0 дауыс
4.3k көрілді
Мысалы адам күніне суды көп іше берсе, ол салмақ тастай ала ма?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ең тиімдісі ол емханаға барып дәрігермен ақылданқан жолы ең тиімді жолы. Ал мынау интернеттегі кеңестер.

Алдымен Зияны туралы ақпарат:

Профилактикалық медицина қызмет­керлері «тым көп мөлшердегі су ас қо­рытуды нашарлатады, жүрек-қан та­мыр­лары жүйесі мен бүйрекке артық салмақ түсіреді, ағзадағы пайдалы заттардың бүйрек пен тер бездері арқылы сыртқа шығуы ұлғаяды, бұлшық еттердің жұмысы нашарлап, кейде тіпті адамның сіңірі тартылып қалу жағдайлары да кездеседі» дейді. Үнемі шөл қысып тұру әлдебір аурудан, мысалы, сусамырдан хабар береді.

Дегенмен суды аз пайдалану да ағзаның белсенділігін төмендетеді: адамның салмағы азайып, қанның жабысқақтығы ұлғаяды, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, жүрегі айниды. Дені сау адам күніне 1,5-2 литр таза су ішуі тиіс. Ал шаймен, тамақпен қосқанда күніне 3,5 литрдей сұйықтық ішіледі.

Ақпарат көзі. http://alashainasy.kz/interested/28310/

Ал енді салмақ тастау жағына келетін болсақ.

Диетолог мамандардың ойлап тапқан небір диеталары бар. Қысқа не ұзақ мерзімді, жеміс-жидек, шоколад, емдік т.с.с. диеталардың түр-түрі бар. Алуан түрлі диеталардың ішінен пайдалы әрі нақтысын тауып-таңдау өте қиын. Уақыттың тығыздығы немесе кейбір тағамдарды сатып алу мүмкіндігінің болмауынан көптеген қыз-келіншектер өздеріне лайықты диетаны таба алмайды. Мұндай жағдайда диетолог мамандар су диестасын ұсынады.

Су – тіршіліктің басты көзі. Ол микроэлементтер мен пайдалы заттарға толы, ағзадағы зат алмасу процесіне тікелей әсер етеді. Ағзаны тазартып, оны зиянды заттардан қорғайды.

Су диетасы шөл мен аштық арасындағы айырмашылықты аңғаруға жол ашады. Мысалы, адам тамақ алдында бір стакан су ішсе, оның тәбеті төмендейді немесе мүлдем жоғалады. Су ішкен жан астан бас тартуы мүмкін.

Су диетасының тәртібі жеңіл. Таңертең аш қарынға бір стакан су ішіп алу керек. Жарты сағаттан соң, таңғы асты іше беруге болады. Бұл диетада кез келген тағамды шектеусіз пайдалануға болады. Су диетасының ең тиімді тұсы осы. Ал егер қарныңыз ашса, бір стакан су ішіп жіберіңіз. Ұйықтар алдында да бір стакан су ішкен жөн.

Су диетасын ұстау кезінде сақтауға міндетті ақыл-кеңестер мен ережелерге назар аударыңыз:

Су таза күйінде және бір қалыпты температурада болуы керек. Қатты суық су зат алмасу процесін баяулатып, артық салмақтың болуына ықпал етеді.
Суды таза күйінде ішіңіз. Судың орнына шәй, шырын, кофе, шарап, сыра, газдалған су ішуге болмайды. Бұл сусындар су диетасына кері әсер етеді.
Ауқаттанған кезде су ішпеген жөн. Әсіресе, нан тағамдарымен ауқаттанған кезде су ішпеген абзал. Себебі, бұл әрекет артық салмақ қосуға жол ашады.
Су диетасы кезінде бүйрек, қуық пен өт мүшелеріне күш түседі. Сондықтан да, су диетасын 2 апта ғана ұстап, 2 апта демалыстан кейін қайта жалғастыруға болады.
Неғұрлым суды көп мөлшерде пайдаланса, соғұрлым пайдалы заттар шығарылады. Сондықтан да, құрамында натрий мен кальций бар минералды заттарды пайдаланған жөн. Әсіресе, салмағы 60 кг-нан төмен жандар үшін мұны естен шығарманы абзал.
Диетолог мамандар су диетасын жаз мезгілінде ұстауға кеңес береді. Себебі, осы кезде терлеу процесі жиірек болады.

Су диетасы артық салмақ тастаумен қатар, терінің жақсаруына, ішкі мүшелердің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, көңіл-күйдің жоғары болуы мен сергектікке жол ашады.

Ескерту: кез келген диетаны ұстауға бел бумас бұрын өз дәрігеріңіздің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, барлық нұсқау-талаптарды орындаңыз.

Ақпарат көзі. http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/1592

+1 дауыс
Суды көп ішу ағзаға зиян емес ! Ал салмақты су тастағанды көрмеппін ! Жаттығулар жаса диета деген сияқты
0 дауыс
Иә тастай алады мысал ретінде спортсмендер осы әдісті салмақ қууда қолданады ғо
...