–1 дауыс
Шашты хнамен бояғанда қанша жылға шыдайды,қандай пайдасы бар,ақ шаштың үстінен бояса хнамен,ол көпке яғни 1 жылға шыдайма?
09.03.2013 4.2k қаралым

1 жауап

–1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Мен шашымды қынамен бояғаныма 1 ай болды, әлі өз түсінде(қынаның).

Қына зиянсыз және шашқа пайдалы деп жатыр ғой....түссіз түрлері де бар шашты емдеуге арналған..

Қынамен бояу шашқа зиянсыз әрі пайдалы. Оның пайдасы ерте замандардан-ақ белгілі болған. Өзге химиялық бояулардан айырмасы – құрамында аммиак, оксиданттар, басқа да зиянды заттар жоқ. Қынамен боялған шаштың түсі ұзақ табиғи түс берумен қатар оның сыртқы қабыршақты қабатын бекітеді. Басмамен не қынамен боялған шаш сырт қарағанда бірден байқалады. Себебі шаш жылтырап, әдемі түс беріп, жеңіл таралады. Қына құрамындағы А дәрумені шашты бекітіп, терінің тыныстауына жол ашады. Май бездерінің қызметі жүйеге келіп, шаш түсуін тоқтатады. Әдетте қынамен тек қана ашық қоңыр не қоңыр түсті шаштарды ғана бояуға болады. Химиялық зақымдалған, химиялық бұйра жасалған шашты бояуға болмайды. Қына сіз қалаған түсті бермейді не басқа түс шығады. Қынаны екі айда бір рет қолдану қажеттігін мамандар ескертеді.                 (   http://kaz.classtime.kz/node/1079 )

12.03.2013
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
73,000Қолданушы