с. Т.Молдағалиев
ә. Т.Базарбаев

Көк жүзінде барады қаздар қайтып
Күндер солай өтеді шалқып, шалқып

Сағыныш қой
Сағыныш қой
Сарала жапырақтар
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып
Жақсылықтың жолында
Жатқан балқып

Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп
Жанымызды бір кезде күлдіретін

Жазғы бақта
Жазғы бақта
Саулайды жапырақтар
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп
Өз өмірін соңғы рет
Бір жыр етіп

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп
Қара суық хабары тұр естіліп

Қаздар ұшып
Қаздар ұшып
Барады оралмайтын
Қанатына
Көктемді ілестіріп
Қанатына
Көктемді ілестіріп
мені тағы да бір қуанттыңғой Админ,бұл жақсылығыңды қалайда қайтарамынғой)
Егер жауап ұнаса, Сұрақ қоюшы сіз болғандықтан жауапты Жақсы Жауап қылып белгілеп қоя аласыз. Ол үшін суреттегідей істесеңіз жеткілікті. Солай сіз алғыс ретінде, менің баллыма тағы да балл қосасыз.

![description][1]


  [1]:
+7 дауыс
Бұл ән маған да ұнайды.

http://music11.my.mail.ru/file/f3488b594d87173416c339fca7bbb947.mp3
...