0 дауыс
2.6k көрілді
Т.Айбергеновтың мына өлеңін тауып беріңіздерші,соңғы екі жолы осылай аяқталады:
Бірақ менің ішімдегі өз дертім,
Бара жатыр тиген жерін күйдіріп.
Өлеңнің аты қателеспесем Сағыныш болар

1 жауап

+1 дауыс
сағыныш
еи, адамдар, айналайын туғандар,
жалғыз минут тыңдаңдар!
мен сендерге көп болды сыр шертпедім,
шартарапқа жүргеніммен жүз аттап,
бұрын мұндай көрмеп едім ұзақтап.
қазыр түгел көкірегім өрт менің!
бір сағыныш мәңгі-бақи дос еткен
қазыр мені жұлып алды төсектен.
жатыр екен оянсам
көкірегімде астан-кестен басталып,
жастығыма жас тамып!
шырт ұйқымнан жұлмалап
сағындырып оятты үш нәрестем.
иә, кәдімгі ұшан-теніз арманның
ұшындағы үш-ақ түйір тал өскен.
басқа дүние шығып кеткен бәрі стен.
ұзақ жолдан шаршап келгем
жыр жазатын халде емен,
жындандым ба әлде мен?
мұндай түстер бұрын маған енбеген,
онсыз да мен сағыныштан кенде емен.
мұндай халды шерткен бір кез өртене,
жұмағали жырына да сенбегем.
саясында болдым мен сан шынардың,
мен жүз қызға ғашык болған шығармын.
адаммын ғой шын сағыныш тән маған,
бірақ  менің тамды бүгін көз жасым
сол қыздардың біріне де тамбаған.
қазыр  менің ессіз шөлім басталды
еш қайнардан қанбаған...
еи, адамдар, айналайын жыр кені,
менің осы қайнарымнан қанып іш.
әкем өлген кезінде де бұл мені
өртемеген сағыныш!
мен сағынбас әдәмдәрмен дос емен,
сан ағынға келдім, толған кесемен.
жүрмін қазыр көрінгеннің баласын
ұстап сүйіп көшеден.
мен осынау азын-аулақ жасымда
сан заңғарлар төсінен
сан даря кешіп ем.
құштарлығым бермегесін тіпті бой,
бәрі бұдан терең болмай шықты ғой.
ешқашан да менің мынау кеудемде
ешбір теңіз мұншалықты тасқан жоқ.
мен бармаған аспан жоқ,
бәрі мұның биігінен асқан жоқ.
мен осынау азын-аулақ жасымда
жүрегімнің лапылдаған өтімен
сан жолдардан өтіп ем.
сан орманның ұшар басын идырып,
сан тұлпардың құйрығын шарт түйдіріп.
сан жарыққа өз шұғыласын сүйдіріп.
бірақ менің мына мөлдір өз дертім,
бара жатыр тиген жерін күйдіріп...
...