+13 дауыс
2.1k көрілді
Құрбан айттарыңыз құтты болсын! Айттан айтқа аман есен жете берейік.
Құрметті сайттың қолданушылары сайымызды көрікті ету мақсатында сайттың негізгі түсін көк түске өзгертіп сайтты ретке келтірдік. Сайттың орналасу орындары, таңдалған түстер маған қатты ұнап қалды. Өзім де бұлай істеймін деп ойламадым. Сіздерге де сырт келбеті ұнаған болуы керек деген ойдамын. Қосар ойларыңыз болса егер қажет деп тапсам өзгеріс енгіземін.
Өздеріңіз білесіздер сайтта сұрақ қойғанда қолданушылар білмей Сұрақ қою деген батырманы қайта қайта басқандықтан сұрақ қайталанып ұзағынан кетіп қалады. Енді Сұрақ Қою батырмасын шерткенде Күте тұрыңыз деген жазумен қоса жүктелу шығады. Бұл сұрақты қайта қайта қойылып кетуден қорғау мақсатында. Оны істеп қойдық.
Сұрақ қою тәртібі өзгерді. Енді кезекте сұрақ қойғанда сұрақтың негізгі бөлігін негізгі жеріне, сұрақ туралы толығырақ жерге толық сұрақ туралы және сұраққа қатысты кем дегенде 2 ілмек жазылуын талап етеді. Бұл дегеніміз сұрақтың дұрыс әрі түсінікті көрікті түрде жазылуын қамтамасыз ету мақсатында.
Мысалы: Дұрыс сұрақ қою мақсаты.
Негізгі жері:
Қалай тез арада арықтауға болады?
Толығырақ:
Мен толып кеткен едім. Соған тез арада маған азу қажет еді. Қалай жылдам арықтауға болады.
Ілмектер: Сұраққа қатысты 1 немесе 2 сөйлемнен тұратын сөздер. Үтір арқылы ажыратамыз.
арықтау, қалай азамын, арықтау үшін, азу жолдары
<br>
Бұлардан бөлек сіздерге жаңа жобаны ұсынғалы отырмыз. Қазіргі таңда толық концепциясын дұрыстаудамыз. Дайын болған соң сіздерге сапалы жоба ұсынбақшымыз.
Алдағы уақытта бізбен бірге боласыздар деген үміттемін. Сіздер үшін қолдан келгенше сайтты реттеп жатырмыз. Үлкен рахмет сіздерге. Айттан айтқа жете берейік. Еліміз тыныш, жанұямыз аман болсын!
Құрметпен Серікбай Ербол. СЖ сайтының админі.
Сұрақтың жабылу себебі: Оңай бал жинаудың көрінісін  көрсеткені үшін  жабылды.

1 жауап

0 дауыс
Ұят емес пе, сенің мына мына сұрағың сайт ережесі емес пе? Өз саұрағыңнан басқа сұрақ мүлде жоқ, элитаға қоятын. Осы да сұрақ па? Жағымпаздар жалбақтап пүлістепті, сол саған керек пе?
Жако ағасы осы жазбаңыз бен осылай іс-әрекетіңізді мүлдем түсінбедім?
Бұл жерде мәселе оңай сұрақ қою туралы жазған емеспін, мен қарапайым мысал ретінде қалай дұрыс сұрақ қою керектігін мысал ретінде жазып шыққанмын. Оны алдыңңы бетте ұстап тұрғаным дұрыс сұрақ қоя алмай, ілмектің не екенін ажырата алмай жүрген қолданушылар оқып түсініп алса деп жариялағанмын. 24 сағат бойы сайтта отырып сұрақтарды өңдеп отыру қандай екенін өзіңіз де білесіз. Кейбір қолданушылары ілмек сөздің орнына (,),көмек,өтінемін, қалай, т.б. деп дұрыс ілмек жазбай кетеді. Осы сұрақтарды өңдеп отыру, сұрақтарды бас әріппен жазбағаны үшін өңдеп бас әріппен жазып соңынан ? белгісін қойып отыру қаншалықты шаруа екенін өзіңіз де білесіз. Мәселе жағымпаздану дейсіз, мәселе жағымпаздану немесе т.б. емес, мәселе қолданушыларға қалай дұрыс сұрақ қою керектігін жеткізбек болғаным. Сайтымыздың мақсаты түрлі тақырыпта сұрақ қойып, жауап алу мақсатында ашылған. Сайтымыз блог емес, сондықтан сайтқа қатысты ой, ұсыныс, өзгертулерді сұрақ ретінде қойып жатамын. Қолданушылар өз ойларын жауап ретінде қалдырады. Оның несі айып?
Сайтқа алғаш кірген адам ең алдымен шынымен де балл жинап, өзін көрсеткісі келеді. Бірақ бірте бірте балдың жай ашейін екендігі, оны сайт қолданушылары мойындап қолдан келгенінше көмек беретін жан ретінде танығанда балл деген ашейін оған қолданушлардың көзқарасы маңызды болып өз ортасында сыйлы бола бастайды. Сайтқа алғаш келген қолданушыларды сен балл үшін неге олай етіп жатсың деп сөгудің қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Кейін сайтқа сіңісіп кеткен соң балл деген жайына қалып жатады. Осы сайт арқылы талай жанның онлайн арқылы танысып, офлайнда дос болып, әр қаладан бауыр тауып бұрыннан бірге өскен баладай болып кеткеніне талай мәрте көзім жетті. Солай болып қала  береді де. Осы сайттың алғаш интернетке аяқ басқаннан талай буын қолданушыларды бір бірімен таныстырды, бауыр қылды. Кейбір қолданушылар біраз уақыт сайттан шеттеп қалып жатады. Оның орнына жаңа буын қолданушылар келіп жатыр. Бірақ қалдырған ақпараты келесілерге пайдалы, үнемі қол жетімді ақпарат көзі ретінде қалып жатты.
Менің бұл жазғаным сұрақ емес. Тек мысал болатын. Қалай сұрақ қою керектігін көрсету үшін. Мен элита болсын деп сұрақ қоймаймын, көбіне сайттың техникалық жағымен айналысып отырмын. Түрлі түрлі сайттың проблемаларын шешуді ойластырып отырамын. Одан қалса сұрақтарды өңдеп отыруым бар, одан бөлек жұмысқа орналасқанмын ол жақтың жұмыстарымен айналысуым керек. Уақыт кейде тым тапшы болып кетеді, жаңа -жаңа жақсы жобалар ойымда бар. Оны да іске асырып пайдалы дүине болса екен деймін, құдай қаласа жаз айына қатысты бір жобаны істеп көрсем деген ниеттемін. Ол да пайдалы сайт болмақ. Айта беретін болсам ой көп, одан да ауызбен орақ орғанымша іспен іс-істейін деп уақытымда тиімді пайдаланғым келеді. Айтпесе мен де пендемін, мен де шаршаймын, мен де жабығамын. Мен де ойлаймын, кейде арасында ерінемін, кейде шабыт алып істеп тастағым келеді, кейде кей көзқарастарға көңілім түсіп осы неге мен осыны істеп жатырмын, өйткенше өзіме-өзім уақыт бөліп жұрттың балдары секілді жүрмеймін ба деп ойлап қоямын.....
Админ мырза, маған сіздің осы мінезіңіз ұнамайды. Осымен бірнеше рет байқап қалдым. Жақыпбек ағаға қатысы жоқ, бірақ әрбір үрген итке тас лақтыра береді екенсіз. Сонша ақталғаныңыз не? Әр бір адамның көніліне қарай беру де жақсы қасиет емес, кім сіздің көнілінізге қарап жатыр дейсіз. Шыдамай кеттім бар ғо әрбірден сон))))))
...