Адамның бойы: ол табиғи құбылыс, яғни жаратылыс болмысы. Бойдың өсуі үшін ғана емес, деніміздің сау болуы үшін табиғи жеміс-жидек, көкеніс(сәбіз), спортпен шұғылданып(турник), таза ауада көп серуендеудің пайдасы өте көп. Ал, бойымызға келсек ол бір нәрсені жегеннен өседі деген бос әңгіме, бірақ жоғарыдағы айтқандарды орындау септігі болуы мүмкін. Ертеде ата бабаларымыз үлкен, ірі денелі, бойшаң келген. Неге десеңіз, олар еңбекпен ертелі кеш шұғылданған, құнарлы көк шалғында жайылған малдың етін жеп, сусынын ішіп, техникасыз таза табиғатта, таза ауада дем алған. Кейінйрек заманның залалынан келген жайсыздықтардың әсерінінен адамзат баласы ұсақталып кеткен, әлі ұсақталып, кемшіліктермен өмірге келуде. Адамның нақты бойына тоқталсақ, ол тұқымға, қанға байланысты қалыптасады.