+5 дауыс
775 көрілді

Құрметті сайт қолданушылары. Сайтта көптеген жекелеген сұрақтар қаптап кетті сайтқа қатысты. Сондықтан негізі бойынша сайттың жағдайына шолып немен айналысып жатқандығым туралы жазып өтсем деп едім.

Осы соңғы кезде сайтты қолданушылар саны артқандықтан сайт тұрған серверден қате көптеп шығып кетті.

Максимальный юзер коннект: Warning: mysql_pconnect() [function.mysql-pconnect]: User 'surakz5_surak' has exceeded the 'max_user_connections' resource (current value: 30) in/home/surakz5/public_html/qa-include/qa-db.php on line 64 

Барлығына таныс қате шығар. Яғни сайт жұмыс істеп тұрғанда сайтта Асықтар, Чат, Іздеу, Ақпарат көру, қолданушы бетіне өту, Дауыс беру, Жауап беру барлығы запрос яғни серверге сұраныс жасайды. Тиісінше олардың барлығы арнайы бір сұраныс жасағандықтан База данных олардың барлығын өңдеп, жауап беріп үлгере алмайды. Себебі хостингте бізден бөлек басқа да сайттар бар. Барлығы көптеген сұраныс сұрағандықтан 'max_user_connections' яғни көп қосылу болып жатыр деп қате шығарады. Оны шешудің жолы жақсы серверге көшу, яғни бір Сұрақ-Жауаптың өзі бір серверде тұрғаны дұрыс. Қазіргі таңда бізге тиімдісі ол виртуалды серверге ауыстыру. Оған дейін сайтты қолдану ыңғайлы болып, қате шыға бермес үшін мен біраз сайттағы мүмкіншілііктерді өшіріп қойып жатырмын, Олар сайтқа салмақ түсіретін Асықтар, Мен Чат, т.б. өшіріп тастап жатырмын. Себебі оның өзі де Мәліметтер қоры яғни База данныхқа салмақ түсіріп жатқандықтан. Оларды мен қазір уақытша қосып қойдым, бірақ алдағы уақытта сайттан әлгі қате шығып ауыр қозғалып жатса оларды уақытша өшіріп қоятын боламын. Мүлдем алып тастадым деген сөз емес, алдағы уақытта жақсы серверге көшсек міндетті түрде қосып қоямын.

 

Сайтта конкурс өткізу жайлы. Менің де сайтта конкурс өткізгім келеді. Бірақ сайттағы қате шыға беру, кері есер етеді ма деп қорқып отырмын. Себебі осы алдағы дүйсенді күні Құдай қаласа ірі компанияның өкілімен кездесейіндеп жатырмыз. Егер ол кісілерге біздің ұсынысымыз ұнаса, біз олардан 1-2 планшед пен 2-3 ұялы телефон алып сайтта үлкен Конкурс өткізетін боламыз. Конкурстың форматын қазір мен қалай өтетіндігін анықтап жатырмын. Не болса да 22-наурызға қатысты болмақ. Қызық болады деген үміттемін.

 

Сайттың сырт келбетін жаңарту. Қазіргі кезде менің басым қатып отыр осы тақырыпта. Себебі сайттың сырт келбетін мына шаблонға ауыстырып қалуымыз мүмкін. Шаблоның түрі мынадай: http://www.tovolt.com/  Тура сол түрде болады деп айта алмаймын, себебі негізі сондай болғанымен өзгерістер енгізіп бізге қарай лайықтайтын боламын. Бұл шаблонның жақсы жері, мобильді телефонмен кіретін болсаңыздар ұялы телефонға лайықталынып өзгеріп шыға келеді. біршама артықшылықтары бар. Соны ойластырып жүрмін, қалай болатындығын.

 

Сайтта бөлісу батырмалары. Ответы Майл.руда сұрақ қойсаңыз немесе Жауап берсеңіз онда автоматты түрде Мирыңызға ақпарат кетіп отырады. Бізде өкінішке орай ондай мүмкіншілік жоқ. Сіздер үшін арнайы әдемі бөлісу батырмаларын істеп қойған болатынбыз. Бірақ бөлісіп жатпағандарыңыз қынжылтады. Өтініп сұраймын, сайттың танымал болуы үшін, достарыңыздың осында келуі үшін, әр саланың мамандары сайтқа жиналуы үшін Бөлісу батырмаларын қолданып отсаңыздар. Сұрақ қойғанда сұрағыңызды автоматты түрде астындағы тым болмағанда Мой Мир мен Фейсбукте тіркелген болсаңыз, Фейсбуктің батырмасын немесе Вконтактенің Нравится батырмасын басып достарыңызбен бөлісе отырсаңыз риза болатын едік. Солай сайтты танымал етуге болады. Ұнаған, пайдалы жауабы бар сұрақтарды да бөлісе отырсаңыздар.

 

Сайтқа ата-аналарыңызды қолдануға шақырсаңыздар. Жақсыбике әпкеміз бен Жақыпбек атамызды мақтан тұтамын. Осы кісілерге қарап қуанамын. Жауаптарын көріп, көпті көрген кісілер деп білемін. Сайтымыздың мақтанышы осы кісілер мен сіздер.

Қазіргі таңда сайтта толық емес, нақты емес деген өкпе реніштерді естіп жатырмын. Ия келісемін ол пікірмен. Сайтымыз еріктілердің негізінде жасап жатыр, Сайттың редакторлық құрамын жасақтай алмай ештенке істей алмаймын бұл тұрғыда. Бірақ сайттың қолданушылар бұл мәселені оңай шешуге болады. Ол өздеріңіздің ата-аналарыңды сайтты қолдануға шақыру. Себебі ең мықты әр сала маманы ол сіздердің - Ата-Аналарыңыз. Біреуінің анасы дәрігер, біреуінің әкесі Заңгер, біреуінің анасы Мұғалім демекші әр саланың мамандары. Сол кісілер сайтты қолданса, жауаптар нақты әрі сапалы болатын еді. Тиісінше қазақша ақпараттар толығып, пайдалы әрі сауапты іс болатын еді. Интернетті қолдана алмаса да қасында отырып, сайтты қолдануды үйретіп немесе қасыңызға отырғызып қойып күніне 10-15 минут уақытын алып білетін сұрақтарын көргізіп, айтып тұрса жауапты өздеріңіз жазып жіберсеңіздер, солай ғана сайтты сапалы әрі пайдалы қылуға болады. Естеріңізде болсын, бұл сайт тек құрал, қалай қолдану өздеріңіздің қолдарыңызда. Ендеше сайтты пайдалы энцикопедиялық пайдалы сайт етейік.

 

Бөлінгенді бөрі жейді. Бірлігіміз нығайса барлығы жақсы болады. Сайтта бір бірімізді күндемей, бір үйдің баласындай тату тәтті сайтты қолдана білейік. Егер мүмкіндік болса Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары деп Бір қалада тұратын қолданушылар бірігіп интернеттен бөлек шынайы өмірде кездесіп тұрсақ қызық болатын еді. Әр қаланың белсендісі өзінің қаласында тұратын сайттың қолданушыларымен кездессе, достарын ерте барса сайттың берекесі келіп, үлкен бір қауым болатын еді. Ал мен өз кезегінде Алматы қаласында тұратын Сайттың қолданушылары кездесуге шақырамын. Бір күнді белгілеп кездессек қалай болады?

 

Сөзімді қорыта келе Құрметті сайттың арулары, апалары, аналары! Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

 

Бағлан Абдраймовтың – Сен қазақсын әнін тыңдай отырыңыздар.

 

Құрметпен Сұрақ-Жауап сайтының ұжымы!

10 жауап

+5 дауыс
Былай істесеші, Админ. Әрбір сұрақтың төменгі бөлігіне былай жазып қойсашы:

"Сұрағыңның ЕСКЕРУСІЗ қалмағанын қалайсың ба? Онда достарыңмен БӨЛІС!" - деп жазып қой " Бөлісу" батырмаларының жанына.
+1 дауыс
Қазіргі келбеті неге ұнамай тұр?..

Өзгеріс жасаған әрқашан дұрыс, келісемін, (маркаттинговый стратегия деп па))))

бірақ қазіргісі де жаман емес, қайта бұрынғыдай жауап жазып 5 минут жарияланғанын күттіп отпайтын болыппыз әйтеуір)) Басқаларына қайтам, қазіргі тұрған қалпы маған ұнады.
дұрыс айтасың. Қайта-қайта өзгеріс енгізе берген де дұрыс емес.Түсінбей қалады көбісі.
+1 дауыс
Админ мырза күшті администратор десе күшті администратор екенсіз! Сіздің Шымкенттік, яғни өз жерлесім болғаныңызға қуанамын!
+1 дауыс
Иә сайтты басқа серверге ауыстыру керек. Ал дизайнына келетін болсақ  осы сайтта сауалнама жүргізіп көрсек қалай болады екен ә?
+1 дауыс
http://www.tovolt.com/ тел.мен кiрiп көрдiм, шынымды айтайын түк ұнаған жоқ, сондықтан дизайн осы қалпында тұрған жақсы ау. Сосын ия мен Мой мир және вконтактемен бөлiсудi түсiнбей жүр ем, ендi бөлiсетiн болам, бұны айтқаныңыз жақсы болды. Жақсы рахмет, толықтырып, ерiнбей жазғаныңыз үшiн! 1. Сiздей админ тұрғанда бұл сайт ЕЩҚАШАН ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТПАЙДЫ деп ойлайм. Сiзге сәттiлiк!
+1 дауыс
Қалайсыз?Чатты қосқаныңызға көөөп рахмеет))

Осы дизайн тура берсін))Тілегіңізге рахмеет!

Пы.Сы;

Неғооо,мына жауап беру батырмалары түсініксіз боп кеткен ба??Баяғы түрі жақсы еді түп түсінікті еді...
+1 дауыс

Ербол,жазған нәрселеріңіздің бәрімен толықтай келісемін.Сайтты танымал ету үшін,оны әлбетте жарнамалау керек.Мен сайтты достарыма кеңес беріп,қолданушылардың одан да екі есе кеңеюіне септігімді тигізе аламын деп ойлаймын."Көп түкірсе көл болады"-дегендей бір адамдай атсалыссақ,сайтымыздың берекесі жоғарылай түсетініне кәміл сенімдімін.Ендеше,сайтымызды жақсартуға атсалысайық!angel

https://surak.baribar.kz/58460/ мынандай визитка жасасаң да болады
0 дауыс
Сіздей адамның осы сайттың админі болғаына қуанамын
0 дауыс
Қайырлы кеш Ербол бүгінгі кездесу қалай болды? Наурыз жайлы қандай ой бар?
Ереке бүгін жолығу сәті түспеді. Ертең баратын болдық кеңселеріне. Ертең белгілі болып қалады.
0 дауыс
Алға!Админ мырза!!!!!!............
...