Кадір түнін нешеге дейін күту керек?

0 дауыс
62.4k қаралым
Кадір түнін нешеге дейін күту керек?
Салт-дәстүр туралы

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Ассаламу алайкум!Құрметті сайт зияратшылары менің ойымшы меніңше деген жауап болмайды тек дәлелмен болсын.
Қадыр түні

 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Қадыр түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында
Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік. Ал саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбәр әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!» (Ләйләтул-Қадр 1-5).
Аллаһ Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» (Духан, 2-5).

Қатада: «Бұл Түні, келесі жыл істеріның тағдыры жазылады», – деді (“Тәфсир әт-Табәри” 25/65).
Ибн `Аббас (оған Аллаһ разы болсын) былай айтқан: «Аллаһ Тағала Қадыр түні Құранды толығымен және бірден “сақтаулы тақтадан” (ләухул-махфуз), “Ұлылық үйі” деп аталатын орынға түсірді. Ол жұлдыздар бататын жерде орналасқан. Ал бұдан кейін Аллаһ, Құранды Өзінің пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Жәбрейіл періште арқылы, түрлі жағдайларға байланысты, бөлек-бөлек түрде, жиырма үш жыл бойы түсірді» (Қараңыз: “Тәфсир әт-Табәри” 2/144, “әл-Мустәдрак” әл-Хаким 2/530 және “Тәфсир Ибн Кәсир” 4/685. Хабардың сенімділігін имам әл-Хаким, хафиз Ибн Хаджар, шейх әл-Әлбәни мен шейх `Абдул-Қадир әл-Әрнаут растаған).
Шейх әл-Әлбәни былай деді: «Ғалымдардың айтуынша, Ибн `Аббас бұл сөздерді өз атынан айтуы мүмкін емес. Ол бұны пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) естіген, өйткені сахабалар ғойб (көмес, жасырын) істер жайында өз атынан айтпаған» (Тындаңыз: “Силсиләтул-һудә уә-ннур” № 410).
Әнәс ибн Мәлик былай айтқан: «Рамазан келгенде, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Расында, сендерге бұл ай келді! Онда, мың айдан да артық бір түн бар. Сонда кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады. Ал оның игілігінен тек нағыз ғана мақрұм адам айырылып қалады!”, – деді» (Ибн Мджаһ 1/289. Сенімділігін хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз “әс-Силсилә әс-сахиха” 1307).
Қадыр түнінің осылай аталып кеткен себебі, өйткені ол Аллаһ Тағаланың алдында жоғары бір орын алады және басқа түндер мен күндерге қарағанда артықшылығы ерекше, сондай-ақ, бұл түні адамдардың өмір мерзімі мен ризықтарының әрі жыл бойы болатын нырселердің тағдыры жазылады (Қарңыз: “Тәйсирул-Кәрими-Ррахмән” 1017).
Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады» (әт-Таялиси 2545, Ибн Хузәйма 2/223. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2205).
Қадыр түні – ең жақсы түн! Аллаһ Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен!
Хафиз Ибн Ражаб: «Әй, өзінің өмірін ешпайдасыз өткізген адам! Жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін, Қадыр түнін қолданамын. Расында, ол түгел өмірге тең!», – деп айтқан (Қараңыз: “Ләтаифул-мә’ариф” 191).

Қадыр түні, құлшылық етуде ынта білдіру жайында
Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Қадыр түнін, иман келтірген және сауапқа үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, алдыңғы күніларының барлғы кешіріледі» (әл-Бухари 38, Муслим 760).

`Айша пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай сұрағаны хабарланады: «Әй, Аллаһтың елшісі, егер мен Қадыр түнінің келгені туралы білсем, не айтуым керегін айтшы». Ол: «”Әй, Аллаһ, расында Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені керіше гөр!”, – деп айт», – деді (әт-Тирмизи, Ибн Мәджаһ, әл-Хаким. Имам Әбу `Исә әт-Тирмизи, әл-Хаким және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген. Қараңыз: «Сахих әл-джәми’» 4423).


/Аллаһумма иннәка ‘афуун, тухиббул-‘афуә фә‘фу‘әнни/.
Осы хадистерді атап болған соң, хафиз Ибн Ражаб былай айтты: «Суфьян әс-Сәури: “Қадыр түні дұға ету, мен үшін намаз оқудан да сүйіктірек”, – дейтін. Суфьяянның айтпақшы болғаны, көп дұға ету, жиі дұғасы айтылмайтын намаздан да артық. Алайда, егер адам Құранды оқыса, дұғаны да ететін болса, онда әрине бұл жақсырақ. Рамазан айында түнгі намаздарды оқығанда, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды ырғақты оқыған және мейірім туралы аят оқығанда, оны тілейтін, азап жайындағы аят оқыса, одан пана сұрайтын. Осылайша, ол намаз бен Құранды, дұға мен ой салуды бірге жинаған! Бұл, Рамазан айының соңғы он түнінде және басқа түндері жасалатын ең жақсы әрі ең кемел іс болып табылады» (“Ләтаифул-мә’ариф” 204).

Қадыр түні қашан болады?
Қадыр түнінің нақты датасы жөнінде, ғалымдар арасында келіспеушіліктер болған, алайда олардың барлығы Қадыр түнінің, Рамазанның соңғы он түндерінің бірі болып табылатындығында бірауыздан келіскен. Ол туралы пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп хабарлаған: «Қадыр түнін, Рамазанның ақырғы оң тақ түндерінің бірінде күтіңдер!» (әл-Бухари 2017, Муслим 1169).
Имам Әбу `Иса әт-Тирмизи: «Қадыр түні жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші және Рамазанның соңғы түніне сай келіп жүргені, пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен» (Қараңыз “Сунан әт-Тирмизи” 1/372).
Әл-Музәни және Ибн Хузәйма деген имамдар, осы тақырыптағы хабарлардың барлығын жинап: «Қадыр түні әр жыл сайын ауысып тұрады!», – деген (Қараңыз: “Сахих Ибн Хузәйма” 3/329).
Осы пікірді хафиз Ибн Хажар да таңдаған. Ол былай деді: «Ең дұрыс пікір бойынша, ол (Қадыр түні) Рамазанның соңғы оң түндерінің бірі болып табылады, әрі тақ түнге сай келеді. Оның үстіне, бұр тараудағы хадистерден анықталатындай, ол жыл сайын әртүрлі күндерге сай келіп қалады» (Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/326).
Ғалымдардың айтуынша, Қадыр түнінің нақты датасы белгісіз болуының даналығы, мүмкін, мұсылмандардың Рамазан айының, тек сол түнмен ғана шектелмей, түгелдей он күн бойы құлшылықтарын ынта қосып орындасын дегенде шығар.
Аллаһ елшісінің (оғын Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі соңғы он түннің бәрінде де құлшылықтарында қатты тырысқан еді. Бұл туралы `Айша: «Рамазанның соңғы он күні келгенде, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», – деген (әл-Бухари 2024, Муслим 1174).

Қадыр түнінің белгілері жайында
`Убәда ибн Сомиттен, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қадыр түнінің белгілері туралы былай айтқанын жеткізеді: «Қадыр түнінің белгісінен, оның таза және жарық, ал ай ол түні масттанып (жарқырап) тұрғандай болатыны. Бұл түні, таң атпайынша жұлдыздар атуға рұқсат етілмейді. Оның және де бір белгісі: таңертен, күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді» (Ахмад 5/324. Хафиз әл-Хайсәми “Мәджмә’у-ззәуаидте” бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімге ие екенін айтқан, ал хафиз Ибн Кәсир иснадын хасан деп атаған.Қараңыз: “Тәфсир Ибн Кәсир” 4/255).
Шейх Ибн ‘Усәймин: «Ал осы түні иттер мүлдем үрмейді немесе аз үреді деген хабарларға келер болсақ, онда олар шыңдыққа сай емес» , – деп айтқан (Қараңыз: «Шархул-мумти’» 6/499).
Бірақ еш күдіксіз, Рамазанның соңғы он түні, ықыласты түрде және дұрыс кейіпте Аллаһқа құлшылық еткен әрбір мұсылман, Қадыр түні жасалған құлшылық үшін уәде етілген ұлы сыйын алады, тіпті егер ол оның дәл қай түні өтіп кетекенін білмей қалған болса да!
–1 дауыс
Күн саулесі корінгенше.
*
–2 дауыс
негызы менын ойымша куте алганша куту керек, бастысы кутем деген ниет болса болды
127,692 сұрақ
322,287 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы