0 дауыс
1.5k көрілді
"Красота требует жертв". Осы фраза қандай мағынада айтылған?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
"Красота требует жертв" бұл фразаның қазақша мағынасы "Сұлулық құрбандықты талап етеді"(қыздарға негiзi бұл фраза) Талай теңгеңізді сұлу болу үшін құрбандыққа шалуға тура келеді. Енді қастың бағасына келейік. Қастың татуажы да 5 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты 10 мың теңге, одан сатылап көтеріле береді. Кірпіктің жиегін қарайту да, еріннің жиегін қызарту татуажы да арзан емес – 5 мың мен 10 мың теңгенің аралығында. Сояудай кірпіктерді жапсыру да тегін емес, әрине. Одан жезтырнақтың тырнағындай етіп тырнақ жапсыру да 3 мың теңгенің о жақ, бұ жағына барады. Мұрнын тестіріп, қабағына сырға салу да сәнге еніп келеді. Оның қаншалықты зиян, зиян еместігіне қарап жатқан қыздар жоқ. "Құрбысынан қалмауы керек!". Жанталасып жүріп, соңғы модаға ілесуі керек, әйтеуір. Көзалдыңызда жұтынып тұрған бойжеткеннің тұла бойына бажайлап қарасаңыз, жасанды жапсырманың түр-түрін табасыз. Тіпті айналаңызда сұрықсыз қыз жоқ, бәрі сұлу. Бірі бірінен өтеді. Алайда табиғи, нағыз сұлуды тап басып тану оңай емес. Сұлулық салондары да, пластикалық хирургия жасайтын клиникалар да қызметіңізге дайын. Жарнамалары жер жарады. Әдемі болу үшін қалтасындағы соңғы тиынын санап беретіндер жоқ емес. "Қисық аяққа қызыл кебіс не теңім" дейтіндей емес, бүгінде қамыт аяқты оқтай түзу аяққа айналдырып, жалпақ танауды кішірейтіп, беттегі қып-қызыл дақтарды ыдыратып, секпілді кетіріп, әжімді әдіптеп беретін қызмет орындары бүгінде тастың үстіне шыққан мүктей қаптап кетті. Денсаулыққа зияны болмаса жақсы ғой. Алайда оның тарттырар азабы да аз емес екенін әсемдікке құмар қыз-келіншектер жадыларына жаттап алса дейсің. Алайда жасанды дүниенің уақыт өте келе жанды жараға айналмауына да ешкім кепілдік бермейді. Оны төсін үлкейтіп, әдемілеу үшін силикон салдырам деп бармақ шайнап қалғандардың мұң-зарынан білуге болады. Жуырда ғана ресейлік басылымсиликон салдырған қыздың уақыт өте келе онысы жарылыпкетіп, онкологиялық ауруға душар болғанын жария етті. Осылайша бармақ тістеп қалмасүшін, құрбандыққа бармас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн-ау. Ақ пен қараны айыра алатын, жасандылықты жаны сүймейтін жандар көп. Көзге ұрып тұратын, сатып алған сұлулықтан гөрі "...ай көрінер көзіне" дегендей, табиғи сұлулық тамаша емес пе? Ақпарат көзi http://news.nur.kz/248955.html
қазақшасын сұраған жоқпын
Жауабымды өңдеп қойдым)
Рахмет, Нұреке!
Оқасы жоқ, Мирас!
+2 дауыс
мысалы әдемі көрінуі үшін кейбір қыздар қыстың қақаған суығында жұқа киініп, сандарын жалтыратп жүреді, вот әдемі көрінгенімен өз өзін жертва етівотыр))) Сосын қасты жұлу да болезненның процедура, но ол да красата ғой))
Димеке сөзіңнің жаны бар)+1
Мейрамынмен  Nargiza =)
Звандап құттықтағым келівед, ялдым (себебін өзін білесін:(( )
:)))))))))))))))))))))
Шәәә,ренжідім...(( жіләвәтрм((
Рахмет, Эреке!
0 дауыс
Бұл қазақша айтқанда ӨЗДЕРІҢ КӨРСЕТЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕН СЫЛҚЫМ ҚЫЗДАР ҮЙЛЕНУ ҮШІН НЕМЕСЕ ТӘНДЕРІН САТУ ҮШІН осылай жүредеп ойлаймын.Бұндай қыздарға алдаңба№
Жаман айттыңыз ғой)) Қыздар әдемі болып жүргендері дұрыс ғой, сылқым қыздар барлығы да жеңіл жүрісті деген қатып қалған қағида жоқ)) Асыра сілтемеңіз))
Қыз болмасам да нептемі жақтасып кетіппін ғо)))
Даяна,ықпаш!
Рахмет, Дайана.
...